Жер бетіндегі жануарлар тіршілігі және олардың таралуы
«Құрлық» деп аталатын биоайналымда мекендеушілердің тіршілік етуі алдыңғы айтылып өткендерден ерекшеленеді. Құрлықта тіршілік ету ортасының барлық факторларының кең өзгертулері теңіз немесе тұщы сулардағы тіршілікке қарағанда көбірек байқалады. Климат ерекше мағынаға ие болады жэне ең алдымен оның құрастырушыларының бірі - ауа ылғалдылығы өте маңызды, себебі ол құрлық фаунасының қалыптасуына ықпалын тигізеді. Жер бетіндегі жануарлардың тіршілік етуі жэне таралуының ең басты факторлары ішінде ылғалдылықпен қатар, температура және ауа қозғалысы, күннің сәулесі, өсімдіктер жамылғысы да маңызды орын алады. Басқа биоайналымдарына қарағанда жер бетіндегі жануарлар үшін азық қорының рөлі аса мэнді, ал тіршілік ортасы химизмінің практикалық мағынасы болмайды, егер жергілікті жердегі өнеркәсіптік қалдықтардың ауаға лақтырылуын ескермесек, жер бетіндегі атмосфера барлық жерде бірдей. Өнеркәсіптік қалдықтардың ауаға лақтырылуы жайлы жекелей айтып өтеміз. Ауа ылғалдылығы жер аймақтарының түрлі аудандарында әртүрлі болып келеді. Ауа ылғалдылығының өзгерісі жануарларға түрліше эсер етеді. Тіршілік етулері ылғалдылыққа тэуелді емес кейбір организмдерді есепке алмағанда, басқа жануарларды ылғалсүйгіш - гигрофилді, құрғақтықты сүйгіштерді - ксерофилді деп белуге болады. Ауаның жэне топырақ ылғалдылығы жауын-шашын мөлшерінен тэуелді болады. Сондықтан, жауын-шашынның тірі организмдер үшін ықпалы зор. Сонымен қатар, жауын-шашынның мөлшері дербес фактор болып саналады. Себебі жауын-шашынның түрлері айқын рөл атқарады, мысалы, қар, жауын, нөсер түрлерінің әрқайсысының өзіндік орындары бар. Дэл осылайшы, қар жамылғы түрлері жануарлардың таралуына көп шек қояды жэне ондай жерде азық табу да қиынға соғады. Мысалы, шошақты/кекілді/
бозторғайдың таралуының аудан шекаралары қыстыгүні қысқа қыс жэне қар жамылғысына қатысты солтүстікке қарай кездеспейді. Басқа жағынан алғанда, омбы қар жануарлардың кейбір түрлері (сібір леммингі жэне басқа үсақтары) үшін қыстап шығуға жэне қыс мерзімінде тіпті көбеюге септеседі. Қар үңгірлерінде және тоннельдерде нерпа суықтан жэне оның жауы - ақ аюларда жасырынады. Мүхитқа қарағанда температура жер бетін мекендеушілердің тіршілігінде анағұрлым үлкен рөл атқарады. Оның себебі жер бетіндегі температураның қүбылмалы ауытқуларымен түсіндіріледі. Температура - климаттық жағдайлардың негізгі көрсеткіші. Ол басқа факторларға (ылғалдылық, жауын-шашынға) қарағанда көбіне жер бетін көрнекті түрде көрсетеді. Демек, шілде айының орташа температурасы жаз, қаңтар айының орташа температурасы қыс мезгілдеріне сипаттайды. Теңізбен салыстырғанда организмдерге температура әсері қүрлықта басқа климаттық факторларға Караганда көп болатынын еске түсіреміз. Жануарлардың эрбір түрі өзіне ең қолайлы температураның меншікті диапозонын қалайды, сондықтан сол температура түрлердің температуралық оптимумы деп аталады. Әр текті түрлер үшін температура диапозондарының айырмашылығы көп. Егер температуралық оптимумның шектік мәндерінің аралығы үлкен болса, онда ол жануарлар түрі эвритермді деп саналады. Егер температуралық оптимумның шектік мәндерінің аралығы аз болса және оның өзгерісі тіршілік әрекетін бұзуға экелсе, онда ол жануарлар түрі сенотермді деп саналады. Теңіздегілермен салыстырғанда курлык жануарлардың көбісі эвритермді. Сол эвритермді түрлердің көп бөлігі біркелкі қоңыржай климаттық аймақтарды қоныстайды. Стенотермді жануарлар арасында термофильді немесе политермді (жылусүйгіш) жэне термофобты немесе олиготермді (суықсүйгіш) түрлер кездеседі. Суықсүйгіш жануарларға ақ аю, мускусты койөгіз, Vitrina текті моллюскілер, тундраның жэне таулардың альпілік белдеулеріндегі көптеген шыбын-шіркейлер жатады. Жалпы алғанда суықсүйгіш жануарлар саны салыстырмалы түрде өте аз, себебі салқын аймақтардың фаунасы басқаларына қарағанда анағұрлым жұпыны келеді. Стенотермдік жылусүйгіш түрлер көбірек. Саны жағынан көбірек кездесетін жер тропиктарының фаунасы тек жылусүйгіш түрлерден ғана түзіледі. Оларға түрлердің толық класы, топтары, түқымдары кіреді. Стенотермдік жылу сүйгіш тнпті жануарларға шаяндар, термиттер, рептилиялар, кұстардың ішінде - тотылар, тукандар, колибрилер, сүт қоректі жануарлардың ішінде - керіктер, адамтэріздес маймылдар жэне көптеген басқалар жатады. Сонымен қатар, құрлықта эвритермді түрлер бар. Олардың санының біршама болуына жердегі температураның құбылмалығы септеседі. Эвритермді жануарларға көптеген түрлене алатын жәндіктер жатады, олардың ішінде Bufo bufo сұр қүрбақасы, ал сүт қоректі жануарлардан - түлкі, қасқыр, пума жэне т.б. бар. Температура өзгерісіне шыдамды жануарлар стенотермді түрлерге Караганда анағүрлым кеңірек таралған. Эвритермді түрлердің ареалдары оңтүстіктен солтүстікке созылған бірнеше климаттык аймақтардан қүралады. Мысалы, сүр кұрбақаны алсақ, оның ареалы Солтүстік Африкадан Швецияға дейін кеңістікті қоныстайды. Тіршілік ортасы үшін айтылған факторлардан баска да тағы бір маңызды рөлді жарық атқарады. Бірақтан, өсімдіктерге Караганда жануарлар жарықтан аса тәуелді емес. Ол тәуелділік әйткенмен бар. Ол күндіз жэне түнде тіршілік ететін түрлер үшін маңызды. Мүнда жарықтылық емес, жарықтың өзі көп рөл атқарады. Тропикалық белдікте жарықтың түрақты болуына байланысты, ол қоңыржай белдіктерде ерекше мағынаға ие болады, себебі қоңыржай белдікте күннің үзақтыгы жыл мезгілдеріне сай келеді. ¥зын полярлық күндерде (үзақтығы оның бірнеше апта) ғана шеткері солтүстіктегі жыл құстары балапандарын шығарып және оларды азыктармен қамтамасыз етіп үлгереді, олардың азыгы ретінде шыбын-шіркей қызмет етеді, ал шыбын-шіркей тэулік бойы болады. Жарықтың полярлық күндерде мол болуы онда қоныстайтын көптеген түрлердің тіршілігін үзартады. Қыстың қысқа күндері, тіпті суықсүйгіш құстар үшін ауыр келеді, себебі олардың энергетикалық шығындарын өтейтін азықтар жеткіліксіз болады да, олар оңтүстікке қоныс аударады. Кейбір жануарлар түрлерінің қатары үшін тіршілік ету айналымын реттейтін негізгі факторлардың бірі жарықтың үзақтылығы. Бүл қүбылыс фотопериодизм деп аталады, оны кеңестік зоолог ғалым А. С. Данилевский былай түсіндіреді: осы құбылыс жәндіктердің жыл бойы үрпақтарын дамытуға септеседі дейді, сонымен қатар олардың таралу ареалдарының кеңеюіне мүмкіндік береді. Маңызды климаттық факторлардың біріне жел жатады. Жер шарында желдің үнемі және күшті дауыл түрінде соғып түратын орындары бар, жел көбіне теңіз жэне аралдардың жағалауларында үнемі соғып тұрады. Желдің есебінен шыбын-шіркейлер, көбелектер, ұсак аралар болмайды, бұл жәндіктер тек оған таяу орналасқан материктерде мекендейді. Олардың жоқ болуынан жағалауда олармен қоректенетін жарқанаттар да жоқ болады. Мұхит аралдарында қанатсыз шыбын-шіркейлер кездеседі, жәндіктердің қанаттарының болмауы олардың теңізге таралуын болдырмайды. Сайып келгенде, жел нақтылы мөлшерде осылайша фауна құрамын анықтайды. Субстраттың, яғни топырақ сипаттамасы құрлыктағы жануарлар тіршілінде маңызды рөл атқарады. Топырақ химизмі ғана емес, сонымен қатар оның физикалық қасиеттері де қарастырылады. Топырақтағы тұздардың мөлшеріне қарай жануарлардың таралуы байқалады. Буынаяқтылар топырақтардағы тұз мөлшеріне сезімтал келеді. Мысал, Bledius П тектің қоңыздары, әдеттегідей барылдақ қоңыздар сияқты тек қана тұзды топырақтарда кездеседі. Осындай жануарлар галофильді топқа жатады. Келесі бір түрлер таулы жерге ғана қоныс тебеді. Осындай эк тастарға үйренген жануарлар тұқымдарының мысалына жататын моллюскілер, бақалшақтар ізбесті жартастарды мекендейді. Бірақ, көбіне топырақ химизмі жануарларға азықты өсімдіктер арқылы эсер етеді. Жануарлар тіршілігіндегі азық факторы жалпыға мэлім. Жануарлар гетеротрофты болғандықтан, олар дайын органикалық қоспалардан тұратын өсімдіктер есебінен тіршілік етеді. Құрлықтағы өсімдіктер жэне жануарлардың әр түрлілігі жер бетіндегі экожүйелердің сипаты мен ерекшеліктерін қүрайды. Біріншіден, жер бетіндегі экожүйелерде зоофагтарға қарағанда шөпті қорек ететін жануарлар, яғни фитофагтар басым. Екіншіден, теңіздегідей балдырлармен емес, жануарлар қүрлықта жоғарғы қатардағы өсімдіктермен ғана қоректенеді. Үшіншіден, жер бетіндегі экожүйенің фитофагтары азықтық өсімдік түрлерін іріктей қоректенеді. Оларды стенофагтар дейді. Ал азықтық өсімдік түрлерін аса іріктемейтін жануарларды эврифагтар дейді. Стенофагияның тағы бір шекті түрі, ол өсімдіктің тек бір ғана түрімен қоректенуі болады, ондай жануарларды монофагиялы деп атайды. Ол көбіне мысалы, тұт жібек құртында байқалады. Стенофагия жануарлардың таралуында үлкен мағынаға ие болады, себебі азықты өсімдіктердің таралуына онымен қоректенетін жануарлардың да таралуы өзара тәуелді болып келеді. Екінші жағынан, осы қажетті өсімдіктердің жойылуы оған тәуелді жануарлар түрінің жойылуына әкеп соғады. Жануарлар арасында зоофагты түрлер кездеседі. Олар жыртқыш аңдар және паразиттер. Олардың ішінде стенофагтілері де бар. Зоофагтар үшін, әсіресе жыртқыш аңдар үшін ең алдымен азықтық объектілерінің алмасуы тэн болып келеді. Жануарлардың қоректену ерекшеліктері олардың таралуына ғана емес, сонымен қатар биологиясына, маусымдық қоныс өзгертуге немесе миграциясына эсер етеді. Тіршілік ортасының өте маңызды факторларының біріне өсімдіктер жамылғысы жатады, олардан жануарлардың тіршілік етуі мен таралуы тәуелді болады. Өсімдіктер жамылғысы климат жэне топырақтардың ерекшеліктерімен анықталады. Өсімдік жамылғысы биогеоценозды сипаттайды жэне оның индикаторы болып келеді. Әрбір өсімдік формациясымен белгілі бір жануарлар түрлері өзара сәйкестікті белгілейді. Дэл осылайша, біздің солтүстігіміздегі қылқанды ормандарда тайгаға тән итбүлдірген, қазанақ, жасыл мүктер жэне басқа өсімдіктер де өседі, оған сэйкестікті қүрайтын жануарлар саңырау құрды, сарышымшықты, самыркешті, қайшыауызды, ала тышқанды, бұлғынды, сілеусінді кездестіреміз. Еуропалық жалпақжапырақты ормандары еменнен, шамшат, жөке ағашынан, шетеннен құралған, сондықтан онда ұйқышылдар, көртышқандар, жертесерлер, кірпілер, мейірбан бүғы, кербұғы, орман мысығы, борсық, қырандар (жыланжегіш, ергежейлі), жабайы көгершін, жапалақ, еменмұрын, сарғалдақ, батпақты тасбақа, орман бақасы кездеседі. Далалық жэне шөлдала формацияларға кейбір түрлердің ерекше кешені тән болып келеді. Осыдан, жер шарындағы биоценоздардың таралуы белгілі бір заңдылықтарға бағынады әрі климаттық жэне аймақтық сипаттарына тэуелді болады. Жер бетіндегі тропикалық аймақ айрықша ерекшеленеді, олар екі полярлы жэне екі өтпелі қоңыржай аймақтарын қамтиды. Олардың әрбірінің өзіндік өсімдік формациялары жэне олардан тәуелді жануарлар топтары бар болады. Тропикалық аймақтың биотоптарына гилея, яғни ылғал тропикалық ормандар жатады. Тропикалық ормандардың өсіп жетілуі үшін жыл бойына дерлік жоғары температура қажет жэне ылғалдылық мөлшері жеткілікті болуы керек, температураның маусымдық өзгерісі 8°С аспайтындай жэне орташа жылдық температура мэні 20°С томен емес, жиірек 25-26°С болуы қажет. Экваторға жақын маңдағы ормандардағы температура 35°С жетеді, ал тэуліктік температураның өзгерісі 3-15°С құрайды. Гилеедегі жылдық жауын-шашын мөлшері 2000 мм-ден кем емес. Жоғарғы жэне тұрақты ылғалдылық, тұрақты биік температура, желдің жоқ болу жағдайлары, ең алдымен, өсімдіктердің бірегей кешенін түзеді. Өсімдіктер жыл бойына өнім береді. Экваторлық ормандардағы ағаштардың көпқабаттылығы, эр түрлілігі таң калдырады жэне полидоминанттылығы бар, яғни аз кеңістікте белгілі бір түрдің басымдылығы айқындалмайды. Өзіндік тропикалық ортада жануарлардың айрықша түрлері қоныстанған. Гилей биоценозы жыныстық санының аздығына қарамастан, түрлік жэне тіршілік күйлеріне карай біршама алдыда келеді. Бүл биотоп басқа жердегілермен салыстырғанда осындағы барлык түрлер үшін баспана жэне экологиялык таза аймак болып саналады. Осы ылғал тропиқалық орманды мекендеушілер термофильді жэне гигрофильді деп аталады. Осы тропикалық ормандармен жэне шөлдалалар аралығы саванна деп аталады. Саванналық өсімдіктер фармациясы ыстық климатты, жауын-шашын мезгілдерінің күрғақ маусымдармен алмасуы, мерзімділік жаңбырлы аудандарда байқалады. Саваннадағы ормандардың қалыптасуы үшін су қорлары жеткіліксіз. Ормандардың орнына сояу ағаштар, кейде ағаштардың бөлек топтары калыптасады. Саваннаның сондай түрі оны парк түрінде қабылдауға мүмкіндіктер береді. Созылып жатқан кең далада биік шөптесін өсімдіктер - піл шөптер өседі. Жаңбырлар маусымында саванна жасыл теңіздей болып көрінеді, жауын-шашын көп түседі, температура жоғары, өсімдіктер қаулап қарқынмен өседі. Ал күрғақ маусымдарда ылғал аз түседі және ол буланып үшып кетеді, өсімдіктердің өсіп-өнуі тоқталады, шөптер солып қалады, ал ағаштардан жапырақтар түседі. Осы қүрғақ маусымда саваннада өрттер жиі кездеседі, ол табиғи себептерден болады, кейде шөпті жергілікті тұрғындар өртейді. Саванна Африка жеріне тэн. Ол Сахараның оңтүстік аумағынан Конго бассейніндегі таулар мен ылғал тропикалық ормандар маңына дейінгі көлемді территориями алып жатыр. Ал Азияда Индостан түбегінде және Оңтүстік Американың ылғал тропикалық ормандарының солтүстік жэне оңтүстік ауданын алып жатыр. Бірак, оларды саванна емес, парамо деп атайды. Саванналардың фаунасы айрықша, тіршілігі бай жэне ондағы түрлер әр түрлі болып келеді, соған орай жануарлардың кейбір жүйелі топтарымен де ерекшеленеді. Оның мынадай себептері бар: жауын-шашын түсуінің мерзімділігі жэне ормандардың жоқ болуы жатады. Осындағы жануарлар жылусүйгіш, бірақ стенотермді емес, сонымен қатар, олар оқтын-оқтын құрғақшылықтарға бейімделген. Осыған орай олардың тіршілігінде маусымдық ырғақтық ритмика байқалады, оның ішінде жазғы үзақ ұйқыны айтып өтуге болады. Саваннадағы жануарлар арасында жүгірушілер жэне кеміргіштер басым болады. Біріншілерге, тұяқтылардан басқа, жыртқыш аңдар да жатады. Саваннада жыртқыш сүтқоректілердің жалпы саны көп. Арыстандар мен қабыландар тұяқты жануарларды аулайды, мысық тұқымдастар жэне виверлер ұсақ антилопаларды, кеміргіштерді жэне құстарды ұстайды, гиеналар жэне қорқаулар әлсіз және ауруға шалдыққан жануарларды жиіркенбей жейді жэне өлекселермен қоректенеді. Саваннадағы құстардың ішіндегі жүгірушілер түріне страус, хатшықүс, марабу, дуадақтар, бұлдырықтар жатады. Ағаштарда торғайлар үйірімен ұя салады. Кеміргіштер қатарына тышқан жэне тиін тұқымдастары жатады. Кеміргіштер көбіне жемістермен, үрықтармен және өсімдіктердің түбірлерімен жэне баданаларымен қоректенеді. Кеміргіштер көп болса, тұяқтылар аз жэне керісінше, тұяқтылар көп болса, онда кеміргіштер аз. Саваннада көптеген термиттер илеуі кездеседі, олар үлкен ұялар салады, оның биіктігі кейде 2 м жетеді жэне одан көбірек болады. Тропикалық және қоңыржай аймақтардың шекарасында, материктер ортасында көбіне шөлдалалар орналасады, олар континенттер ауданының 23% алады. Жарты шығыс шарында шөл далаларының белдігі Солтүстік Африкадан (Сахарадан) Аравия, Индостанның батысы, Орта Азия, Қазақстан арқылы Орталық Азияға дейін созылып жатыр. Австралияның орталығындағы шөлдала да осы қатарға қосылады. Оңтүстік Африкада Калахари жэне Намиб шөлдалалары бар, ал жарты батыс шарында Атакама (Чили ), Мохаве шөл далалары жэне т.б. жатыр. Шөл далалар, негізінен алғанда, қүрғақ климаттық белгілердің кешенімен (ылғалдың күшті булануы есебінен жауын-шашын мөлшерінің аздығымен), ауаның температурасының жазда жоғарғы және қыста томен болуымен (Гоби шөлдаласында ауа райының өзгерісі 80-90°С дейін жетеді), топырақтың жоғарғы қабаттарына қажетті ылғалдың жетіспеушілігінен және жерасты суларының тереңде орналасуынан, топырақ бетінің қызып кетуінен, субстраттың өзгеруімен жэне оның тұздылығымен сипатталады. Түрлі шөлдаланың ылғалдылық режимі түрліше болады, біреулерінде жазда жауын-шашын түссе, ал қыста құрғақшылық болады. Басқаларында, керісінше, қыста жауын-шашын түседі, ал жазда қүрғақшылық болады. Кейбір шөлдалада жауын-шашын мезгілдері болмауы мүмкін. Тіпті, мүлдем жауын болмайтын шөлдалада сағым кездеседі. Ылғалдылық режімі түрліше шөлдалаларда жауын-шашынның жылдық мөлшері көбіне 100-200 мм-ден аспайды. Ал Орта Азия және Қазақстанның шөлдалаларында, мысалы, түрлі аудандардағы жауын-шашынның жылдық мөлшері 55 мм-ден 180 ммге дейін жетеді. Шөлдала субстраты сипаты жағынан қүмды, сазды, қиыртасты (гаммадалы), сортаңды жэне т.б. болады. Шөлдаладағы организмдердің тіршілік ету ортасы өте қатал. Осында өсімдіктер сирек кездеседі жэне тұйық жамылғы құрастырмайды. Бұндай өсімдіктер қатарына құрғақ және тікенекті шөптер немесе ұсақ, көбіне тікен жапырақтарты жартылай бұталар мен бұталар жэне шырынды жұмсағы бар суккулентті өсімдіктер (кактустар, опунцилер, сүттіген, сораңдар) жатады. Жаңбырлар маусымы бар шөлдалада біржылдық өсімдіктер - эфемерлер өседі, өте қысқа уақыт ішінде өсіп, жетіліп, тұқымдары пісіп жэне оны шашып үлгереді. Шөлдаладағы жануарлардың көпшілігі ксерофильді жэне эвритермді болып келеді, бірақ олардың температуралық шыдамдылығының шегі болады. Жэндіктер 50-55°С өледі, кесірткелер қызған қүмда 4 мин-тан артық бола алмайды, қосаяқтар 34°С өледі. Қызып кетуден сақтану үшін кейбір жануарлар топыраққа көміледі немесе індерде күні бойы тығылады, басқалары бұталардың бұтақтарын тасалайды. Басқа жағынан алғанда, тасалайтын орындар аз болғанда және сирек бұталардың көлеңкесін іздеу кезінде қызған субстрат жануарларды жылдам жүгіріп қүтылуға мәжбүрлейді. Осындай жануарларға, мысалы, кейбір кеміргіштер (егеуқұйрықтар), ал жәндікжегіштерден секіргіштер жатады. Шапшаң жүйріктердің классикалық үлгісіне қосаяқтарды алуға болады. Олардың артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын келеді. Олардың ұзын құйрықтары артқы аяқтармен жылдам секіру жэне жүгіру кезінде теңгеруші, тепетеңдікті сақтау рөлін атқарады. Қосаяқтар шөлдаланың тіршілігіне бейімделген және судың жетіспеушілігіне керемет шыдамды. Олардың бүйректері аса концентрленген несепті айдайды. Олардың қилары жартылай кепкен, ал тер бездері жоқ болады. Сонымен қатар, қосаяқтар жалпы су ішпейді, олар метаболитті суды қанағат етеді. Жалпы алғанда, ауаның құрғақ жэне судың жоқ болуынан (немесе олардың өте сирек кездесуінен) ондағы организмдер ұзақ уақыт сусыз тіршілік етуге бейімделген. Көптеген жануарлар, эсіресе жәндіктер, мүлдем су ішпейді. Ылғалды олар өсімдіктерден немесе мал азықтарынан алады. Олардағы физиологиялық процестер суды үнемдеуге қызмет жасайды, сонымен қатар, оларда азықтың тотығуы есебінен түзілетін метаболит суды қолдану қабілеті дамыған. Бірқатар жануарлар организмде су қорын жинайды. Ал суды қажет ететін түрлер (мысалы, шілдер) 200-300 км қашықтықтағы су көздеріне немесе қайнарларға ұшып барады. Шөлдаланың кейбір жануарлары ыстық уақытта ең ұзақ ұйқыға кетеді, мысалы, дала тасбақасы немесе саршүнақтар үзіліссіз қыс мезгілін қамтып, 8-9 ай ұйықтайды. Шөлдалада жыртқыш аңдар көп емес жэне олар әдеттегідей ірі болмайды. Оларға фенек түлкілері және қарсақ, құм мысығы жэне манул, қарақал, күзендер жатады. Жалпы алғанда, шөлдала биоценозы аздаған түрлік қүрылымымен жэне қарапайым құрамдылығымен ерекшеленеді. Олар антропикалық әсерлерге өте сезімтал. Шөлдалаларда мұнай жэне газ табылады, жер суаратын каналдар қазылады, су қоймалары жасалады, жолдар салынады. Баяғыдан шөлдалада қой бағатын, аң аулайтын жэне отын дайындайтын. Осындай әрекеттер табиғи кешенді бұзады, ал егер ол ғылыми тұрғыдан негізделмесе, онда өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің жогалуына әкеледі. Нәтижесінде экожүйелер құриды. Шөлдаладағы жануарлар элемін қорғау және оның фаунистикалық кешенінің ерекшелігін сақтау осы замандағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Континенттік климат жағдайында жылдық жауын-шашын мөлшері 200-500 мм болса, онда шөлдала мен орман шекарасы аралықтарында дала болады. Еуразия даласының жолағы Венгрияның шығысынан басталып, Байкал аймағына дейін созылады. Солтүстік Америкада дала аймақтарын - прерия, ал Оңтүстік Американың қоңыржай аймағындағыларды - пампастар деп атайды. Далалардың климаты континенттік, қарама-қайшылықты болады. Жазы ыстық және құрғақ. Біздің далаларда шілдедегі орташа температура 20-23,5°С, қысы өте салқын жэне қар түспейді, кейбір аязды күні - 40°С, ал Жайықтың арғы жағында 50°С-қа жетеді. Далалардағы каштан немесе қара топырақтарда шөп жамылғысы қалың. Ағаш өсімдіктері жазық жерлерде жоқ болады, олар тек дала аймағын басып өтетін су айырықтарында және өзендердің алқаптарында өседі. Жаз кезінде көптеген өсімдіктердің өсіп-өнуі тоқтайды, ал қыс кезінде толық тыныштық орнайды. Біздің далаларда өсімдік жамылғысын бетеге, ақселеу, тамырлы шөптер құрайды. Америкалық прерияларда Евразия даласымен салыстырғанда көгалды аймақтары көп, алуан шөптің түрі өседі, олардың ішінде бетеге, жалбыз, бозшалғын бар. Даладағы хайуанаттар әлемі фитофагтардың көп болуымен сипатталады, кеміргіштер эсіресе, індерде тіршілік ететіндер бар. Оларға суырлар, саршүнақ, сұртышқандар, ал Солтүстік Америкада шалғынды саршұнақтар жатады. Қашанда біздің далаларда түяқты табындар: жабайы аттар - тарпандар, сонымен қатар турлар жэне киіктер болтан. Олардан тек қана киіктер осы күнге жетті, бірақ олар тек Каспий маңындағы жартылай шөлдалаға адамдар әрекетінен ығыстырылған. Америкалық прерияларда бизондар мекендеген, бірақ оларды бүгінгі күні тек үлттық бақтарда ғана көруге болады. Даладағы кеміргіштердің молдығы жыртқыш аңдар үшін жақсы азықтық базаны құрайды. Далада түлкі, күзен, қасқырлар кездеседі. Жыртқыш құстарда - обалар, ителгілер, ұсақ сұңқарлар осы кеміргіштерді аулайды. Сонымен қатар, даладағы жыртқыш аңдар кеміргіштермен қоса көп кездесетін жэндіктерді де жейді. Оларға эр түрлі шегірткелер, қүмырсқалар, жапырақжегіш қоңыздар жэне т.б. жатады. Олардың арасында көптеп көбейетін жэне өсімдіктерді құртатын зиянды түрлері де бар. Дала оңтүстігіндегі жартылай шөлдала болса, ал солтүстігінде аралық аймақ - орманды дала кездеседі. Өсімдіктердің жэне жануарлардың эртүрлілігі орманды далада үлғая түседі, себебі ағаш тұқымдастарына қатысты тіршілік етудің барлық жағдайлары қамтылған. Кейбір ғалымдар орманды даланы дербес ландшафтты зона деп санайды. Ормандар біркелкі қоңыржай аймақтарда дамиды, ондағы жауын-шашынның жылдық мөлшері 300 мм шамадан асады. Оңтүстігінде жауын-шашындардың, ал солтүстігінде температураның арқасында құрғақшылық болмайды жэне вегетациялық периодтың ұзақтығынан орман өсіп жетіледі. Осы себептенде тайга жер шарының солтүстігін жаппай тұтастай қамтыған, ал жапырақты ормандар үзілісті түрге ие болған. Қоңыржай белдеу ормандарының негізгі үш түрі болады: мэңгі жасыл субтропикалық орман, қоңыр күздік жалпақ-жапырақты орман жэне қылқанжапырақты орман (тайга). Қоңыр күздік жалпақжапырақты ормандар қоңыржай температурамен, жазы ыстық емес және қысқы аязы күшті емес облыстарда дамиды, мұндағы маусымдарға теңдей бөлінген жауын-шашын мөлшері жылына 500 мм-ден кем емес. Бұл ормандар ең алдымен теңіз климатына жақын елдерде өсіп жетіледі. Материктердің орталығына қарай бүл ормандар жоғалады. Евразиядагы жалпақжапырақты орман батыс Европадан бірте-бірте тарылған жолақпен Атлантика жағалауынан Оралға дейін созылады, содан соң үлкен үзілісті аралықтан кейін Ресейдің Приморском край жағында, Жапонияда, Корейде, Қытайда қайта жалғасады. Жарты батыс шарында олар АҚШ-тың шығысында орналасқан. Осы ормандардың тектүзуші ағаштарына - емен, жөке ағашы, үйеңкі, шетен, шамшат, сонымен қатар жабайы жеміс ағаштары жатады. Қоңыржай ендіктердің салыстырмалы түрдегі жұмсақ климаты жануарлар түрлілігінің негізгі шарты болып табылады. Бірақ қыс кезінде бұл облыстарда өте суық болғандықтан, жануарлар оңтүстікке қарай қоныс аударады немесе ұзақ ұйқыға немесе диапауза кетеді. Осы аймақ фаунасының құрамы және экологиялық бейнесі барлық жерлерде біркелкі жэне түрлі бөліктерде ағаш жэне жердегі жануарлар түрлерінің, фитофагтар мен жыртқыш аңдардың нақты арақатынасын сақтайды. Тұяқтылардан мұнда мейірбан бұғы жэне үзбара, таукиік, жабайы қабан кездеседі. Қазіргі күндерде зубр тек қана қорықта ғана бар. Ағаш басында ақ тиіндер жэне ұйқышылдар, ал сулы жерлерде әдеттегідей құндыздар кездеседі. Түрлі құстар, әсіресе энші барылдақ торғайлар, бұлбұлдар, таңшымшықтар, сарғалдақтар, көгершіндерден кептерлер көп. Жәндіктердің ішінде көпшілігі әдеттегі жапырақтармен, өскіндермен, түбірлермен және ағаш жемістерімен қоректенетін фитофагтар бар. Мұнда жэндіктер4-473 дің көптеп көбеюі орын алады, бірақ олар компоненттер арасындағы теңдік бұзылмаган табиғи орманда өте сирек болатын қүбылыс Осы сияқты, Еуропаның жэне АҚШ-тың шығысындағы жапырақты ормандар адамдар қатысымен көп қолданыста болғандықтан, жаппай тепе-теңдік қатыстар бұзылған. Оның орнындағы жасанды ормандар тұқымдардың кедейлігімен ерекшеленеді жэне тұрақты күтімді, әсіресе зиянды жәндіктермен үнемі күресуді талап етеді. Ең ірі орман - тайга немесе қылқанжапырақты ормандар шырша тоғайларынан түзіледі, онда самырсындар, қарағайлар, балқарағайлар жэне шыршалар бар. Бүл орман Атлантикадан Тынық мұхиттарына дейін созылыр жатыр. Қылқанжапырақты ормандардың үлкен бөлігі (55%) Евразияда, одан қалғандары Солтүстік Америкада шоғырланған. Оңтүстік жартышарында тайгаға үқсас орман жоқ. Тайганың климаты қатал. Температураның жылдық орташа мөлшері 5°С-ден 0°С-ге дейін өзгереді. Қысқа және салыстырмалы ыстық жаз (шілдедегі орташа температура 13-14°С), ұзаққа созылатын қыс, қары көп, аса салқын аяздар - 30°С жетеді және тіпті 40°С көрсетеді. Ең маңызды факторларының біріне мэңгі тоң мұз жатады, сонымен қатар, ол шығыс Сібір тайгасына тэн белгі болып келеді. Қатал климаттық жағдайлар тайга өсімдіктерінің, жануарлар түрлерінің аздығына алып келеді. Мұндағы аздаған жануарлардың түрлері қысқы ұйқыға кетеді, оларда қысқы азық қорын жасау қабілеттілігі бар жэне морфологиялық қатардың әрекеттерін жасау (тығыз қауырсындану немесе қылшықтық жамылғының өсуі, қыспен бірдей ақ түске боялу жэне т.б.) тэн келеді. Тайганың тұрақты мекендеушілеріне қарабауыр шіл, саңырау құр, сақалды жэне қаршығалық жапалақтар, кукша, балқарағай құсы, клест және қара тоқылдақтар жатады. Тайга жануарларының ішінде бұлғын, орман леммингі, қызыл сұр тышқан бар. Алатышқан жэне ұшқыш ақтиін де осы аймақта тіршілік етеді. Жануарлар қорегі үшін тайганың қылқанжапырақты ағаш тұқымдарының, оның ішінде балқарағай жаңғақтары маңызды орын алады. Олармен балқарағай қүсы, тоқылдақ, ақ тиін, ала тышқан қоректенеді. Бүлғын жэне аюдың рационында жаңғақтар ерекше орында түр. Қылқанжапырақты ағаш жаңғақтарымен қоректенетін құстардың тұмсықтары азық-қорекке қарай бейімделген. Мысалы, клесттің тұмсығы пинцеттәрізді, сығырда ілмектәрізді, балқарағай құсының түмсығы қашаутэрізді болып келеді. Осындай арнаулы тұмсықтар көмегімен құстар ағаштан ағашқа көшіп жем іздеиді. Өнім беру мерзімі құстар санының өзгерістеріне, алыс миграцияларға жэне келімсек (жаңа мекенге қоныстайтын) құстардың пайда болуына әкеледі. Тайгада жидектер мен саңырауқұлақтарды азық ететін жануарлар түрлері көп, оларға аю, бұғылар, ақ тиіндер, тауықтэрізді құстар жатады. Тайгада жаз кезінде қан сорғыш жәндіктер, яғни шіркей мен масалар шығады. Олармен жәндікжегіш құстар азықтанады. Бірақ, осы шіркейлер мен масалардың көп болуы адамдарды есепке алмағанда ірі сүт қоректі жануарлардың тіршілігін қиындатады. Тайганың солтүстігінде орманды жэне бұталы тундра өтетін жолақ жатыр. Евразияның және Солтүстік Американың барлық солтүстігін қамтитын Солтүстік мұзды мұхит жағалауы жэне оның аралдары да тундраға жатады. Солтүстікте және оңтүстікте поляр шеңберімен шектелген полярлық аймақ астрономиялық үзіліссіз жазғы күнмен жэне сондай қысқы түнмен сипатталады. Бұл полярлық аймақ жер шарындағы ең салқын облыстар болып табылады. Тундраның өсімдік жамылғысы көп жылдық өсімдіктерден тұрады, оларға полярлық тал жэне поляр қайыңы жатады, олар ұсақ ит бүлдірген, дриада сияқты бұтатэрізді келеді. Бірақ, көбіне мүк және қынатәрізділер жақсы дамыған. Өсімдік жамылғылары бірбіріне өте ұқсас. Өсімдіктердің тамыр жүйесі мұз тоңның арқасында жерге жақын болады. Негізінен, мұндағы тіршілік жердің тек беткі қабаты атмосфера мен топырақ арасына ғана шоғырланған. Ол мүкті мекендейтіндерге немесе жер қиыршығына талдау жасағанда байқалды, оның көпшілігі омыртқасыздар, әсіресе төменгі сатыдағы жэндіктер, ұзын сирақты масалардың, сауытты кенелердің дәрнэсілі, личинкалары жэне т.б. Жаз кезінде лайшықтардан сансыз қан сорғыштар (гнустар) шығады, тундраның зоомассасының 90%-ын омыртқасыздар қүрайды. Жазда тундра тіршілігі көптеген құстардың, эсіресе оның ішінде суда жүзетіндердің - қаздардың, үйректердің, аққулардың, үйірлі куликтердің келуімен жанданады. Оларға ілесіп келетін жыртқыш аңдар келеді, сондай-ақ ақ жапалақтар, сұңқарлар жэне оларға қорек болатын ұсақ құстар болады. Осы фаунадағы сүтқоректі жануарлардың ең көбі леммингтер, олар жаппай көбею жылдарында келеді. Жаз кезінде олар азықты жеткілікті мөлшерде тауып ала ды, қыста қалың қар астында жолдар салып жасырынады. Оларды ақ түлкілер аулайды. Тундрадағы ең ірі сүтқоректілер қатарына солтүстік бұғылар, ал Солтүстік Америкада оларға қойөгіз жатады. Тундра өмірінде рептилия жэне амфибиялардың аса рөлі жоқ, олар полярлық шеңбердің ар жағында сирек кездеседі, оның ішінде тірідей туатын кесіртке, сібірлік төртсаусақты тритон жэне қүрбақалардың 2 түрі бар. Қыс кезінде тундрада тіршілік ұзақ уақытқа тынып қалады. Тек ақ түлкі мен ақ аю, қойөгіз, ақ қоян, қасқыр, ақ жапалақ жэне ақкіс қана қыстап қалады, ал бүгылардың көпшілігі оңтүстікке ауады. Тундра экожүйесінің құрамдық және құрылымдық қарапайымдылығы арқасында олардың жеке бөліктері арасындағы байланыстарды орнату жеңіл. Бұндай қарапайым қауымдастықта әрбір буынның рөлі арта түседі. Лемингтердің жаппай көбеюі есебінен, ақ түлкілердің және ақ жапалақтардың саны көбейеді, ол өз кезегінде, кеміргіштердің санын азайтады, ал ол буынның соңынан еріп келе жатқан жыртқыш андардың саны төмендейді. Бүл процестердің қайталануы айқын байқалады. Қиыр солтүстікті игерудегі табиғатты қорғау мэселесін шешуді адамдардан талап етіледі, себебі онда өте сирек кездесетін андар көбірек кездеседі (ақ аю, қызыл казарка), ал экожүйесі тіптен өте әлсіз. Тіпті мүдірмейтін тракторлар мен машиналар жүрісі тундра өсімдіктерін жоюға, топырақтардың езілуіне жэне топырақ эрозиясына әкеледі. Биік таудағы тіршілік ортасы өзіндік айрықша ерекшеленген. Мұнда оттектің жетіспеушілігі, тэулік бойына температураның төмендеу шегінің өзгерісі, қарқынды күн радиациясы, ультракүлгін сэулелердің молдығы, күшті желдер болады. Осындай жағдай таулардың орманды аймақтарынан жоғарғы белдеулерінде көп кездеседі. Таулы жоталардың георгафиялық жэне жергілікті жағдайларына қатысты биік тау шекаралары түрлі деңгейде болады, полюстерден экваторға дейін биіктей береді. Ормандардың биіктегі жоғарғы шекаралық деңгейі экватор маңында 3800 м, Гималай тауында - 3600 м, Альпі тауында - 2000 м жуық, ал полярлы Орал тауында - 300 м. Тау баурайларының биіктегі жоғарғы шекаралық деңгейлік мэні бар: биікте үлгілі Кавказ тауы баурайындағы солтүстіктегі орманның жоғарғы шекарасы 1800 м болса, оңтүстікте 2500 м қүрайды. 52 Биік тауларға тән сипаттамалардың бірі - температуралық режим. Жазықтан биіктеген сайын температура біртіндеп кемиді (жергілікті ендіктен эрбір 140-195 м көтерілген сайын ауа райы 1°С төмендейді). Сондықтан альпілік аймақтың жазы қысқа, ал қысы ұзақ жэне суық келеді. Биік таулар аласа бойлы көп жылдық шөптермен (альпілік шабындықпен) немесе жастана өсетін тікенекті бұталар жэне жартылай бұталармен (таулық ксерофиттермен) не таулы далалармен жэне шөлдалалармен жабылған. Өсімдіктер жамылғысы тұйықталмаған: дербес алаңдар ғана көк шөптермен жабылған, олар жартастармен жэне тастақ шөгінділермен бөлектенеді. Альпілік алуан шөптесіндерге сабақтары қысқа ашық гүлді өсімдіктер жатады. Олардың ішінде горечавка, примула, крокус, еңлікгүл бар. Осы аймақта астық шөптердің ерекше түрлері, қопа, табаншөптер көп. Азияның оңтүстігінде бамбуктар да кездеседі. Биік таулардағы түрлері аз хайуанаттар әлемінің өзіндік ерекшелігі бар. Таулардың жоғарғы белдіктеріндегі тіршілік шектеулі. Температура өзгерісі не шыдамды эвритермді түрлер ғана қоныстанған. Сүтқоректі жануарлар ұзын жэне қалың жүндес, ал күстар - тығыз қауырсынданған. Биік тау жануарлары өте ірі келеді (Бергман ережесі бойынша4), аса қысқа мерзімде көбейеді. Тауда оттек жетіспеушілігіне бейімделу олардың қанындагы эритроциттер мөлшерінің артуына жэне жүрек өлшемінің үлгаюына әкеледі. Пойкилотермді жануарларда меланизмге бейімділік жиі кездеседі, яғни тау баурайындагы рептилиялар, көбелектер жэне қоңыздар жазықтағылармен салыстырғанда қою түсті болып келеді. Биік тауларда жүретін жануарлардың көбісі күндіз тіршілік етеді. Жамылғылардың түсі қою болуының пайдалы жақтары да бар, ол ультрафиолетті сәулелерден қоргайды жэне күн энергиясын жұтады Тауда желдің көп болуынан қанатсыз жәндіктер ғана кездеседі. Түяқты жануарлардан таутекелер мен тауешкілер бар, олардың түяғы жіңішке эрі қатты болғандықтан, таудан тасқа оңай секіреді. Биік тауларда жасыл жэне жерасты өсімдіктерімен қоректенетін түрлер жэне сапрофагтар басым келеді. Олардың көбісі талғаусыз қоректенеді. Жәндікжегіш қүстар мүнда тек жазда ғана келеді. Биік 4 Бергман ережесіне сай гомойтермді жануарлардың бірдей түрінде немесе оған туыс тобында суық ареалдардағысы жылы ареалдағыларына қарағанда денелері ірілеу келеді. Бұл өзгерістер жергілікті жердің ендігіне және биіктігіне тығыз байланысты болады. 53 таудағы тіршіліктің қатал шарттарына бейімделгенмен, құстар мен ірі сүтқоректі жануарлар қыстыгүні амалсыздан азық іздеп, төменге түседі. Таулы жоталардың жазықтармен және шұңқырлармен өзіндік бөлінуінен бірыңғай емес аймақ құрайды, сондықтанда мұндағы жануарлардың таралуы аралдағыдай сипат алады. Осыдан, таулы аймақ елдерінде өзіндік эндемитті жануарлар мол жэне олардың саны шектеулі ғана. Осы себептен де биік таулар биоценозы антроптік әсерлерге аса сезімтал келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |