Тєрбие теориясы


– тақырып. Тәрбие процесінің мәні мен мазмұны. Тәрбиенің негізгі заңдылықтары мен принциптері



бет14/24
Дата28.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#133666
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
Лекция

12 – тақырып. Тәрбие процесінің мәні мен мазмұны. Тәрбиенің негізгі заңдылықтары мен принциптері.
Жоспар:
1.Тәрбие процесінің мәні және оның ерекшеліктері
2. Тәрбие процесінің қарама-қайшылықтары мен заңдылықтары.
3. Тәрбиенің принциптері.
Негізгі ұғымдар: диалектикалық процесс, тәрбиенің қарама-қайшылықтары, тәрбиенің заңдылықтары, тәрбиенің принциптері.
Тәрбие – диалектикалық процесс, ал, диалектика дегеніміз- (гр.–пікірлесіп отырамын, талқылап отырамын) – табиғаттың, қоғамның және ой-сана дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. (Пікірден ой туады, пікір қарама-қайшылықсыз болмайды). Сонда қарама-қайшылықтар педагогиалық процестің қозғаушы күші болып саналады. Қ-Қ ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Қайшылық – қандай да болсын дамудың, қозғалыстың ішкі көзін көрсететін категория.

Ішкі қарама-қайшылықтар:

Сыртқы қарама-қайшылықтар:

1. Жеке тұлға қажеттіліктері мен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қ-қ. Осындай келіспеушіліктер адамды алға жетелейді, ұмтылдырады - өзінің тәрбиесін, мінез-құлқын, тәжірибесін молайтады. Осы кезде педагогтың қосары мол. Ол жеке тұлғаның қажеттіліктерін, мақсатын, мүмкіншіліктерін білу қажет.

1. Қоғам мен мектеп арасындағы қ-қ. Мектепте мақсат көзделінген процесс болса, ал қоршаған ортаның әсері стихийялы түрде болады (Мыс., қазіргі жастардың әлеуметтік бейнесі қандай- сол қоршаған ортаға байланысты).

2.Жеке адамның әлеуметтік-мағыналы міндеттері мен оларды орындау мүмкіндіктері арасындағы қ-қ. Қоғамның даму деңгейіне байланысты баланың ой-өрісі соған сәйкес болу керек. Мыс. шығармашылық қабілеті, баланың қызығушылығы. Баланың демалыс уақытын ұйымдастыруға, спортпен шұғылдануға, үйірмелерге қатысуға көп жағдайда отбасының жағдайы, мүмкіндіктері болмайды

2.Мектеп пен отбасы арасындағы қ-қ.

3.Сыртқа ықпалдар мен жеке тұлғаның ішкі ұмтылушылығының арасындағы қ-қ.. Педагог әрдайым тәрбие процесін мақсатты бағытталған процесс екенін ескереді де, ал баланың талап-тілектері, ынта-жігері, ескерусіз қалады.

3. Бұқаралық ақпараттық құралдар арасындағы қ-қ.

Тәрбие процесінің ерекшеліктері.

Заңдылық- құбылыстардың жүйелі түрде өзгеруіне себепші болатын, оның ішкі, мәнді және тұрақты байланысы. Педагогикалық процесте заңдылық дегеніміз – педагогикалық құбылыстар мен процестердің объективті түрде байлыныстылығы. Бұл байланыстар педагогикалық жүйенің қалай іске асуын және пед.процестің нәтижесін көруге көмектеседі. И.Ф.Харламов тәрбие процесін ұйымдастыруға байланысты заңдылықтарды анықтады. П.И.Пидкасистый заңдылықтарға анықтама бергенде, оларды топтастырды. И.П.Подласый, тәрбие процесінің тәжірибесіне сүйене отырып заңдылықтардың байланысын көрсетті. Тәрбие заңдылықтары 3 топқа бөлінеді:


1 топтағы - Объективтік факторлар (фактор – лат. – оқиғаның қозғаушы күші, себебі - қоғамның негізін құрайтын қоғамдық құбылыстар мен процестер. Қоғамның әлеуметтік –экономикалық даму деңгейі. Ол міндетті түрде тәрбиеге әсерін тигізеді. Қоғамның жалпыадамзаттық құндылықтары мен ұлттық мәдени құндылықтары. Субъективтік фактор – осы қоғамда өмір сүретін адамдардың саналы, белсенді іс-әрекеті.
2 топтағы – жеке адамның табиғатына, оның психикалық ерекшеліктеріне (жас және дара ерекшеліктері ескерілу керек. Жеке адамның дамуы тәрбиенің сапасына байланысты және тәуелді. Алуан түрлі тәрбиенің формалары мен құралдарын, әдістерін пайдаланғанда жеке тұлғаның дамуының диагностикасы қарастырылу қажет, тәрбиенің сапасы балалардың даму деңгейіне байланысты. Н.И.Болдырев: «Жеке адам өзінің дамуында әлеуметтік тәжірибені меңгеру ғана емес, оның психикалық іс-әрекетінің сапалық өзгеруінде», былайша айтқанда адамның бойында мінез-құлық пен қасиеттердің жаңа сапасы пайда болуы керек.
3 топтағы – Психолог Рубинштейн: «Жеке тұлға тек іс-әрекет болса ғана дамиды». Жеке адамның тәрбиесі мен дамуы тәрбие процесінің қатысушыларына да байланысты. Олардың бір-бірімен араласуы, қарым-қатынастың мазмұнына байланысты. Педагогтың мінез-құлық стилінің орны ерекше. Тәрбие мен өзін -өзі тәрбиелеу заңдылығы

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1.Тәрбие процесінің заңдылықтары.
2.Тәрбиенің заңдылықтары мен олардың өзара байланысы.
3.Тәрбие процесінің тиімділігі немен айқындалады?
4.Педагогикалық процесс пен тәрбиенің міндеттері.
5.Тәрбие процесіндегі мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасының мәні.
6.Ішкі және сыртқы қарама-қайшылықтардың мәні неде?
7. Тәрбиенің принциптерінің мәні мен мазмұны
Әдебиеттер
1.Педагогика. Курс лекций. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003
2.Вульфов Б. З., Иванов Б.Д. Основа педагогики (в лекциях, в ситуациях, в первоисточниках) Уч. пособие – М., 2004.
3.Ильина Т.А. Педагогика.- М., 2000
4.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 2004
5.Лихачев Б.Т. Философия воспитания. Спец. курс. Уч. пособие- М., 1995
6.Педагогика. Уч. пособие (Под. ред. Т.Н. Пидкасистого- 2010)
7.Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 2010
8.Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 2010




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет