У ұйымдарында ОҚу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет20/34
Дата31.12.2019
өлшемі3,55 Mb.
#53902
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34













8. ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖАН БАСЫНА БӨЛІНЕТІН НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – БДМБ) 2019 жылы апробациялаудың оң қорытындысы бойынша барлық қала мектептерінде жан басына қаржыландыруды енгізу процесін аяқтау көзделген.

Орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру мектептерді ондағы білім алушылардың санына қарай қаржыландыру тетігі болып табылады және балалардың МЖМБС-ның бірыңғай талаптарына сәйкес орта білім алуына базалық шығыстарды теңестіруге бағытталған. Жан басына қаржыландыру жағдайында мемлекеттік шығыстарды жоспарлау бірлігі мектеп емес, білім алушы болады.

Қазақстанда жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу қажеттілігіне мынадай қажеттіліктер себеп болды:

- балалардың МЖМБС талаптарына сәйкес орта білім алуына базалық шығыстарды анықтауға бірыңғай тәсілдемені қалыптастыру;

- өңірлер бойынша орта білім беруге базалық шығыстарды теңестіру;

- мемлекеттік шығыстарды мектепке емес, білім алушы басына жоспарлау;

- мектептер арасындағы бәсекелестікті дамыту арқылы білім сапасын арттыру;

- мектептерге қаржылық дербестік беру және менеджмент деңгейін көтеру, шешімдер қабылдауда ашықтықты қамтамасыз ету;

- бюджет қаражатын ашық және әділ жұмсау;

- мектептердің педагог қызметкерлеріне сараланған еңбекақы төлеу (лауазымдық жалақы және нәтижелері үшін ынталандыру қосымша ақылар).

Жан басына қаржыландырудың мақсаты – мектептердің педагогикалық әлеуетінің рөлін күшейту және материалдық-техникалық базасын дамыту есебінен білім беру сапасын жоғарылату.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі шығыстардың мына түрлерін қамтиды:



  • қызметкерлерге еңбекақы төлеу, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеу және салық пен басқа да міндетті төлемдер бойынша жұмыс берушінің жарналарын;

  • білім беру процесіне қатыстырылған қызметкерлерге сыйлықақы беру;

  • білім беру процесімен байланысты шығыстар (мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығымен бекітілген арнайы білім беру ұйымдарын Жарақтандыру нормаларына сәйкес баспа және экранды-дыбыстық құралдарды, техникалық оқыту құралдарын, оқу-көрнекі құралдарын, демонстрациялық құралдарды, мектеп жиһазын, спорттық құрал-саймандар мен жабдықтарды, үлестіру және бақылау - өлшеу аспаптарын, музыкалық аспаптарды, көркемөнер материалдарын, білім алушы керек-жарақтарын, қабырғаға ілінетін планшеттерді, үлестіру материалдарын, гербарийлерді, топтамаларды, нақпішіндерді, онлайн сабақтар өткізу және жобаларды визуалдау үшін бағдарламалық жасақтамаларды, әдістемелік қорды, сондай-ақ бланкілерді, табельдерді, сынып журналдары мен борды сатып алу);

  • коммуналдық шығыстар;

  • пошта және телефон байланысы қызметіне, интернет қызметіне ақы төлеуге арналған шығыстар;

  • ғимараттарды, құрылыстарды, техникалық жабдықтарды, компьютерлік және кеңсе техникасын, интерактивті жүйелерді ағымдағы жөндеуді жүргізуге, ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстар;

  • білім беру процесінде қолданылмайтын тауарларды, оның ішінде жуғыш құралдарды, шаруашылық тауарлары мен құрал-саймандарды, құрылыс тауарларын, кеңсе тауарларын, дезинфекциялаушы құралдарды, жұмсақ құрал-саймандар мен ыдыс-аяқты сатып алу;

  • білім алушыларды немесе тәрбиеленушілерді ғылыми, спорттық, шығармашылық және зияткерлік сайыстар мен іс-шараларға дайындаумен және қатыстырумен байланысты шығыстар (сахналық костюмдерді, мектеп командасы үшін спорттық форманы сатып алу, білім алушыларды іс-шараның өткізілу орнына жеткізу және кері қайтару жолын, қатысу үшін жарналарды төлеу, ғылыми жобаларға макеттерді дайындау және басқалар);

  • күрделі шығыстар;

  • банктік (қаржылық) қызметтерге ақы төлеу.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру еңбекақы төлеудің жаңа нысаны емес, бұл мектептерге білім беру процесін іске асыру үшін бюджет қаражатын бөлу тетігі болып табылады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеу саласындағы барлық кепілдіктер сақталады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы есептеу және төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің мөлшері (яғни, 1 білім алушыны оқыту құны) бір күнтізбелік жылға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінің негізінде есептеледі.

Жан басына шаққандағы норматив мыналар бойынша ажыратылады:


  • білім беру деңгейіне қарай (1-4-сыныптар, 5-9-сыныптар, 10-11- сыныптар);

  • білім беру бағдарламаларына қарай (жалпы білім беретін бағдарламалар, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылар үшін түзету бағдарламалары);

  • мектептің орналасуына қарай (қалалық/ауылдық жер);

  • оқыту орнына қарай (жалпы білім беретін сыныпта, үйде оқыту, жалпы білім беретін сыныпта ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту).

Жан басына шаққандағы нормативті және мектептерді қаржыландырудың жалпы көлемін есептеу кезінде мыналар ескеріледі:

– мектеп қызметкерлерінің еңбек жағдайлары үшін қолданылатын барлық қосымша ақылар мен үстеме ақылар;



  • қалалық (24 адам) және ауылдық (20 адам) жалпы білім беретін мектептердегі сыныптардың; арнайы (түзету) сыныптардағы – 12 білім алушының нормативтік толықтырылуы.

Жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері мен жергілікті атқару органдарының сыныптар бөлінісіндегі білім алушылардың саны туралы деректердің негізінде нақты орташа жылдық контингентке байланысты түзету коэффициентін қолданумен жан басына шаққандағы нормативті орташа жылдық контингентке көбейту арқылы әр пилоттық мектепте жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға қаражаттың жалпы көлемін есептеу жүргізіледі.

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың енгізілуін сүйемелдеу және мониторингілеу қызметтерін «Қаржы орталығы» АҚ көрсетеді.

Орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды апробациялау 2013 жылғы 1 қыркүйекте республиканың 4 облысындағы 50 пилоттық мектепте (Алматы (4 мектеп), Ақтөбе (15 мектеп), Шығыс Қазақстан (12 мектеп) және Оңтүстік Қазақстан облысы (19 мектеп) басталды. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап апробацияға қатысушылар қатары Ақмола облысынан тағы 13 мектеппен толықтырылды. 2017 жылдың қаңтарынан бастап пилоттық жобаға Нұр-Сұлтан қ. 5 мектеп және Алматы қ. 5 мектеп қосымша енгізілді.

Пилоттық орта білім беру ұйымдарындағы 2016-2017 оқу жылының қорытындыларын жан басына нормативтік қаржыландыруды апробациялау кезеңі басталған кездегімен салыстырмалы талдау мынаны көрсетті.

2016-2017 оқу жылында пилоттық мектептерде біліктілігін арттырған қызметкерлер саны екі есеге дерлік көбейді (2514 адам).

Пилоттық мектептерде жоғары, бірінші және екінші санатты педагог қызметкерлердің үлесі 76%-ға дейін өсті (2012-2013 оқу жылы бұл көрсеткіш 58% болған).

2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда балалардың дамуына арналған үйірмелер мен секциялардың саны 2,2 есеге көбейді (бұрын – 780, енді -1734).

Егер 2012-2013 оқу жылында 445 бірлік білім алушылар үшін танымдық және өнегелі іс-шаралар, оқытушылар үшін тренингтер өткізілген болса, 2016-2017 оқу жылында бұл көрсеткіш 636 бірлікке жеткізілді.

2016-2017 оқу жылында пилоттық мектептердің педагогтері басып шығарған әдістемелік құралдар мен өзге жарияланымдар саны 2,5 еседен аса көбейіп, 3208 құрады.

2016-2017 оқу жылында байқауларға және сайыстарға қатысушы-жеңімпаздардың, жүлдегерлердің, лауреаттардың үлесі де 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда жоғары.

Пилоттық мектептердегі ҰБТ-ның орташа көрсеткіші соңғы төрт оқу жылында 71-ден 75,9 балға жоғарылады.

Пилоттық мектептердегі педагог қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2016-2017 оқу жылы 82 мың теңгені құрады.

122-кесте. Пилоттық орта білім беру ұйымдарындағы 2016-2017 оқу жылының қорытындыларын жан басына нормативтік қаржыландыруды апробациялау кезеңі басталған кездегімен салыстырмалы талдау




Көрсеткіштің атауы

2012-2013

оқу жылы

2016-2017

оқу жылы

221

Біліктілігін арттырған қызметкерлер

21%

35,2%

222

Санаттары бар педагог қызметкерлердің үлесі

58%

75,7%

333

Мектепте құрылған және жұмыс істейтін балаларға арналған үйірмелер мен секциялар саны

780

1734

444

Білім алушылар үшін өткізілген танымдық және өнегелі іс-шаралар мен мұғалімдер үшін өткізілген тренингтер саны

445

636

555

Педагогикалық қызметкерлер басып шығарған (газеттерде, конференциялар жинақтарында, оқу журналдарында, мектеп сайтында) жарияланымдар, әдістемелік құралдар (жинақтар, брошюралар, электрондық құралдар) саны

1251

3208

666

Байқауларға және сайыстарға (спорттық, пәндік, ғылыми, интеллектуалдық) қатысушы-жеңімпаздардың, жүлдегерлердің, лауреаттардың үлесі

17%

17,2%

777

ҰБТ-ның орташа көрсеткіші (балдар)

71

75,9

888

Педагогтердің орташа айлық жалақысы (мың теңге)

72

82

Орта білім беру саласын ырықтандыру шеңберінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына толықтырулар енгізілді. Оларға сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын жеке меншік мектептерде орналастыруға мүмкіндік пайда болды.

Сонымен қатар, жеке меншік мектептердің жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемінде алынған бюджет қаражатын өз бетінше жұмсау құқығы бекітілді.

Орта білім берудегі жекеменшік сектордың дамуы үшін маңызды элемент жан басына шаққандағы нормативтің құрамына ғимараттың амортизациясына, әрбір жаңадан енгізілген білім алушы орны үшін шығыстарды қосу болып табылады, ал бұл жаңа жеке меншік мектептердің салынуына түрткі болады.

Бұл қадам жеке меншік мектептер желісінің дамуына себеп болып, шамадан тыс толы мемлекеттік мектептердің жүгін біраз азайтып, білім алушы орнының тапшылығын төмендетеді.

Жоғарыда атап көрсетілген шаралар мемлекеттік мектептердің жоспарлы түрде дамуына, орта білім беруге жеке капиталды тартуға септігін тигізеді, бұл, өз кезегінде, мынадай нәтижелерге әкеледі:

- орта білім берудегі МЖК-ның дамуы (жеке инвесторларды тарту, оның ішінде жаңа мектептердің құрылысына);

- білім алушылар орны тапшылығының төмендеуі;

- үш ауысымды және апатты мектептердің жойылуы.

Осылайша, жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру қазақстандық білім беру жүйесін жетілдіруге, білім беру қызметтерінің қолжетімділігін және сапасын арттыруға сүбелі үлес қосу болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет