У ұйымдарында ОҚу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет19/34
Дата31.12.2019
өлшемі3,55 Mb.
#53902
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34



7. Орта мектепте құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстың ерекшеліктері


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады және оны мектеп қабырғасынан қалыптастыру қажет. Сондықтан бала кезден бастап Отанға деген сүйіспеншілікті, қоршаған орта мен салт-дәстүрлерге деген құрметті, білім мен еңбекке деген ұмтылысты, әдептілік пен адалдықты дарыту керек.

Білім алушыларға академиялық адалдық, оқудағы адалдық және өзінің мінез-құлқына жеке жауапкершілік принциптерін дарыту қажет. Оқушыларға академиялық адалдықтың кез келген тәртіп бұзушылықтарын (емтихан, тест, бақылау жұмыстары, рефераттар және т.б. жазу кезінде сыртқы көмекті пайдалану әрекеті) ұғыну қажеттігін сендіруді дарыту.

Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие оқу бағдарламаларына, сонымен қатар сыныптан тыс, жалпы мектептік іс-шараларға: акциялар, оқушылар конференциясы, дөңгелек үстел, диспуттар және т.б. сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру элементтерін қосу арқылы жүзеге асырылады. Бұл жұмыс түрі оқушылардың сыбайлас жемқорлықты теріс қабылдауын қалыптастырады және сыбайлас жемқорлық көріністеріне белсенді түрде қарсы тұру қабілетін дамытады.

Орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері үшін «Транспаренсия Қазақстан» қоғамдық қоры мен Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі дайындаған «Оқушыларға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім» әдістемелік құралы ұсынылады.

Сынып сағаттары мен факультативтік сабақтар аясында тоқсанына бір рет білім алушыларға: "Сыбайлас жемқорлық – қоғамға қарсы құбылыс", "Сыбайлас жемқорлықтың тарихи тамыры", "Сыбайлас жемқорлықтың дамуына әсер ететін себептер мен факторлар", "Адам құқығы және сыбайлас жемқорлық" (Астана, 2014г., с.122) тақырыптары ұсынылады.

Тәрбие және білім беру процесі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың негізі болып табылады. Мұнда басты рөл отбасы мен білім беру саласына бөлінген. Әрбір ата-ана, әрбір мұғалім балалар үшін лайықты үлгі болуға, шынайы құндылықтарды таңдауға көмектесуге тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу моделі «Заң», «Әділдік», «Тең құқылық» сияқты іргелі ұғымдардың айналасында құрылуы тиіс.

Өскелең ұрпақ үшін таза және адал еңбек табыстылықтың, жоғары жетістіктердің, білім мен материалдық игіліктің басты өлшемі болуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және басқа да мәдениеттердің негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін білдіреді. Бағалау функциясы жеке тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қатынасын анықтайды. Оның көмегімен мораль мен этикалық кодекстерге, құқық пен заңнамаға, құқық қорғау органдарына, азаматтық қоғамға, борышқа, айналасындағылардың да, өзінің де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына деген қатынасы бағаланады.

Халықаралық және бағдарламалық құжаттар білім алушыларда құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзектілігін көрсетеді:


  • БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы • 2003 ж. 31 қазан.

  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы.

    • Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы.

  • ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың мемлекеттік органдардың басшыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сөйлеген сөзі (7 күн) 20 мамыр 2019 жыл.

    • «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу арқылы қол жеткізуге болады. Елбасы айтқандай: «Мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы біртұтас майдан болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлық - құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімге нұқсан келтіреді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді».

Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру:

- сыбайлас жемқорлықты тануды үйрену (сондай-ақ оны басқа қылмыс түрлерінен ажырату);

- сыбайлас жемқорлық неге жамандық болып табылады деген дәлелдерді ұсыну;

- сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мүмкіндігін көрсету.

Мектеп жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеудің міндеті білім алушылардың азаматтық ұстанымы ретінде сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті бекіту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тұрақты иммунитетті қалыптастыру, көпшілік алдында жариялау болып табылады.

7.2 Білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлау мен мәдениетті қалыптастыру бойынша компонентті оқу пәндері бойынша жаңартылған мазмұнның үлгілік оқу бағдарламаларына біріктіру

Төменде берілген оқу пәндері бойынша оқу мақсаттарының тақырыпшалары, жаңартылған білім мазмұнындағы Үлгілік оқу бағдарламаларының бөлімдері мен бөлімшелері білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру компонентінен тұрады:

1. «Дүниетану» – 1-4-сыныптар;

2. «Өзін-өзі тану» – 1-4-сыныптар;

3. «Қазақ тілі» – 5-11-сыныптар;

4. «Құқық негіздері» – 9-11-сынып;

5.«Қазақстан тарихы» – 6, 9 -11-сыныптар;

6. «Дүниежүзі тарихы» – 10-11-сыныптар;

7. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»10-11-сыныптар.

Бастауыш білім берудің оқу пәндері арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Бастауыш білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы барлық Үлгілік оқу бағдарламаларында «Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына ықпал етеді» деген тармақ бар. Бұл құндылықтар білім алушының мінез-құлқын және күнделікті қызметін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдар болуы керек.

1-4-сыныптарға арналған «Дүниетану» пәнін оқытудың міндеттерінің бірі білім алушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіне дағдыландыру болып табылады.

Пән бойынша оқу бағдарламасының 1.1 Мен және менің отбасым бөлімшесінде 1.1.1.5 тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау; 2.1.1.4 бақылау мен сауалнама негізінде тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, олардың түсу көзін анықтау; 1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру; 2.1.1.3 түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау; 3.1.1.4 өз шығындарын жоспарлау және негіздеу; 4.1.1.3 отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстарын талдау; 4.1.1.4 отбасы бюджетін оңтайландыру жолдарын ұсыну оқу мақсаттары;

1.5 Құқық және міндет бөлімшесінде 2.1.5.1 өз өмірінен мысалдар келтіру негізінде құқықты, міндетті және жауапкершілікті ажырату; 2.1.5.2 қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңызын түсіндіру; 3.1.5.1 Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызын түсіндіру; 4.1.5.1 Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытындылар жасау; 4.1.5.2 Қазақстан Республикасының азаматы ретінде демократиялық құқықтары, бостандықтары, міндеттерінен мысалдар келтіру деген оқу мақсаттары оқытылады.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процесінің негізгі міндеттері: әрбір адамның табиғатына қаланған жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау; қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің практикалық дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру; адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысы ескерілген оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, адамгершілік мінез-құлық негіздерін қалыптастыру болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген міндеттердің «Өзін-өзі тану» бойынша
1-сыныпқа арналған білім мазмұнында көрініс табуы.
112-кесте.«Өзін-өзі тану» бойынша 1-сыныпқа арналған білім мазмұны


Тараулардың атауы

Сабақтардың тақырыбы

Мазмұндық негізі

I. Ғасырлар даналығы

Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!


Адалдық адамның маңызды қасиеті ретінде. Шындықты айту оңай, ал өтірік айту қиын.

Ақиқат- барлық адамдарды біріктіруші бастау.



Тәртіп пен парыз

«Тәртіп» және «парыз» ұғымдарының мағынасы.

Бес «Т»: тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.



Өзіңмен үйлесімді

өмір сүру!



Ар-ұжданыңа құлақ қой.

Адамзаттың рухани ұстаздары ар-ұждан туралы.



113-кесте.«Өзін-өзі тану» бойынша 2-сыныпқа арналған білім мазмұны




Тараулардың атауы

Сабақтардың тақырыбы

Мазмұндық негізі

I. Ғасырлар даналығы

Ұлы Абайдың даналығы

Жалпыадамзаттық құндылықтар Абай ілімінің негізі ретінде.

II. Тату отбасы

Адал және ақкөңіл болу

Адалдық адамның құндылықты қасиеті ретінде. Жағымды ойлау.

III. Адам болам десеңіз

Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз

Адамдарға ықыласпен қарау.

IV. Қандай ғажап бұл әлем!

Біз өсіп жатқан өлке

Отанға адалдық. Біздің еліміздің бүгінгі күніне моральдық жауапкершілік.

114-кесте.«Өзін-өзі тану» бойынша 3-сыныпқа арналған білім мазмұны




Тараулардың атауы

Сабақтардың тақырыбы

Мазмұндық негізі

I. Ғасырлар даналығы

Жалпыадамзаттық құндылықтарды зерделейміз

Адамзат тарихындағы өзін-өзі тану. Жалпыадамзаттық құндылықтар адамзат мәдениетінің рухани-адамгершілік негізі ретінде

III. Адам болам десеңіз

Өз еліңнің патриоты болу

Патриот. Патриотизм. Патриоттың әрекеттері мен істері.

115-кесте.«Өзін-өзі тану» бойынша 4-сыныпқа арналған білім мазмұны

Тараулардың атауы

Сабақтардың тақырыбы

Мазмұндық негізі

I. Ғасырлар даналығы

Адам бол!

Адам болу деген не?

Адамның мінезі.



II. Тату отбасы

Ардақты ат


Жақсы іс адамның ардақты атының негізі ретінде. Өзіңе және басқаларға құрметпен қарау. Адамның адамгершілігі.

III. Адам болам десеңіз


Ар-ұждан ғылымы

Ар-ұждан адамның адамгершілік бағдары ретінде. Адалдық, әділеттілік, ашықтық ар-ұжданға сәйкес өмір сүрудің мүмкіндігі ретінде. Адамның адамгершілік санасы.

Мен азаматпын!

Азамат. Азаматтық парыз. Азаматтық сезім. Отанға қызмет ету.



Негізгі орта білім берудің оқу пәндері арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
116- кесте. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған
«Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасындағы тақырыптар (оқыту қазақ тілінде)



1. Жасөспірім және заң.


Тыңдалым және айтылым

8.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау

Оқылым

8.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану:

комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу;

8.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау


Жазылым

8.3.1.1 тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру;

8.3. 4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)



2. Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары.


Тыңдалым және айтылым

8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;

8.1.5.1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау



Оқылым

8.2.1.1 тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру;

8.2.5.1 перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру



Жазылым

8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)

3. Адам құқығы мен бостандығы.

Синтаксис



Тыңдалым және айтылым

9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту;

9.1.6.1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау



Оқылым

9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру

Жазылым

9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу(аргументативті эссе)

117- кесте. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасындағы тақырыптар (оқыту қазақ тілінде)




1. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет.

Сөз мәдениеті



Тыңдалым және айтылым

10.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық- саяси) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру

Оқылым

10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу

Жазылым

10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

2. Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік.

Тілдік жүйе және стиль



Тыңдалым және айтылым

10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру

Оқылым

10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

Жазылым

10.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу;

10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, аргументативті эссе)



3. Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция.

Шешендік сөздер



Тыңдалым және айтылым

11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;

11.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу



Оқылым

11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау

Жазылым

11.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау

118- кесте. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасындағы тақырыптар (оқыту қазақ тілінде)




Заман шындығы

Б. Мұқай «Өмірзая» романы,

Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі




Түсіну және жауап беру

11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету;

11.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру



Анализ және интерпрета

ция


11.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау;

11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;

11.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау


Бағалау және салыстыру

11.3.2.1 көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау;

11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу


119- кесте. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасындағы тақырыптар (оқыту қазақ тілінде емес)


Жер байлығына аяулы көзқарас


Ш. Айтматов «Ана - Жер Ана»



Тыңдалым

6.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау

Айтылым

6.2.4.1 шағын көлемді мәтіндегі жеке эпизодтарды сипаттау және тілдік ерекшелігіне салыстыру жасау

Оқылым

6.3.6.1 тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру

Жазылым

6.4.1.1 мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік жазу




Сауда жасай білесің бе?


Абай Құнанбаев «Базарға қарап тұрсам әркім барар»

Тыңдалым

8.1.4.1 орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау;

8.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру



Айтылым

8.2.6.1 кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру

Оқылым

8.3.6.1 тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру

Жазылым

8.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну;

8.4.4.1 тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану






Заң – қоғамның тірегі


Айбатыр Сейтақ

«Азат елдің ар-намысы – Ата Заң»



Тыңдалым

9.1.4.1 орта көлемді прозалық, поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, көтерілген (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені анықтап, өз пікірін білдіру;

9.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіру






Айтылым

9.2.2.1 коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу этикеті формаларын дұрыс таңдай білу




Оқылым

9.3.2.1 ғылыми стильде (аннотация, тезис) жазылған еңбектердің тілдік және жанрлық ерекшелігін анықтап, талдау жасау




Жазылым

9.4.1.1мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, аннотация жазу

120- кесте. Жалпы білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасындағы тақырыптар (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)




Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда

Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?»

Тыңдалым

10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу

Айтылым

10.2.4.1 мәтіндегі бөлімдердің, абзацтардың орналасу тәртібін, ақпараттың тақырыппен байланысын анықтау, оған түсініктеме беру

Оқылым

10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау

Жазылым

10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе)

Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек

Ұлықбек Есдәулет «Қара пима» поэмасы


Тыңдалым

10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында

қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну;

10.1.5.1 мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау


Айтылым

10.2.5.1 пікірталастың «пікірталас -монолог», «пікірталас-диалог», «пікірталас-полилог» түрлерінде сенімді және еркін сөйлеу

Оқылым

10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау;

10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау



Жазылым

10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

121-кесте Жалпы білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасындағы тақырыптар (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)




Қоғам және заң

Ермек

Өтетілеуұлы «Ата Заң»,

Шешендік сөздер


Тыңдалым

10.1.4.1 драмалық, прозалық, поэзиялық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау;

10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу



Айтылым

10.2.4.1 мәтіндегі бөлімдердің, абзацтардың орналасу тәртібін, ақпараттың тақырыппен байланысын анықтау, оған түсініктеме беру

Оқылым

10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау

Жазылым

10.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу

Қазіргі қоғамдағы

әлеуметтік теңсіздік



Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі



Тыңдалым

11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу

Айтылым

11.2.5.1 көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орын алатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдық элементтерді қолданып, сенімді және еркін сөйлеу

Оқылым

11.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселеге баға беру және әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру

Жазылым

11.4.1.1 ғылыми және публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазу

Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесі


Ыбырай Алтынсарин «Атымтай жомарт»

Тыңдалым

11.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз ойын логикалық дұрыс, аргументті және айқын жеткізу

Айтылым

11.2.4.1 кәсіби бағыттағы түпнұсқа мәтіндерден қажетті ақпаратты (деректерді, сипаттамаларды, сандық көрсеткіштерді, сілтемелерді) анықтау, олардың қолданылу мақсатын талдау

Оқылым

11.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселеге баға беру және әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру

Жазылым

11.4.2.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе)


«Құқық негіздері» оқу пәні (9-сынып):

«Қылмыстық жауапкершілік» бөлімі бойынша Қылмыстық жауапкершіліктің мәні неде? және Кімдер сыбайлас жемқорлықтың субъектілері болып табылады? тақырыптары берілген.

Аталған тақырыптар келесі оқу мақсаттарын қамтиды: құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы қылмыстық жауаптылықты және жаза түрлерін анықтау; сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған құқықтық актілерді талдау.

«Құқық негіздері» оқу пәні (10-11-сыныптар):

Пәннің білім мазмұнында «Жария құқық» бөлімі бойынша 10-сыныпта Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған құқықтық және саяси актілер: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының заңы. 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы стратегиясы тақырыптары берілген. Осы тақырыптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалық-саяси және құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндіру; нақты жағдаяттарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін пайдалану оқу мақсаттарымен қамтылған.

11-сыныпта Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік тақырыптары берілген. Аталған тақырыптар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерінен (заңсыз сыйақы алу, алаяқтық) ажырату; Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау атты оқу мақсаттарымен қамтылған.

«Қазақстан тарихы» оқу пәні (5-9-сыныптар):

Тәуке ханның билігі. «Жеті жарғы». Қазақтың ұлы билері. Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы. Қазақ қоғамының әлеуметтік стратификациясы, Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі тақырыптары қамтылған.

Неліктен А. Левшин Тәуке ханды «Дала Ликургі» деп атады? Әлеуметтік топтар қазақ қоғамында қандай рөл атқарды? зерттеу сұрақтары мен Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау; қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау; қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау атты оқу мақсаттары берілген.

Қазіргі кездегі Қазақстанның дамуындағы басым бағыттары; Қазақстан - 2030» Стратегиясы – мемлекет дамуындағы жаңа кезең; «Қазақстан – 2050» стратегиялары тақырыптары берілген. «5 институтционалды реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» ұлт жоспары неліктен қабылданды? «Қазақстан - 2030» Стратегиясын қабылдау қажеттілігі неден туындады? «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қандай жаңа саяси бағытты белгіледі? атты зерттеу сұрақтары және ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау атты оқу мақсаты қамтылған.



«Қазақстан тарихы» оқу пәні (10-11-сыныптар):

«Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы» тақырыбында Мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттей отырып Қазақстан Республикасының даму бағдарларын болжау оқу мақсаты қамтылған.



«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні (10-11-сыныптар):

Құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылуының тарихи тәжірибесі тақырыбы мен мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдарын талдау; мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекет принципте рінің жүзеге асу ерекшеліктерін салыстыру; қазіргі кездегі адам құқықтарының Жалпы Декларациясының маңызын негіздеу оқу мақсаттары берілген.



Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындайтын тақырыптар топтамасы:

Сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын-алу, анықтау, олардың зардаптарын жою және жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың қызметтері туралы «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінде қарастырылған бөлімдер мен тақырыптар:

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушы әскери істі оқыту процесінде жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау, әскери қызметке деген саналы жауапкершілікті қалыптастыруға тәрбиелеу мен оқытудың басты міндеттерін шешеді.

Әр сабақ сайын білім алушылар әскери анттың рөлі мен маңызын түсінулеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның дәстүрлері мен әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын дамытып, білім алушылардың әскери білім алуларына деген ұмтылыстарын ынталандыру керек. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Қарулы Күштердің тұрмыс-тіршіліктерін реттестіретін заңдар жиынтығы, ал жарғы талаптарын орындау – әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет.



«Кіріспе сабағы» бөлімі:

1) білім алушыларға «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәніне оқыту мақсат-міндеттері мен мазмұнын;

2) «Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғану», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Алғашқы әскери дайындық пәнін жүргізу және ұйымдастыру» және оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606 бұйрығы. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды.

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің кепілі» бөлімі:

1) Мемлекет қорғанысының конституциялық негіздері – Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, олардың құрамы және атқаратын қызметтерін;

2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері. Әскери бөлімнің жауынгерлік туы. Әскери анттың əскери қызметкерлерге қоятын талаптары. Әскери қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиетті борышы және міндеттерін;

3) Экстремизм және терроризмнің ұлттық қауіпсіздікке тигізетін салдары – Экстремизм түрлері: саяси, діни, экономикалық және экологиялық. Экстремизм, терроризм, олардың өзіндік сипаттары. Қазіргі әлемдегі террорлық қауіп-қатерлердің ұлғаю себептерін қамтиды.

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары» бөлімі:

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары, олардың әскери ұжым қызметі мен тұрмыс-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілерін;

2) Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары –Бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші әскерилер, олардың құқықтары мен міндеттері. Әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі. Бұйрық, оны беру жəне орындау тəртібі. Бастықтарға жəне шені жоғарыларға мəлімдеме жасауды;

3) Әскери тәртіп, оның мәні мен мағынасы – Әскери тәртіп, марапаттау және жазалау. Әскери тәртіпті сақтау бойынша әскери қызметшілердің міндеттері. Сарбаздарға көрсетілетін марапат түрлері. Сарбаздарға берілетін тәртіптік жазалауларды қамтиды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және педагогикалық кең мағынада тәрбиелеу – бұл білім алушылардың, балалар мен жасөспірімдердің, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және қабілеттерін дамыту мақсатында арнайы ұйымдастырылған, мақсатты және басқарылатын ықпал ету.

Білім беру жүйесін нығайту және жаңғырту жағдайында егеменді Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсендірілуі табыстылық коды, әлеуеті мен құндылығы бар екенін түсіну маңызды.

Осыған орай, нақ орта мектеп жасы Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары, бостандықтары мен міндеттері өзегі болып табылатын білім алушылардың құқықтық білім жүйесін қалыптастыруда шешуші болып саналады. Жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жөнінде ақпарат алу және ұсыну тәсілдері әртүрлі: сынып сағаттары, әр түрлі адамдармен (құқық қорғау органдарының қызметкерлері, куәгерлер, саясаткерлер, мемлекеттік қызметшілермен) әңгімелесу; күнделікті өмірде әр түрлі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында дәрістер, пікірталастар, талқылаулар; іскерлік ойындар; сабақтарда және факультативтік сабақтарда азаматтық пен патриотизмге, мораль мен адамгершілік ұғымдарына байланысты проблемаларды талқылау, киноматериалдарды қарау және т. б.



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет социумды тұрақтандырудың басты факторларының бірі болып табылады, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің табыстылығын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет