Сабақтың басы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жағымды психологиялық ахуал.
Қызығушылықты ояту.
«10 дерек» әдісі
Оралхан Бөкей туралы не білесіңдер?
Төменгі сыныптарда оның қандай шығармаларын оқыдыңдар?
Өз беттерімен қандай шығармаларын оқыдыңдар?
Жазушы шығармалары өздеріңе ұнай ма, ұнаса, неге ұнайды?
Төмендегі мәліметтермен таныса отырып, О. Бөкей өмірі мен шығармашылығына байланысты 10 дерек анықтаймыз.
Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында қарапайым еңбек адамының отбасында дүниеге келген. Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен.
Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебінен соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары Оралхан Бөкей С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды.
1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды.
Оралхан Бөкей 1968 жылы республикалык «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді. Оның журналист боп, жазушы болып қалыптасуына Шерхан Мұртазаның ағалық қамқорлығы ерекше әсер етті. Ешкімге белгісіз Шыңғыстайдағы тракторшы баланың бойынан жалындаған талант отын байқаған Шерхан Мұртаза оны Алматыға жетелеп әкеп, дуылдаған қаламгерлер қауымының қалың ортасына салды да жіберді. ОралханБөкей бір сөзінде «Мені әдебиетке әкелген журналистика» дейді.Өмірінің соңына дейін ол журналистика мен жазушылықты қатар алып жүрді.
1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды.
Оралхан Бөкей 1993 жылы17 мамырдаҮндістан жерінде, Делиде қайтас болды.
Шығармалары:
«Қайдасың, қасқа құлыным», «Мұзтау», «Үркер ауып барады», «Өз отыңды өшірме», «Біздің жақта қыс ұзақ», «Құлыным менің», «Апамның астауы», «Бәрі де майдан», «Жетім бота», т.б. Оралхан Бөкейдің қай шығармалары болсын көтерген, қалам сілтеген негізгі тақырыбы – адам тағдыры, табиғат, олардың тұтастығы, бірлігі.
|
Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы автор туралы мәлімет береді.
Төмендегі мәліметтермен таныса отырып, О. Бөкей өмірі мен шығармашылығына байланысты 10 дерек анықтаймыз.
Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі, талқыланады.
|
|