Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия



бет12/95
Дата18.01.2023
өлшемі11,35 Mb.
#165781
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   95
Байланысты:
umkd os shar beiim tehn 2022 zh.

1. Алғы дақылдар және су ережесі.
Солтүстік және орталық Қазақстанның құрғақшылықты далалы, орманды дала аудандарында ауыл шаруашылығы дақылдарының көпжылдық төмен өнімі мәдени дақылдардың өсіп-даму кезеңіндегі ылғалдылықтың жеткіліксіздігі салдарынан болады.
Мамыр-шілде айларында орташа ылғалдылықты жылдары 300-350 мм, ал құрғақшылықты жылдары 200-250 мм-ден аспайды. Оның үстіне негізгі және жалғыз ылғал қоры атмосфералық жауын-шашын, жылына 220-350 мм аралығында өзгереді.
Ылғалдың мұндай аз мөлшері тұрақты мол өнім алу үшінқосымша ылғал жинақтау және оны сақтау шараларын жүргізуді талап етеді.
Әрбір алғы дақыл белгілі бір су ережесін (режимін) сипаттайды.
Негізгі заңдылықтар гидромет қызметтерінің көпжылдық бақылау нәтижелерін талдаудан белгілі. Таза сүрі жерде жазда ылғал қорының ауытқуы жаз бойы айтарлықтай емес. Күзгі ылғал қоры мұнда көктемгі ылғал қорына жақын, мұнда барлық топырақ қабаттарында ылғал қоры шамамен бір деңгейде болады (1-сурет және 1-кесте).


1-сурет. Ауыспалы егістердің орналасу кескіні.


1-кесте. 4 танапты ауыспалы егістін орналасу кескіні (ротациялық кесте)



Танап нөмірі

Егіс жылдары

1-жыл

2-жыл

3-жыл

4-жыл

1

Сүрі
танап

Күздік
бидай

Жұмсақ бидай

Техникалық дақылдар

2

Күздік
бидай

Жұмсақ
бидай

Техникалық дақылдар

Арпа

3

Жұмсақ бидай

Техникалық дақылдар

Арпа

Сүрі
танап

4

Техникалық дақылдар

Арпа

Сүрі
танап

Күздік
бидай

5

Арпа

Сүрі
танап

Күздік
бидай

Жұмсақ бидай

Қазақстанның далалық, орманды-дала аудандары үшін кезінде ҚР АШМ-нің «Казагроинновация» АҚ-ның «А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және басқа ғылыми мекемелердің ғалымдары қысқа айналымды (4,5,6 танапты т.б.) дәнді сүр танапты, дәнді отамалы дақылдар ауыспалы егістерін зерттеп жасады және олар жазық тілгішті, минималды топырақ өңдеу технологияларына негізделген:



  1. Сүрі жері, бидай, бидай, арпа, бидай;

  2. Сүрі жері, бидай, бидай, бидай, арпа

  3. Сүрі жері, бидай, бидай, сұлы, бидай, арпа

  4. Жүгері, бидай, арпа немесе сұлы

  5. Біржылдық шөптер (пішенге, жасыл балаусаға), бидай; асбұршақ, бидай, сұлы немесе арпа;

тағы басқа кескінді ауыспалы егістер.
Эрозияға қауіпті алқаптарда жаздық бидайды жолақты сүрі танабында орналастырады: сүрі жер + жаздық бидай, жаздық бидай + сүрі жер, жаздық бидай, арпа (сұлы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет