Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия


Қар тоқтату және оның маңызы-механикалық қар тоқтату – ықтырмалар



бет13/95
Дата18.01.2023
өлшемі11,35 Mb.
#165781
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   95
Байланысты:
umkd os shar beiim tehn 2022 zh.

2. Қар тоқтату және оның маңызы-механикалық қар тоқтату – ықтырмалар.
Орташа құрғақшылықты және орташа жылы аудан, гидротермиялық коэффициенті (ГТК) – 1,0 және одан жоғары (Сандықтау, Бұланды аудандары ж.б.) негізінен қара топырақты белсенді температура жиынтығы (>100С) – 21000С-дан аспайды. Жылдың жылы кезеңінде мұнда 190 мм-ге дейін жауын-шашын түседі, вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 135 тәулік шамасында, аязсыз кезеңнің ұзақтығы орта есеппен – 105 тәулік, тұрақты қар қабаты 140 тәулікке дейін сақталады, оның орташа қалыңдығы – 30-35 см-ге жетеді де 95 мм-ге дейін ылғал қорын жинақтайды. Температуралық ережесі бойынша бұл ауданда жаздық бидай, асбұршақ ж.б. дақылдарды ойдағыдай өсіруге болады.
Орташа құрғақшылықты жылы аудан (Атбасар, Аршалы, Цели-ноград аудандарының көп бөлігі), күңгірт қара-қоңыр топырақты (темнокаштановая), ГТК – 0,7-1,0. Бірінші агроклиматтық ауданмен салыстырғанда мұнда мәдени өсімдіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуі төмен, жылы кезеңде түсетін жауын-шашын мөлшері – 155-185 мм, белсенді температура жиынтығы – 2100-23500С, вегетациялық кезең ұзақтығы – 135-140 тәулік, қар қабатының сақталуы – 125-140 тәулік, орташа қалыңдығы 15-35 см және ондағы ылғал қоры 40-95 мм аралығында өзгереді. Мұнда көптеген а.ш. дақылдарын (жаздық бидай, тары, дәнді бұршақ дақылдары ж.б.) өсіруге болады.
Құрғақшылықты аудан (Егіндікөл, Ерейментау әкімшілік аудандары ж.б.). ГТК – 0,5-0,7, белсенді температура жиынтығы – 2350-25500С. Алғашқы екі өңірге қарағанда бұл ауданда қатал ылғалдану ережесі қалыптасқан және күңгірт қара қоңыр, ашық қара қоңыр топырақтарды біріктіреді. Тұрақты қар қабаты 120-135 тәулік сақталады да орташа қалыңдығы 16-32 см аралығында өзгереді және ондағы ылғал қоры 45-90 мм-ге жетеді. Жылы кезеңде 125-170 мм жауын-шашын түседі. Жылумен қамтамасыз етілуіне қарай бұл аудан аумағында жаздық бидай, күнбағыс, қарақұмық, дәнді бұршақ ж.б. дақылдарды өсіруге болады.
Өте құрғақшылықты, жылы аудан (Қорғалжын ауданының оңтүстік бөлігі), ГТК<0,5, белсенді температура жиынтығы – 2550-27000С, жылы кезеңде 125-140 мм жауын-шашын түседі. Бұл өнірде қатал ылғалдану жағдайларына байланысты егіншілік шектеулі деңгейде дамыған.
2-сурет. Қар тоқтату



3-сурет. Ықтырмалар






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет