Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет165/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   384
Байланысты:
Факултатив

2. Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім
Оқу бағдарламасына негізделген Экология және қызықты табиғат бағдарламасын оқып үйренудің негізгі мақсаты: Табиғат пен қоғам арасындағы байланысты күшейту, табиғи қорлар мен табиғат байлығын тиімді пайдалану. Экологиялық проблемаларды шешу, жауапкершілікке баулу. Табиғаттағы ағзалардың өзара қарым-қатынас типтеріне сипаттама беру, қоршаған ортаны қорғаудың негізгі мәселелеріне жан-жақты тоқталу. Бағдарламада мынадай іс-әрекеттер қамтылады: 7-сынып Бағдарлама 68 сағатқа арналған, 3 бөлімнен тұрады.
І-бөлім:Экология туралы не білеміз? Экология ғылымының қалыптасуы. Экология биология ғылымының бір саласы. Экологиялық сауаттылық турал түсінік. Экология қандай ғылымның саласы. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы.Экология нені зерттейді? Экологиялық зерттеулер. Экологиялық бірлестіктер. Экологиялық мәдениет. Экология және қоршаған орта. Экология-тірі ағзалардың қоршаған ортамен байланысы. Қорытындылау.
ІІ- бөлім: Табиғат- біздің үйіміз Табиғат-тіршілік ортасы. Табиғи ортаның экологиясы. Экология және табиғат байланысы. Табиғи ортаның экологиялық проблемалары. Табиғи орта жағдайы. Экожүйе-бізді қоршаған табиғи орта. БқһөләмдіҚорыту.
ІІІ- бөлім: Қызықты табиғи орта Қоршаған тіршілік- табиғат көркі. Өсімдік ,Ауа,Су, Топырақ –біртұтас. Өсімдіктердің, жан-жануарлардың тіршіліктегі, табиғаттағы маңызы. Тіршілікте табиғаттың әртүрлі символдарын пайдалану. Жан-жануарларды, құстарды әртүрлі мақсатта эмблема, символ ретінде пайдаланатын елдер. Крокодилдің, Тасбақаның көз жасы. Хайуанаттардың жылау сыры неде? Кенгуру деп аталу себебі? Көгершін адамның сенімді көмекшісі. Барабан соғатын балықтар. Қаз қанатымен –қыс келеді (ауа райын болжау). Тұщы су,өзен,көлдерде кездесетін қарапайым жәндіктер. Паразитті қарапайымдар- лейшмания, трипанасома. Өрмекшілер тіршілігіндегі - өрмектің маңызы. Өрмекші торымен-балық аулау.Нефиль өрмегінің қасиеті. Өрмекшілер-өте қомағай жәндік. «Шақырылған қонақ, шақырылмаған қонақ» кезбе жәндіктер сыры. Колорада қоңызының зияны. Кәдімгі «алтын көз» насекомының ерекшелігі. Насекомдар мен арамшөптің аорасындағы тарихи айқас. Бөлімді қорыту.
Осы бөлімдерді оқыту барысында күтілетін нәтиже: Табиғат ғажайып құбылыстарға толы,Табиғат байлығы мен сұлулығын қорғау және жақсарту үшін әркімнің өз үлесін қосуына тұжырым жасауға үйренеді. Ақпараттарды талдап, салыстыруды үйренеді. «Табиғат-адам-қоғам» арасындағы байланысты, қарым-қатынасты нығайта түсуге үлес қосады. «Мәңгілік Ел» ұлттық бағдарламасы идеясын жүзеге асыру аясында айналамызды қоршаған табиғаттың тылсым тіршілігін, ондағы болып жатқан табиғаттың құпиясы мен ғажайыптарын тереңірек оқытып, ұғынады. Айналамызды қоршаған табиғи ортаның ерекшеліктеріне көз жүгіртіп шығу, адам қолымен жасалып жатқан кемшіліктерді жоя білуге ұмтылуға атсалысады.
Ауа, су, топырақ, жер байлығы өсімдік және жануарлар әлемін қорғауға үйренеді. Эксперимент, тәжірибе, сараптама жасауға, өз бетінше ізденуге талпынады. Зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сыныптастарымен жұптасып, шағын топ құрып ынтымақтаса жұмыс жасайды. Адамзаттың табиғатсыз, табиғаттың адамзатсыз күні жоқ екендігін ұғынады.Тіршілік тірегі –табиғат, оны туған анамыздай қастерлеп, ата-бабамыздай табынып, батыр бабамыздай қорғасақ, ол мәңгі бақи тіршілік көзі бола бермек. Интерактивті әдістердің тиімділігі оқушылардың жан-жақты білім алуында ойын түрлерінің элементтерін пайдаланып, алғырлық, тапқырлық, шапшаңдық, жинақтық қасиеттерін дамытады. Оқушылар өз ойларын ортаға ашық, нақты сала алады, сыни тұрғыда ойлай біледі. Сабақта жаңа технология элементтерін өз дәрежесінде пайдалану арқылы нәтижеге жетеді деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет