Жеткілікті деңгей – аналитикалық-синтез әдісі, оқушы мұғалімнің көмегінсіз, өз бетімен 4-6 логикалық қадам жасауы тиіс.
Жоғары деңгей – аналитикалық-синтез және шығармашылық, оқушы өз бетімен 5-6 логикалық қадам жасауы тиіс және олимпиадалық есептерді шығару қабілеттілігін көрсетеді, аудандық, қалалық, республикалық олимпиадаларға қатысушылар үшін аса маңызды.
Дүниенің қазіргі замандағы физикалық бейнесі - табиғаттың біртұтастығы оның физикалық мәнін жеке тұлғаның саналы түрде түсінуін, интеллектуалды дамуын қалыптастыруға көмектеседі.
Ұсынылатын курс 9,10 сыныптардың программалық материалына сәйкес және оны тереңдетілген деңгейде кеңейтуге бағытталған.
Есептерді шешудің базалық программада қарастырылмаған әдістерімен танысу;
Физикалық ұғыну деңгейін кеңейту, физиканы саналы меңгеруге дағдыландыру;
Формальды ұғынуды мазмұнды ұғынуға алмастыру, логикалық ойлау мен интеллектуальды қабілеттерді қалыптастыру;
Оқушылардың «Мәңгілік ел» Қазақстан халқының жалпы ұлттық идеясының жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатындағы құндылықтардың 5 – бағытында “Орасан зор кеңісістікте игере білген түркілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып , өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Мәселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр әл-Фарабиді дүниеге әкелген” болса, ата-бабаларымыздың салып кеткен сара жолын жалғастыру үшін өмір бойы ізденуіне , білім алуына бағытталған. Сонда ғана біздің дарынды балаларымыз мектептің ғана емес, ел намысын қорғай алады.
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім.
1/1
|
Кіріспе. Механикалық қозғалыс . Қозғалыстың салыстырмалылығы. Кинематиканың негізгі түсініктері мен теңдеулері. Кинетамика формулалары. Еркін түсу. Вертикаль,горизонталь бағытта лақтырылған денелердің қозғалысы.
|
1 сағ.
|
1/2
|
Есептер шығару. (В,С – тобы)
|
2 сағ.
|
1/3
|
Баллистикалық қозғалыс.Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы. Нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы. Траекторияның қисықтық радиусы.
|
1 сағ.
|
1/4
|
Есептер шығару. (В,С – тобы)
|
2 сағ.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |