1.21- сурет. Тәуелсіз өршитін және бірізді магнитсіздендіретін орамасы бар (а), дігі-
нен өршитін және параллель магниттегіш орамасы бар генераторлардың сызбанұсқа
сұлбалары (б):
1 – реостат; 2 – магниттегіш орама; 3 – генератордың зәкірі; 4 – магнитсіздендіретін орама; 5 –
пісірілетін дайындама; 6 – электрод ұстағыш; Ү – үлкен тоқ; К – кіші тоқ; a, b, c –
генераторлардың шөткелері
Өздігінен өршитін генераторлар әдетте төрт негізгі полюсы бар
статор мен коллекторы және төрт негізгі, бір қосымша шөткесі бар
цилиндрлік зәкірден тұрады.
1.21 б-суретте өздігінен өршитін екі полюсті генератордың
жеңілдетілген
сұлбасы
берілген.
Онда
геометриялық
бейтараптамада орнатылған негізгі а және б шөткелерінен басқа
магниттегіш параллель 2 орамасын қуат үшін қолданылатын
қосымша с шөткесі бар.
Бұл генератордың осылай жасалу себебі: жүктеменің ауысуы
әсерінен а- с шөткелеріндегі кернеу өзгермеу үшін. Сондықтан
магниттегіш орамадағы ток іс жүзінде жүктеменің тоғынан дербес.
Қалдық магниттегіш ротордың есебінен генератор айналғанда
параллель магниттегіш орамада генераторды магниттейтін ток
тудыратын қалдық ЭҚК пайда болады. Бұл ретте генератордың
магниттік ағыны ұлғаяды және ЭҚК артады. Демек, магнитті
ағынның қайта артуына ықпал ететін магниттегіш ток көбейеді.
Генератордың өздігінен өршу процессі ЭҚК шамасы параллель
магниттегіш орамадағы кернеудің құлдырауымен теңескенге дейін
жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: