Өршу орамасы үздіксіз магниттегіш күш тудырады. Бірақ 2-күш
орамасын тесіп өтетін Ф
в
өршу ағыны лүпілдеуіш болып келеді.
Себебі оның жолындағы магниттік қарсылық ротордың айналуы
кезінде өзгеріске ұшырайды. Күш орамының білігі ротордың тісіне
сәйкес келгенде өршу ағыны ең жоғарғы деңгейге жетеді. Ал
ротордың ойымымен сәйкес келгенде ең төменгі деңгейге түседі.
Демек, күш орамасында айнымалы кернеу пайда болады.
1.22а
- суретте горизонтальдан жоғары орналасқан индукторлы
генератордың полюстері оңтүстік бөлікке жатады. Ал төмен
орналасқаны – солтүстік бөлікке. Сондықтан мұндай генераторды
әраттас полюсті деп атайды.
1.22 б
- суретте аттас полюсті генератор бейнеленген. Ондағы
тісті 1 статор табақты электртехникалық болаттың екі қалтасынан
тұрады.
Ал
тісті
4-ротор-индуктор
бір-бірінен
180
эл.град.қашықтықта (1 тіске) орналасқан екі қалтадан тұрады.
Статордың тістерінде бірінен кейін бірі және параллель
байланысатын шарғылар орналасқан.
Статордың екі қалтасының арасында тұрақты тоқпен
қуатталатын 3 өршудің сақиналы орамасы бекітілген. 2 күш ормасы
статордың жіктерінде жинақталған. Ф
в
өршу ағыны алдымен
ротордың білігінен өтеді, содан соң жұлдыз тәрізді тармақталады,
ротордың тісті қалтасынан, одан әрі статордың тістерінен өткен соң
генератордың корпусында тұйықталады.
1.22 б
-суретте статордың жақын қалтасының барлық
полюстері оңтүстік бөлігі, ал алыс қалтасындағы – солтүстік бөлігі
болып саналады. Сондықтан мұндай индукторлы генераторды аттас
полюсті деп атайды.
Индукторлы генераторлардың шашырау ағынының әрекетімен
және магнитсіздендіргіш қасиеті бар зәкір әсерінің ағынымен
шартталған кәдімгі тіп-тіке құламалы сипаттамалары бар.
1.23-суретте өздігінен өршитін шұралы пісіру генераторының
электрлік сұлбасы берілген. Ол жоғары жиіліктегі индукторлы
лүпілдеуіш генератор мен басқарылмайтын V1-V6 шұраларында үш
фазалы көпірлі сұлбасы бойынша жинақталған түзеткіш құрылғыдан
тұрады.
Іске қосу кезінде генератор жүктемесіз болып, ал оның белдігі
айнала бастағанда, қалдық магниттегіштің есебінен статор
орамасының қысқышында аздаған кернеу пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: