Балқытылмайтын электродтар . Балқымайтын электродтар
ретінде
вольфрамнан
жасалған
өзектерді
пайдаланады.
Қолданылатын вольфрамдық электродтар МЕСТ 23949 — 80
стандартының талаптарына сай болу керек. Вольфрамдық
электродтарда лантан оксидтерінің (ЭВЛ), иттрийдің (ЭВИ) немесе
торий диоксидінің (ЭВТ) қоспалары кездесуі мүмкін. Бұл қоспалар
тұтануды жеңілдетіп, доғаның жануын сақтайды, сондай-ақ,
электродтың эмиссиялық төзімділігін арттырады. Максималды ток
жүктемесіне төзетін, 0,5-10 мм диаметрлі ЭВЛ және ЭВИ типті
электродтар кең таралған. Вольфрамдық электродтардың тотығуы
мен олардың тез бұзылуы себепті металды қорғау үшін, пісіру
кезінде құрамында оттегі бар газдарды пайдалануға жол берілмейді.
Вольфрамдық электродпен аргон-доғалы пісіру жергілікті
немесе жалпы қорғаныспен, қосынды сымның берілуімен немесе
оның берілуінсіз, тұрақты немесе айнымалы токпен орындалу
мүмкін. Көптеген металдарды тура полярлық тұрақты токпен
пісіреді. Алюминийді, магнийді және бериллийдің пісірілуін
айнымалы токпен орындайды.
Тура полярлық тұрақты токпен пісіру кезінде электродтан
термоэлектронды эмиссия үшін ең жақсы жағдайлар қамтамасыз
етіліп, сондай-ақ, электродтың төзімділігі мен пісіру тогының
рұқсат етілетін шегі (3.5-кесте) жоғары болады. Тура полярлық
токтың доғасы оңай қозып, ток тығыздықтарының кең ауқымында
10.15 В кернеуі кезінде жанады.
Кері полярлық токтың доғасында маңызды технологиялық
қасиеті бар: ол әсер еткен жағдайда, пісірілетін металл беті
тазаланып, оның үстіндегі оксидтер кетіріледі. Беттің үстіндегі
оксидтердің кетірілу процесі катодтық тозаңдату (катодтық тазалау)
деген атқа ие болды. Көрсетілген процесті алюминийді, магнийді,
бериллийді және беттің үстінде берік оксидтік қабығы бар олардың
қорытпаларын айнымалы токпен пісіру кезінде пайдаланады.
Қабықтың кетірілуі кері полярлық пісіру тогының жартылай кезеңі
кезінде, яғни пісірілетін бұйым катод болған кезде жүзеге
асырылады.
Осылайша,
айнымалы
токпен
вольфрамдық
электродпен пісіру кезінде тура және кері полярлық доғаның
артықшылықтары жүзеге асырылып, электродтың төзімділігі мен
бұйым бетіндегі оксидтердің бұзылуы қамтамасыз етіледі.
92