«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
97
Матон жымиды,
оның бұл жымиысы талайды кө-
ріп, көп нәрсені бастан кешкенін білдіргендей еді.
– Берешегін қайтара алмайтындай жағдайдағы
адамға қарыз беруге бола ма? Қарыз беру – жауап-
ты іс, ол саған пайда әкеле ме, бергенің өзіңе қайта
ма, жоқ па, соны есте ұстау керек.
Әйтпесе дымсыз
қалуың ғажап емес. Сандықтағы кепілзаттарды көр-
сетейін, олар саған өз тарихын баяндайды.
Ол бөлмеге ұзынша сандықты алып келді, сырты
шошқаның қызыл терісімен қапталып, қақталған
қоламен әшекейленіпті. Ол сандықты еденге қойды
да,
жанына малдас құра отырып, байыппен әңгіме-
сін жалғастырды.
Қарызға ақша сұраған әр адамнан алдымен кепіл-
зат аламын да, қарызды қайтарғанша оны сандықта
сақтаймын. Қарызынан
құтылған адамға оның ке-
піл-затын қайтарамын, егер қарыз өтелмесе, ол өзім-
де қалады.
Ең дұрысы, бұны сандығым үнемі есіме салып тұ-
рады, қарызды ертең қайтаруға мүмкіндігі
бар адам-
дарға беру керек. Оларда жер, асыл тастар, түйелер,
тағы басқа да сату арқылы қарызды қайтаруға бола-
тын бұйымдар бар. Олардың кейбіреуі маған қарыз
ақшадан да құнды
бұйымдарын кепілдікке беріп
кетеді. Енді біреулері келісімге сай қарызын қайта-
ра алмаған жағдайда маған әлдебір мүлкіне деген
меншік құқығын беруге уағдаласады. Бұлай жасал-
ған келісім сенімді. Мен алтынымның өзіме үстеме-
леніп қайтатынына сенемін, өйткені қарыз мүлікке
негізделген.