Asyl Tas Holding Мазмұны: Тарату(Place) 4 Кіріспе.”4P моделі” ретінде түсінік 1



Дата08.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#122837
Байланысты:
Asyl Tas Holding
Документ 1, Документ 1, Документ 1, 6 КТП РОбот —, 6 КТП РОбот —, 6 КТП РОбот —, 6 КТП РОбот —, Джубаев Нурлан 322Б (1)

Asyl Tas Holding

Мазмұны:


Тарату(Place)
4
Кіріспе.”4P моделі” ретінде түсінік
1
Өнім(Product)
2
Бағасы(Price)
3
Жылжыту(Promotion)
5
Қорытынды
6

Кіріспе:Кез-келген кәсіптің басты мақсаты-клиенттің қажеттілігін өтей отыра табыс табу болып табылады.Осы тұста маркетингтікжоспарларды негіздей отыра істі әрі қарай дамытуға болады.Соныың ішінде ”4P моделі” жоспарлау теориясы өте тиімді болмақ. ”4P моделі”-бұл маркетингтік келесідей төрт негізден тұратын аббревиатура:Өнім,баға,бөлу,жылжыту.Әр бөлімнің өзіндік атқаратын қызметі бар.

Өнім(Product)


Жақында «Asyl Tas Holding» компаниясы отандық өнімнің тұсауын кесті. Ол – өзіміздің майлы құрт. Бұдан былай балаңызға таяқшаға шаншыған құртты алып берсеңіз болады. – Бұлай шығарудағы бірінші мақсат – балаларды қызықтыру. Дүкендегі тәттілердің бәріне химиялық қоспа қосылады. Өкінішке қарай, оның орнына балама жоқ. Міне, біз осы өнім арқылы сол тәттілердің орнын бассақ дейміз. Екінші, таяқшамен үлкен адамдар жесе де ыңғайлы. Ата-бабамыздың ұлттық дәмін жаңа заманға сай жаңғыртып, креативті форматта ойлап шығардық, – дейді кәсіпорын директоры, белгілі актер Рахман Омаров. Құрт екі түрлі қорапта шығады. Біреуінің сыртында «асыл тасымыз­дың» қасиеті жайында үш тілде ақпарат бар. Екіншісінде Абайдың «Жетінші қара сөзі» үш тілде жазылған. – Ашаршылық, зұлмат жылдарында халыққа талғажау болған тағамның қадірін жете түсініп жүрміз бе? Бүгінде нарықта құрттың түр-түрі бар. Талғамға, дәміне қарап таңдай бер. Бірақ нағыз табиғи дәмі бар құртты аңсайсыз ба? Өз басым шетелге «мынау қазақтың дәмі» деп құрт апарғым келеді. Осы ретте серіктестеріммен бірігіп, «Asyl Tas Holding» өндіріс компаниясын ашуды жөн көрдік. «Asyl Tas Holding» табиғи таза, ешбір қоспасыз, сертификатталған, патенттелген әрі формасы ересектерді де, балаларды да қызықтыратын жаңа құрт түрін ұсынады. Сонымен қатар шетелге шыққанда қазақ халқының атынан базарлық ретінде ұсынатын құрт түрін шығардық. Мұнда хакім Абайдың адамзатқа қатысты айтқан қара сөзі, құрттың қазақ тарихындағы маңызы да жазылған. Шетелдік достарыңыз, әріптес, серіктестер қазақтың дәмін татып, тарихымен осылайша таныса алады. Ұлттық өнімді қайта жаңғыртып, ұлттық брендті насихаттау – әрбіріміздің қолымызда. Құрт – біздің асыл тасымыз. Ұлттық өнім шетелдік өнімнен кем түспейтінін дәлелдегіміз келді, – дейді ол. Белгілі актер Досқан Жолжақсынов ұлттық өнімнің атауында да үлкен мән барын айтады. «Қазақ жаугершілік заманда малта сорып, аш өзегін жалғаған. Әрі тамақ әрі қуат болатын бұл өнім талайды аштан да алып қалды. Енді оны өз өніміміз ретінде шығару – үлкен еңбек. Сондықтан құртты «асыл тас» деп атау бекер емес» деді ол.
Сыртқы дизайны:
Өнімнің сыртқы дизайны күнделікті дүкен сөрелерінен көріп жүрген чупа-чупс,чипсы секілді.Алайда
Оның ерекшелігі бұл жерде өте құнарлы азық болмақ.Сонымен қатар қораптың ішінде Абай Құнанбаевтың қара сөзі үш тілде жазылған.Бұл басқа өнімдерден ерекшеленуге,сатып алушылардың қызығушылығын арттыруға септігін тигізбек.

Бағасы(Price)


БРЕНДТІ ӨНІМНІҢ БАҒАСЫ ҚАНДАЙ?
Асыл тас құртының данасын дүкендерден 100 теңгеге аласыз. Ал химиялық қоспалардан тұратын чупа-чупстар бағасы 75 теңгеден басталып, 150 теңгеге дейін барады. Баласы алып бер десе, көңілін қалдырмайтын ата-ана бағасына да қарамай сұрағанын сатып алады. Алайда кімге зиян, баланың денсаулығына кері әсер етеді. Соның орнына 100 теңгеге ауылдың нағыз қолдан жасалған майлы құртын алып берсеңіз, табиғи өнім болғандықтан пайдасы болмаса, зияны жоқ. «Құрттан байып кетеміз деп айта алмаймын. Бағасы базардағы, дүкенде данасын 50-75 теңгеге алып жүргеннен қымбаттау. Брендке айналдыру мақсатында шығарғандықтан әрі сапаға мән бергендіктен, баға да соған лайық болды. Сары қорапта 50 дана құрт болады, бағасы – 4250 теңге. Бізде екі есе қымбат болса да, қай жағынан алып қарасаңыз да жоғары деңгейде. Әйтпесе жұқа қорапшаға баланың суретін салып, ұлттық бренд деп ақша үшін шығара беруге болады. Бірақ ол кезде ісімізге сын болар еді. Ал қара қорапта 13 дана құрт бар, бағасы 2200 теңгеден сатылады» деді Рахман мырза. Қазіргі уақытта кәсіпорында күніне 10 мың дана құрт өндіріледі. Алдағы уақытта мамандарды көптеп тартып, кәсіпорынды көбейту де жоспарда тұр. Алдағы 6 айда күніне 20 мың дана құрт шығаруға дейін жеткізуді мақсат етіп отыр.

Тарату(Place)


Бұл өнімді тарату жолдарына келсек.Өнімнің бастауы Алматы қаласында Рахман Омаровтың жетекшігімен арнай құрт түрлерін шығаратын агенттік іске қосылды.Яғни көптеген дүкендері қазір Алматы қаласында орналаскан.Өнім негізгі саудалык жүйесі онлайндык жүйе болып табылады.Сосын қарсаңында еліміздің түрлі қалаларында асыл тас атауымен түрлі инстаграм парақшалары ашылған.Ол парақшалардан сіз құрттың түсін,дәмін,бағасын,көлемін және кандай дизайнды қалайсыз сонша тапсырыс бере аласыз.

Жылжыту(Promotion)

Бұл өнімнің жылжуында ең көп септігін тигізетін-жарнама.Қазіргі таңда әлеуметтік желілер арқылы елге танымал,беделді адамдарға жарнама жасату арқылы халықтың сұранысын туғызып отыр.Сонымен қатар,Asyl Tas Holding-тың жарнама бейнероликтері барлық әуежайларда да қосулы тұр.Өзге елдегі қандастарымыздан да бұл өнімге сұраныс өте жоғары.Солардың арқасында бұл өнімді аз мөлшерде экспорттап отыр.

Қорытынды: Бренд жасау – өзгешелікті дәлелдеу.– Тіпті өзіңіз бұл дүниеден озғанда да өмір сүруін жалғастыра беретін бренд жасауға тырысыңыз, – деп қорытады Игорь Киричек. Отандық өнімдерді қолдау үшін арнайы бағдарламалар қабылдануда. Сонымен бірге жыл сайын Қазақстанда жасалған атты көрме ұйымдастырылады. Сол жерде әр кәсіпкер өз өніміне жарнама жасауына болады. Биыл Астанада өткен мұндай көрмеге 300-ден аса компания қатысқан. Бұл да болса, елімізде шағын және орта бизнестің даму қарқыны өсіп келетіндігін көрсетіп отыр. Егер бәсекелестік осылайша артатын болса, отандық кәсіпорындардан нағыз бум күтуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет