«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
123
Қожайының маскүнемге айналды, ал қызметшілері
кержалқау. Мына түйелерді ал да қаш.
Мына қор-
жында қожайынның киімі бар, соны кисең, сені еш-
кім құл деп ойламайды. Сені ауру анаммен әуре бо-
лып жүргенде түйелерді ұрлап қашып кетті дермін.
– Сенде
патшайымның рухы бар екен, – дедім
оған. – Бақытты болуыңды тілеймін.
– Мендей әйелде қандай бақыт болушы еді? – деді
ол. – Еліңе апарар жолға түс, шөл құдайлары саған
жар болсын, жол ұзақ, елсізде қорек те, су да жоқ
екенін білесің.
Ұзақ үгіттеудің керегі болмады. Бәйбішеге шын
жүректен алғыс айтып, қараңғылыққа жұтылып
кете бардым. Ол ел маған беймәлім еді,
сондықтан да
Вавилонның қай бағытта екенін шамалап қана біл-
дім. Соған қарамастан шөлдің жал-жал құмын ба-
тыл кешіп, алға қарай жүре бердім. Түйенің біріне
мініп, екіншісін жетекке алдым. Қожайынның мал-
мүлкін ұрлап қашқан құлдың алдағы тағдыры қан-
дай боларын ойлаумен түні бойы және келесі күні де
тоқтамастан жүре бердім.
Келесі күні кешке қарай
өзіме беймәлім қыратты
жерге тап болдым. Түйелердің табандарын қырлы
тастар жаралап тастады. Олардың алға басып жүруі
мұңға айналды. Бір рет те не адамды, не аң-құсты
кезіктірмедім. Мынадай ит байласа тұрғысыз жерде
бұған таңданатын не бар?
Мұндай қатерлі сапардан
жан баласының ілуде
біреуі ғана аман қалуы мүмкін. Күннен-күнге алға
жылжу дегенің ілбуге ұласты. Азық та, су да таусыл-
ды. Күн аяусыз күйдіреді де тұрады. Тоғызыншы