«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
146
Саған да сенуге болатындай. Әлде мен қателесіп тұр-
мын ба?
Шарру Нада жігіттің көзіне тіке қарады.
– Ешкімге тіс жармайтыныма сенуіңе болады.
Бірақ мынаған сене алар емеспін. Қалай құлдар қа-
тарына қосылғаның туралы әңгімелеп берші.
– Ешкім де құлдыққа түсемін деп ойламайды, –
деп Шарру Нада ер үстінде қозғалақтады. – Мені
бәлеге ұшыратқан ойынхана мен арпа сырасы ғой.
Бәрі бауырымның шалыс қадамынан басталды. Бір
төбелесте ол танысын өлтіріп қойды. Бауырымды сот
үкімінен құтқару үшін есі шыққан әкем мені мар-
құмның жесіріне аманатқа берді. Бірақ ол мені құт-
қару үшін жеткілікті күміс таба алмады да, жыны
қозған жесір әйел мені құлдыққа сатып жіберді.
– Қандай масқара, қандай әділетсіздік еді! – деп
Хадан Гула қынжыла үн қатты. – Құлдықтан қалай
босандың?
– Асықпа, оған да кезек келеді. Одан да саған әрі
қарай не болғанын әңгімелейін. Біз шаруаларға қа-
тарласқанда олардың бәрі бізге бұрылды. Ал бірі
жұлма-жұлма қалпағын шешті де, басын иіп, айғай-
лады: «Вавилонға қош келдіңдер, патша мейманда-
ры. Патша ағзам сендерді бекіністе күтіп отыр, кір-
піш пен пияз сорпа дайын тұр».
Қарақшының ашуы келіп, аузына түскенін ай-
тып, аналарды балағаттады.
«Патшаның бекіністе күтуін қалай түсінуге бола-
ды?» – деп сұрадым мен.
«Бізді бекініске апара жатыр, онда арқаң жауыр
болғанша кірпіш тасисың. Оған жеткізбей, ұрып
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
147
өлтіруі де мүмкін. Мені ұруға батылдары жетпес.
Мен көресіні көрсетемін оларға».
Осы жерде Мегиддо араға сөз қыстырды:
«Қожайынға өзін тыңдайтын әрі еңбекқор құлды са-
бап не керек? Еңбекқор құлдарды қожайындар жақ-
сы көреді, оларға дұрыс қарайды».
«Кім барын салып жұмыс істегісі келеді? – әңгі-
меге Забадо араласты. – Ана диқандарға қара, олар
соқа соңында босқа жүр деймісің. Басқа түскенін
көрерміз».
«Жалқаулықпен қарын тойдыра алмайсың, – деп
Мегиддо қарсылығын білдірді. – Егер күніге тиесілі
жерді жыртсаң, кез келген қожайын оны бағалар.
Егер жартысын жыртсаң, жалқау болғаның. Өз ба-
сым ерінбес едім. Еңбекті жақсы көремін, қандай
жұмыстан да бас тартпаймын. Еңбек – ең қайырым-
ды дос. Ол маған қажеттінің бәрін де – жерді, сиыр-
ды, астықты берді».
«Қайда енді соның бәрі? – деп Забадо кекете сұра-
ды. – Дұрысы, қулықпен бәрін алған жөн. Бәрімізді
бекініске айдап апарғанда көрерсің әлі. Мен шелек-
пен су тасып немесе жеңілдеу бірдеңе істермін, ал сен
еңбекқорсың ғой, арқаңды кірпішке тоса бер», – деді
де, ол қарқылдап күлді.
Сол түні менің жаным түршікті. Ұйқым келмеді,
жұрт ұйқыға бас қойғанда, мен Годозо қарауылға
бардым. Ол әмияныңмен бірге өзіңді бауыздап кете
берер қанішер арабтардың бірінен еді.
«Годозо, айтшы, – деп сыбырладым. – Вавилонға
жеткенде бізді бекініс құрылысына жібере ме?»
«Мен қайдан білейін?» – деді сабырлы қалыппен.
|