«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
145
– Әңгімені бірден алтын шекелдерді қалай табу-
дан бастасақ қайтеді? – деді жігіт.
Жігіттің ескертуін құлағынан асырып жіберген
Шарру Нада сөзін жалғады:
– Ана шаруалардан бастайын. Ол кезде жасым
сен қатарлы еді. Ішінде
мен де бар шұбырған топ
осы араға жеткенде, менімен қоса шынжырланған
Мегиддо шаруа жер жыртушыларды кекетіп, былай
деді: «Ана жалқауларға қараңдар! Жерді тереңірек
жырту керек, мыналар тырналап қана жүр. Ал
ана
біреуі тіпті өгіздерді дұрыс айдай алмайды. Бүгін
жер жырта алмаса, ертең қандай өнім жинасын?»
– Сен Мегиддо өзіңмен қоса шынжырланған дедің
бе? – деп Хадан Гула таңдана сұрады.
– Иә, мойнымызда шынжырға байланған қола
қарғыбау болатын. Оның қатарында қой ұрлаумен
айналысатын Забадо келе жатты. Онымен Харрунда
танысқанмын. Құлдар
тізбегінің соңында өзі атын
айтпаған соң Қарақшы атанған біреу жүріп отырды.
Кеудесіндегі айқасқан қос жыланның суретін көрген
біздер оны әуелде теңізші деп ойладық. Құлдардың
легі осылайша бір-біріне шынжырланған төрттіктен
тұрды.
– Сені де құлдарша шынжырлады ма? – деп Хадан
Гула сенімсіздік танытты.
– Саған атаң бір кезде менің құл болғанымды айт-
пады ма?
– Ол
сен жөнінде жиі әңгімелейтін, бірақ бұл жө-
нінде айтқан емес.
– Оған небір құпия сырларды айта беруге болатын.