«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
170
патшалар Вавилонды басып алуға ұмтылды, бірақ
олай ете алмады. Оған шабуылдаған әскердің санын
шамалауға ғана болар. Тарихшылардың айтуынша,
100 мың атты, 25 мың жауынгерлік арбалы,
әрбірін-
де бір мың адамы бар 1200 жаяу әскер қарсы шық-
қан. Соғысқа дайындық, яғни әскери қару-жарақ
пен шабуыл жолдарына қойма салу жұмыстары кө-
біне екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімді қамты-
ған. Вавилон көп жағдайда
қазіргі қалаларға ұқса-
ған. Онда көшелер мен дүкендер болды. Сатушылар
тұрғын аудандарды аралап жүріп, сауда жасайтын.
Абыздар болса, өз ғибадаттарын зәулім шіркеулерде
атқарды. Қаланың қақ ортасында ішкі қабырғамен
қоршалған патша сарайы орналасты. Оның қабырға-
сы сыртқы бекіністен де биік болыпты.
Вавилондықтар аса шебер суретші және қол-
өнерші болған. Олар мүсіндер жасап, суреттер сал-
ды, мата тоқып, алтын бұйымдар, темірден қару-
жарақ және шаруашылық құралдарын шығарды.
Зергерлер көздің жауын алардай әшекейлер жасады.
Бай қалалықтардың қабірлерінен табылған олардың
бірқатары бүгінде әлемнің
жетекші мұражайларын-
да көрсетілуде.
Адамзаттың қалған бөлігі ағашты тас балтамен
соққылап жатқан, аң аулап, күн көріп, найза мен
жебелеріне шақпақ тас байлап, соғысып жүрген за-
мандарда вавилондықтар темір балта тұтынып, най-
за мен жебелеріне темірді пайдаланды.
Вавилондықтар
сауатты қаржыгер және сауда-
гер болды. Белгілі болғандай, олар айырбас құра-
лы ретінде ақшаны бірінші болып ойлап шығарып,