Xviii ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ-орыс қатынастары


Патша үкіметінің әскери бекіністер шебін сала бастауы



бет4/11
Дата02.02.2022
өлшемі42,41 Kb.
#130510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3.2.Кіші жүздің Ресейге қосылуы. XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан. (1)
2 5314370924642830553, Geografiya kaz
Патша үкіметінің әскери бекіністер шебін сала бастауы.

  • I Петрдің құлағына Еркеті қаласында «алтын аралас құмның» мол екендігі жөнінде хабар жетеді. Ұзаққа созылған орыс-швед соғысы салдарынан қазынасы сарқылған Ресейге орасан зор қаржы қажет еді. Алғашқы Сібір губернаторы М.П. Гагарин I Петрге Тобылдан Еркетіге дейінгі аралықта әскери бекіністер шебін салу жоспарын ұсынады. Оның бұл ұсынысы кабыл алынды. Жоспарды жүзеге асыру үшін подполковник И.Д. Бухгольц бастаған әскери экспедиция жіберілді. Жасақтың құрамында әскерилер, Томск, Түмен және Тара қалаларының тұрғындары – барлығы 2800-ге жуық адам болды.

  • 1715 жылғы маусым айында экспедициялық жасак жорыққа шықты. Тап сол жылдың қазан айында Жәмішев бекінісінің іргесі қаланды. Бекініс салуға жоңғарлар батыл қарсы шықты. Бекіністің құрылысы қоршауға алынды. Жоңғарлар Тобыл қаласынан жөнелтілген азық-түлік керуенін басып алды. Бекіністі қорғаушылар арасында аштық басталды. Сөйтіп И.Д. Бухгольц келесі жылы аман қалған 700 адамымен бірге кері қайтып кетуге мәжбүр болды.

  • Кейінірек, қазақ-жоңғар соғысы қызу жүріп жатқан кезде, патша үкіметі Ертіс өзенінің бойындағы аймақта әскери бекіністер шебін салуды одан әрі жалғастыру ісін қолға алды. Бұл міндетті орындау үшін И.Д. Бухгольцтің экспедициясынан басқа бірқатар ғылыми барлау және әскери экспедициялар жіберілді.

  • 1716 жылы Ертістің оң жағалауында Жәмішев және Омбы, 1717 жылы Железинка, Колбасинская, 1718 жылы –Семей, 1720 жылы – Өскемен, Черноярская және Коряковская бекіністері салынды.

  • Мұндай бекіністердің салыну себебін Сібірдегі орыс өкімет орындары Жоңғар қалмақтарына қазақтардың шапқыншылығынан қорғану үшін, ал қазақтарға жауынгер жоңғарлардың шапқыншылығынан қорғану үшін салынып жатыр деп түсіндірумен болды. Ал істің шын мәніне келгенде ол бекіністер патша үкіметінің Ертіс өзені бойындағы жағдайын күшейту үшін өте қолайлы плацдарм еді.

  • Бұл жөнінде белгілі орыс ғалымы Н. Коншин былай деп жазды: «Ертіс бойындағы бекіністер шебі осылай құрылды. Оның міндеті оң жағалаудағы жерлерді жоңғарлардан, ал одан соң көп ұзамай-ақ қырғыздардан (қазақтардан) қорғау еді».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет