Байланысты: рахматулла гулназ ядролық куш (wecompress.com)
Ядролық күштер
Орындаған: Рахматулла Гүлназ
Ядролық күш дегеніміз не?
Ядролық күштер , атом ядросын құрайтын нуклондардың арасына әсер ететін және ядроның құрылысы мен қасиеттерін (электрмагниттік күштермен бірге) анықтайды. Ядролық күштердің басқа күштерден (мысалы, гравитациялық және электр-магниттік күштер) өзгеше қасиеттері бар.
1) ядродағы нуклондар арасында әсер ететін күштің шамасы атомның электрондыққабықтарында әсер ететін күштің шамасынан әлдеқайда артық. Сондықтан да нуклондыатом ядросынан сыртқа қарай бөлініп шығару үшін млн-даған эВ-қа тең энергия жұмсалуы керек. 2) Ядролық күштер электр-магниттік және гравитациялық күштерге қарағанда өте қысқа қашықтыққа әсер ететін күш болып есептеледі. Егер екі нуклонның арасындағы қашықтық 10–13 см-ден асса, онда ядролық күштердің шамасы нөлге дейін кемиді. Нуклондар арасындағы қашықтық артқан жағдайда, Ядролық күштердің шамасы кеми бастайды. Ядролық күштердің кенет кеми бастайтын қашықтығын ядролық күштердің әсер ету радиусы (r0~2–3 10–13 см) деп атайды.
3) Ядродағы нуклондар өзіне жақын орналасқан нуклондармен ғана әсерлеседі. Ядролық заттың тығыздығы әр түрлі ядрода да шамамен бірдей. 4) Нуклондарарасындағы өзара әсер күші қашықтыққа ғана байланысты емес, сонымен бірге нуклондарспиндерінің бағдарлануына да байланысты. 5) Ядролық күштердің шамасы өзара әсерлесетін нуклондардың электр зарядынатәуелді емес. Ядролық күштердің дәйекті теориясы әзірше жасалып біткен жоқ. Алайда тәжірибелер ядродағы нуклондардың өзара әсерлері пиондар алмасу арқылы жүзеге асатынын дәлелдейді.
Ядролық күштер қасиеттері электромагнитті және гравитациялық күштерге қарағанда өзгеше болатын, әсері күшті күштерге жатады. Ядролық күштердің табиғаты толығымен зерттелмеген. Тіпті екі нуклоннан тұратын қарапайым жүйе үшін де ядролық күштердің нуклон аралыққа тәуелділігі белгісіз. Ядролық күштердің қысқа әсерлілік, қанығу сияқты қасиеттерінің көптеп ашылып жатқандығына байланыстымядролық күштер үшін нақты бір ортақ тұйықталған тұжырым жасау мүмкін болмай отыр.