Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз



бет46/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

Қиямет - әлем тәртібінің бұзылатын күні. Сол күнi дүниедегі болмыстардың барлығы жоғалады, жер мен аспанның реттік тәртібі бұзылады, ай, күн және жұлдыздар өз орындарынан шығады, айналаны қорқынышты дыбыстар қаптайды. Бұл кезде адамдар қашып құтылатын жер іздейді. Бірақ, Аллаћтан басқа сыйынатын және паналайтын еш нәрсе таба алмайды.. Есеп күні болғаннан кейін, әркім өз әрекеттерінің жемісін көреді. Жақсы адамдар жұмақта сый көреді, ал күнәћар мұсылмандар, мұнафықтар мен кәпірлер тозақта отқа жанады. Тағдырға иман - ислам сенім негіздерінің бірі. Яғни барлық нәрсені Аллаћтыңқалауы мен жаратуы арқылы жүзеге асатынына сену. Тағдыр сөзi - бiр нәрсенi белгiлi бiр өлшем, мөлшерге қарай реттеу, белгiлi есеппен жүйелеу деген мағыналарды бiлдiредi. ¦лы Аллаћ барлық нәрсенің жаратылысынан бастап, соңына дейінгі олардың орны мен уақытын, пайда болу түрлерін және жағдайларын, көлемі мен мөлшерін, олар пайда болмай тұрып біледі. Міне осыны “тағдыр” деп атайды.
Ал ұлы Аллаћтыңқалаған нәрселерді уақыты келгенде тағдырға сай жүзеге асуын “қаза” деп атаймыз. Тағдыр мен қазаның жүзеге асуында адамның да атқаратын рөлі бар. Адам өз білімі мен еркіне сай бір нәрсені жасаса, істеген нәрсесіне жауапты болады. Құлдыңөз еркімен қалаған ісін Аллаћ өз қалауы бойынша жаратады, яғни Аллаћ – жақсылық пен жамандықты жаратушы, ал адам өз әрекетімен оны жүзеге асырушы. Аллаћ адамды бір нәрсе жаса деп зорламайды, жақсылық пен жамандықты - таңдау адамныңөз еркінде.
Қысқасы жақсы, жаман әрбiр iсiмiздi iстеуге ниет ету, таңдау - бiздiң еншiмiзде, ал оны жарату - Ұлы Жаратушының қалауы мен құдiретiне тапсырылады.

  1. Ислам ғибадат негіздері, түрлері жайлы сипаттаңыз, көрсетіңіз

ғибадат төңірегінде сөз қозғар болсақ «ғибадат» Алла Тағалаға тағзым жасап, құрмет көрсету, Оның бізге берген нығметтеріне Өзі қалағанындай шүкірлік етіп рақмет айту болып табылады. Бізді Алла Тағала жоқтан бар етті, күллі мақлұқтардың ішінде адам қылып сана мен ақыл берді. Біздің ішіп жеуіміз, қажетіміз үшін пайдалануға түрлі нығметтер берді. Жердегілер мен көктегілерді, тіпті судағы барлық жаратылысты бізге қызметші етіп қойды. Сонымен қатар, ең ұлы нығмет пайғамбарлар жіберіп тура жол көрсетті. Өзін еске алып, атын ұлықтату үшін иман берді. Айрықша пайғамбарлардың ішіндегі ең құрметтісі Хәзіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың үмметі қылды. Онымен қоса жәннатта мәңгі қалып Өзінің дидарын көрсетіп, ғажайып ғұмыр кешетінімізге уәде берді. Ал осы нығметтердің өтеуі үшін біз Алла Тағалаға Өзі қалағанындай рақмет айтуымыз керек. Қарапайым мысал: егер бір адам сіздің бір қажеттілігіңізді орындап, қол ұшын созса, сіз ол адамға рақметіңізді жаудырып, кездескен сайын ілтипат білдіріп, асты-үстіне түсер едіңіз. Сіздің өмірдегі болар болмас бір қажетеңізді өтегені үшін бір әлсіз адамға сонша рақмет айтасыз. Ал, оның милиондаған есесін сізге сұраусыз беріп жатқан Алла Тағалаға қалайша алғыс білдірмеске. Міне, Жаратушы Жаббар Хаққа сіздің айтқан рақметіңіз бен жасаған шүкірлігіңіз асылында оған жасап жатқан ғибадаттарыңыз. Алла Тағала қасиетті Құранында былай дейді:
«Уа, адамдар! Сендерді және сендерге дейінгілерді жаратқан Раббыларыңа құлшылық етіңдер..!»[1] - деген. Мінеки, адам баласының мына дүниеге жіберілуінің басты мақсаты өзін жаратқан Жаратушысын танып, оған құлшылық ету.
Ислам ғалымдары ғибадатты сала салаға бөліп қарастырған. Ғұламалардың еңбектерінде көрсетілгеніндей ғибадаттың үш түрі болады. Олар:

Дене мүшелеріміз арқылы жасайтын ғибадаттар. Мысалы: намаз оқу, ораза ұстау т.б.


Мал дүние арқылы жасалынатын ғибадаттар. Мысалы: зекет беру, садақа беру, жетім жесірлерге қол ұшын созу т.б.


Мал дүние және дене мүшелеріміз арқылы жасалынатын ғибадаттар. Оған мысал ретінде қажылықты айтсақ болады. Себебі, қажылыққа жағдайы жеткен адам егер денсаулығы жараса мал мүлкінің бір бөлігін сарп етіп, өзі барып құлшылығын жасауы тиіс.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет