Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Дәуіріштер асы туралы жазып көрсетіңіз



бет57/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған
195.Намаз үйренейік, Дәрігердің үшінші қаруы
Дәуіріштер асы туралы жазып көрсетіңіз

Дәуріштердің, сопылардың өмір сүру салты, күнделікті қолданылған ас-ауқаты өте қарапайым және нәпсіні тежеуді негізделген. Осыған орай тары дақылы,елдің ежелден бері қолданған асы кең қолданылған. Аталған тарыға байланысты Ахмет Ясауи және шәкірттеріне ілімін беруге қатысты аңыздар бар. Ахмет Ясауидің басында тәж болатын. Бұл тәж, күпі, шырақ, дастархан (сопыра), байрақ пен жайнамаз аманат ретінде Тәңір тарапынан Хз.Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.) берілген. Ол бұларды Әлиге, ол да имам Хасанға, имам Хасан имам Хусейнге, ол да имам Зайн ал-Абидинге ол ұлы Мұса Қазымға, ол ұлы иман Али Ризаға, Али Риза бұл аманатты Түркістанның 99 мың пірінің ұлы пірі-Қожа Ахмет Йасауиге тапсырған .



  1. Қарахан кесенесі туралы өз сөзіңізбен жазыңыз

Қарахан кесенесі - Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишаны Сайд Бакханов қаржыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне еліктеушілік байқалады. Қарахан кесенесі төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Артқы жағында екі мұнарасы бар. Кесененің қас беті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңт-тен солт-ке қаратыла қойылған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы кесененің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет