Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: 1. Ұжымдық бейсаналылытың психологиялық мәні қандай?
2. Юнг бойынша санаасты мәселесінің ерекшелігі неде?
3. Аналитикалық теория өкілдерінің еңбектіріндегі термин сөздерден глоссарий құрыңыздар
9 тақырып.Тұлғаның индивидуалды (даралық) теориясы
1. Тұлғаның даралық теориясына сипаттама. Тұлғаның тұтастығы мен бірегейлігі оның қайталанбастығы даралық психологияның негізі болып табылады. Бұл теорияны ұсынған австриялық психиатр әрі психолог Альфред Адлер (1870-1937). Ол психоаналитикалық бағытты жақтаушы Зигмунд Фрейдтпен тығыз қарым-қатынаста болып, кейінірек түрліше көзқарастарына байланысты ол ағымнан бөлініп, өзінің даралық психология тұжырымдамасын құрды. Оның көзқарасының Фрейдпен келіспеуінің негізі адамның мінез-құлқында даралық бейсаналылық инстинктілердің басымдылығын теріске шығаруында болды. Ал Адлер бойынша адамдардың қылықтары мен мінез-құлықтарын тума инстинктер емес, басқалармен қоғамдастық сезімі анықтайды.