1.1.Тұлға ұғымына түсінік. “Тұлға” термині әртүрлі мәнді береді. Оны зерттеумен түрлі, тіпті кейде бір-біріне қарама-қарсы тұратын теориялық білімдердің кең ауқымды спектрін қатмтитын, академиялық психология құрылымындағы ерекше бөлім айналысады.
Тұлға жайлы ғылым - “персонология” – бұл түрлі зерттеу стратегияларын қолдану жолымен адамның даралығын жақсы түсінудің іргетасын қалауға ұмтылатын пән. Тұлға психологиясының тағы бір өзіндік бітісті –зерттеуді бағалау, түсіндіру және болжау, қандай да болмасын даралық жағдайда негізделген шешімдерді шығару әдістерінің мәнділігі. Мұндай әдістерге сұхбаттасу, тестілеу, мінез-құлықты бақылау және тіркеу, физиологиялық реакцияларды өлшеу, өмірбаяндық және жеке құжаттарды талдау жатады. Сонда да, қазіргі заманғы тұлға психологиясын патопсихология және клиникалық психологиямен теңестіруге болмайды. Нақ анықтыққа қол жеткізу үшін персонологтар қалыптан ауытқыған индивид мінез-құлқынан гөрі, индивидтің қалыпты мінез-құлқына жүгінуді жөн көреді. Басқа жағынан, адамдар арасындағы айырмашылықтарға үлкен мән беретіндіктен, тұлға психологиясы басқа психологиялық пәндерден дәстүрлі түрде алшақтап кетті.
Зерттеу объектісі бола отырып, тұлға- эмоциялар, мотивация, ойларды, қайғырулар, қабылдау мен әрекеттер сияқты адамды сипаттайтын көптеген қырларды біріктіріп тұратын абстрактылы түсінік болып та саналады.
Тұлға деген сөздің өзі ( ағылшын тіліндегі -personalіty) латын тіліндегі -“persona” деген сөзден шыққан. Бастапқыда бұл сөз ежелгі грек драмаларындағы театр көрністерінде әртістер киетін бет-пердені аңғартты. Соған орай, басынан-ақ, “тұлға” түсінігіне адам арнайы өмірлік рольдерді ойнаған сәттерде даралықлыққа қол жеткізетін сыртқы әлеуметті бейне қосылған, яғни айналасындағыларға бағытталған қоғамдық бет әлпет.
Тұлға сонымен бірге, даралықлықтың өте айқын әрі ашық сипаттарының үйлесімділігі ретінде де қарастырылады. Соған орай, жасқаншақтық пен қайырымдылығы оның мінездік сипаты деп ескеріп, адам жайлы ол “тіл табысқыш тұлға” немесе “жасқаншақ тұлға” деп айтылатын болды. Сондай-ақ, тұлға термині персонологтардың көпшілігінің түсініктері бойынша адам мінезі мен әлеуметті дағдыларының бағасын шамаламайды. Мәселен, Эмма жайлы “қандай таңғажайып тұлға деп” айтқан кездері, біз оның қайырымдылығы, шынайылығы мен басқаларға қол ұшын беруге дайындығы жайлы айтамыз. Карл Роджерс тұлғаны: біздің басымыздан кешіретін қайғырулардың нақ ортасының мәнін ұзақ мерзімді, ұйымдасқан, субъективті қабылдайтын өзінділік (самость) терминімен суреттейді. Гордон Оллпорт тұлғаны - адамның әлеммен өзара әрекетінің сипатын үстемдей түсетін, ішкі “таң қаларлықтай” индивидуумның шынайы бетпердесі ретінде анықтайды.
Э.Эриксонның түсінігінше, индивидуум бүкіл өмір бойында психологиялық әлеуметтік дағдарыстардан өтеді және оның тұлғалылығы осы дағдарыстардың нәтижесін қызметін білдіреді.
Джордж Келли тұлғаны - әрбір индивидуумға тән өмірлік тәжірибені ұғынуға арналған бірегей тәсіл деп санады.
Рэймонд Кеттел, тұлға өзегінің құрылымы негізгі он алты бітістерден құрылады деп мүлдем басқа тұжырымдаманы ұсынды. Альберт Бандура болса, тұлғаны индивидуум, мінез-құлық және жағдайдың үздіксіз өзара әсерінің күрделі паттерн ретінде қарастырды. Тұлға жайлы көптеген теориялық анықтамалардың принципиальды тұрғыдағы сәйкестігі төмендегідей жалпы жағдайларды құрады:
Анықтамалардың көпшілігінде даралықлықтың мәні немесе даралық айырмашылықтар баса көрсетіледі. Бір тұлғаны басқалардан қандай ерекше сапалар немесе олардың қандай қисындары бөліп тұратынын тек даралық айырмашылықтарды зерттеу жолы арқылы түсінуге болады.
Анықтамалардың басым көпшілігінде тұлға қандай да бір гипотетикалық ұйымдасу немесе құрылым ретінде берілген. Яғни, тұлға- адам мінез- құлқын бақылау нәтижесінде қол жеткізілген қорытындыларға негізделген, абстракция болып келеді.
Көптеген анықтамаларда тұлғаны индивидуумның өмірлік тарихымен немесе даму болашағымен арақатынасында қарастырудың маңыздылығы ескертіледі. Анықтамалардың басым бөлігінде, тұлға мінез-құлықтың тұрақты түрлеріне “жауап беретін„ сипаттармен ұсынылған. Тұлға уақыт аралықтарында және өзгермелі жағдайларда тұрақты; ол уақыттың және қоршаған ортаның үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Жоғарыда келтірілген шектесу нүктелеріне қарамастан, әр автордың тұлға түсінігіне берген анықтамалары әр алуан.