2. Пәннің қысқаша сипаттамасы. "Педагогика" пәнінің бағдарламасы 5В010000 - "Білім" бағытындағы мамандықтарға арналған типтік оқу жоспарына сәйкес мамандарды дайындау үшін түзілген.
Курстың мақсаты болашақ мұғалімдердің кәсіби - педагогикалық құзырлығын қалыптастыру.
Курстың міндеттері: 1) студенттерді кәсіби іс-әрекет теориясымен қаруландыру болашақ мұғалімдерді дайындаудың негізі;
2) болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс-әрекетінің жүйелі түрде көрінуін қалыптастыру;
3) болашақ мұғалімдерде тұлғалық, мәнді, кәсіби (гумандық, педагогикалық ойлау, қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдеп, төзімділік т.б.) сапаларды қалыптастыру;
4) болашақ мұғалімдердің теориялық білімін тәжірибеде қолдана білу, іскерлікке қабілеттілігі ретінде түйінді құзырлығын қалыптастыру.
5) студенттердің өзіндік кәсіби білімін көтеруге, шығармашылықпен ғылыми ізденіс жұмысына дайындығын қалыптастыру.
Жоғары кəсіптік білім берудің мемлекеттік стандартының бітіруші түлек