5
|
«Күзгі жапырақ» (рельефті мүсіндеу)
|
Бедерлі мүсіндеу тәсілімен таныстыру; жалпақтау, кесу, шымшу әдістерін тиянақтау, түрлі құралдарды дұрыс қолдана білуге машықтандыруды жалғастыру. Маусымдық өзгерістер туралы білімін кеңейту; балалардың қиялын, ойлау қабілетін дамыту; бекқорлыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
1
|
|
|
6
|
«Тиін жаңғақ кеміреді»
|
Тиіннің тіршілік ортасы туралы түсінік беру, әдемі мүсін жасауға үйрету. Алған білім дағдыларын пайдалана отырып, тиіннің мүсінін жасау, дене бөліктерін біріктіріп қосу, табиғи материалдарды таңдай білу қабілеттерін қалыптастыру;баланың ойын, тілін, шығармашылық қабілетін, көркемдік талғамын дамыту; жан-жануарларға деген қамқорлық сезімін тәрбиелеу.
|
1
|
|
|
7
|
«Үйрек»
|
Балаларды кесек ермексаздан үйрек бейнесін мүсіндеуге үйрету. Білімдік:балалардың «үлкен–кіші», «көп–аз» ұғымы, дөңгелек және сопақша пішін туралы түсініктерін бекіту; Көркемдік талғамдарын, қиялдарын, ойлау қабілеттерін, саусақ икемділіктерін дамыту; ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
|
1
|
|
|
8
|
«Қоян бауырсақты кездестірді»
|
Ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын қалыптастыру, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін мүсіндей білуге және кеңістікте орналастыра білуге үйрету. Балаларды елестету арқылы таныс бейненің мүсінін жасау іскерліктерін жетілдіру; балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту; әсемдікті сезіне білуге, сүйіспеншілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |