Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер. Тымақ тігу
.
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға ұлттық киімдер жайлы түсінік беру. Ұлттық киімдердің ерекшелігімен таныстыру. Тымақты тігудің әдіс-тәсілімен таныстыру.
ә) Тәрбиелік: Ұлттық киімдерді атау және олардың ерекшелігі жайлы айта отырып, оқушыларды ұлттық салт-дәстүрді сақтай білуге тәрбиелеу. Тымақ тігуді үйрету арқылы іскерлікке, шеберлікке баулу.
б) Дамытушылық: Сабақта суретпен, матамен жұмыс істеу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, есте сақтау қабілетін арттыру. Ойын, қиялын дамыту.
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Сабақ түрі:Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сарамандақ жұмыс, сұрақ-жауап, ой қозғау, жазба жұмыстары.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі, бейнелеу өнері.
Сабақ көрнекілігі:Оқулық, суреттер, бұйымдар, сөзжұмбақ.