Байқауға қойылатын талаптар
3.1. Байқаудың облыстық кезеңіне қатысу үшін келесі материалдарды ұсыну қажет:
аудандық және қалалық білім бөлімдерінен байқауға қатысуға өтінім;
штаттық және қашықтан өткізілген сабақты әзірлеудің электронды нұсқасы (ҚМЖ және сабақтан видео үзіндіні centr_shygys@mail.ru электрон почтасына жіберу).
3.2. Қатысушылар ұсынылған құжаттар негізінде байқауға тіркеледі.
3.3. Байқау жұмысын бағалау өлшемдері:
Сабақтың жалпы мақсатқа жету айқындылығы. Сабақтың қойылған мақсаттарға жетуге бағыттылуы.
Сабақтың жаңартылған мазмұндағы негізгі орта білім деңгейінің 5-7 сыныптарына арналған «Өлкетану» оқу курсына сәйкестігі.
Сабақ құрылымының ұтымдылығы.
Пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің жаңашылдығы.
Білім, білік және дағдыларды тексерудің, бағалаудың және түзетудің стандартты емес нысандарын қолдану.
Өзіндік шығармашылық ізденісінің көрінуі.
Көрнекіліктерді, АКТ-ны тиімді және сауатты пайдалану.
Оқушылармен кері байланысты ұйымдастыру.
Сабақты сипаттау жүйелілігі.
Мәтін материалының сауаттылығы.
3.4. Ұсынылған материалдарды қарау нәтижелері бойынша комиссия байқау жеңімпазын анықтайды.
3.5. Байқау комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді, комиссия төрағасы, хатшысы және мүшелері қол қояды.
3.6. Байқау жеңімпаздар І (1), ІІ (2), ІІІ (3) дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Комиссия қосымша аталымдар (номинациялар) құру құқығын өзіне қалдырады.
Қосымша 1.
Достарыңызбен бөлісу: |