¤зен аѓысына байланысты мєселе есептер



бет6/6
Дата06.02.2022
өлшемі45,5 Kb.
#64863
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Озен агысына байланысты
Екінші энергия көздері
25 км/сағ




  1. Турист 160 км-дің бөлігін автомашинамен, ал қалған бөлігін катермен жүріп өтті. Катердің жылдамдығы автомашинаның жылдамдығынан 20 км/мағ аз. Турист автомашинамен катерге қарағанда 15 мин артық жүрген. Автомашина мен катердің жылдамдықтары қандай? (60;80); (80;100)




  1. Кварталда 8 көпқабатты үй салынды. Олардың орташа биіктігі 38 м. Егер сегіз үйдің төртеуінің орташа биіктігі 29 м болса, онда қалған төрт үйдің орташа биіктігі қандай болғаны? 47 м




  1. Катер арасы 96 км А – дан Б-ға өзен ағысы бойынша және керісінше жүзуге 14 сағ уақыт жіберді.Бір мезгілде катермен бірге А-дан сал шықты. Катер қайтар жолда А-дан 24 км қашықтықта салды кезіктірді. Катердің тынық судағы жылдамдығын және су ағысының жылдамдығын табу керек. 14;2




  1. Өзен бойындағы екі қаланың ара қашықтығы 80 км. Теплоход бір қаладан екіншісіне барып, қайтуға 8 сағ 20 мин жұмсайды. Өзен ағысының жылдамдығы 4км/сағ. Теплоходтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз. 20




  1. А пунктінен өзен ағысымен сал жіберілгеннен кейін 5 сағ 20 минут өткен соң салдың соңынан моторлы қайық шығып, 20 км жүзгеннен кейін салды қуып жетті. Егер моторлы қайық салдан 12 км/сағ жылдам жүретін болса, салдың жылдамдығы неге тең? 3




  1. Моторлы қайық өзен ағысымен 28 км жүзіп барып, бөгелместен кері қайтты. Барып – қайтуға 7 сағат уақыт кетті. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ екендігі белгілі. Қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз. 9




  1. Катер өзен ағысымен 15 км және 4 км суда жүзді. Барлық жолға 1 сағ уақыт кетті. Өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ болса, онда катердің өзен ағысымен жүзгендегі жылдамдығын табыңыз. 20


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет