Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет53/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

11. Азот қышқылының қасиеттері. (жұмысты тартпа шкафта жүргізу керек). а) Ыдырау процесі. Алдыңғы тәжірибеде алынған азот қышқылын сынауыққа құйыңдар, оны штативке тік бекітіп қыздырыңдар. Сынауықтың аузына шоқталған шыраны апарыңдар. Не байқалады? Азот қышқылының ыдырау теңдеуін жазыңдар.

ә) Концентрлі азот қышқылының металдарға әсері. Бір сынауыққа қалайы, екіншісіне мырыш түйірін салып екеуіне де концентрлі азот қышқылын құйыңдар. Қандай газ түзіледі? Қалайы әрекеттескенде қалайы қышқылы түзілетінін ескеріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.

б) Сұйытылған азот қышқылының металдарға әсері. Бір сынауыққа орташа сұйытылған (20%) азот қышқылын құйып аздап темір ұнтағын немесе жаңқасын салыңдар. Қандай газ түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар.

Бір сынауыққа мырыш, екіншісіне - қалайы түйірін және екеуіне де өте сұйытылған азот қышқылын құйыңдар. Бірнеше минут шайқаңдар. Ерітіндісін құйып алып, онда түзілген аммоний ионының бар екенін дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.

в) Алюминийді концентрлі "түтінді" азот қышқылымен пассивтендіру: Сынауыққа аздап эквивалентті концентрациясы 2 моль/л-ге тең тұз қышқылын құйып, оған бір түйір алюминий салыңдар. Не байқалады? Қышқылдан алюминийдің түйірін шығарып алыңдар, оны сумен жуып, сүзгі қағазында құрғатып 10-тәжірибеде алынған азот қышқылына батырыңдар. Бірнеше минуттан кейін алюмииийді шығарып алып, сумен жуып (шайқамай) қайтадан тұз қышқылына батырыңдар. Енді сутегі бөліне ме? Түсіндіріңдер.

г) Концентрлі азот қышқылының бейметалдарға әсері. Фарфор табақшаға аздап концентрлі азот қышқылын құйыңдар, күкірт түйірін салып қыздырыңдар. Не байқалады? Суытқаннан кейін сұйықтықты суы бар сынауыққа құйып, ерітіндіде күкірт қышқылы түзілгенін дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.

д) Азот қышқылының күрделі заттарға әсері. Сынауықта аздап сұйытылған азот қышқылын қыздырып, оған күкіртсутегін Кипп аппаратынан жіберіңдер. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Азот қышқылының маңызы қандай? Сынауыққа мыс (II) сульфидін салып, 1-2 мл концентрлі азот қышқылын құйып шайқаңдар. Не байқалады? Түсіндіріңдер.

е) Азот қышқылының органикалық заттарға әсері. Жүн матаның кесіндісіне шыны таяқшамен бір тамшы азот қышқылын тамызыңдар. Жүн мата қалай өзгереді? Байқаңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет