№1.Зертханалық жұмыс
« Microsoft Visual C++ интегралды өңдеу ортасы (MVC++)
(IDE - Integrated Development Environment)»
"С++ программалау тілінде енгізу және шығару операторлары"
Жұмыстың мақсаты: MVC++интегралды өңдеу ортасын үйрену, енгізу және шығару операторлары, математикалық функциялар. Осы операторлардың көмегімен құрылған программаны безендіру.
1.Microsoft Visual C++ интегралды өңдеу ортасы (MVC++)
(IDE - Integrated Development Environment)
Microsoft Visual C++ интегралды өңдеу ортасы (IDE - Integrated Development Environment) Visual C++ тілінде программа жазу үшін қолданылады. Бұл жерде программа жазу үшін барлық керекті құрал-саймандар орналасқан. IDA Visual C++ келесі негізгі компоненттерді құрайды.
1. Редактор (Editor) - С++ кодын енгізу, тексеру, қарау үшін қолданылады.
2. Компилятор (Compiler) - С++ кодын трансляциясын объекті кодты орындайды
3. Компоновщик (Linker) – объектік код пен кітапханалық модульдердің біріктірілуі нәтижесінде орындалатын файлдар құрады.
4.Кітапханалар (Libraries) – қолданылатын программада пайдаланылатын алдын-ала жазылған модульдерді қолдайды. Microsoft Windows басшылығымен жұмыс жасайтын программаларды жасауда қолданылатын кітапханалардың бірі Microsoft Foundation Classes (базовые классы Microsoft, или MFC)- тен тұрады. С++ стандартты кітапханасы енгізу-шығару операцисын және басқа да С++ тілінің стандартты мүмкіндіктеріне жол ашады.
5. AppWizard, ClassWizard және Resource Editor (Редактор ресурсов) сияқты құрал – жабдықтар .
Visual C++ -та AppWizard - объекті кодтың генераторы. ClassWizard арқылы класстар құруға және басқаруға болады.
Visual С++ жұмыс экраны 3 терезеден тұрады.
1.Project Workspace терезесі (Проектінің жұмыс облысы) экранның сол жағында орналасқан. Бұл терезе үлкен программаларды басқаруға көмектеседі.
2. Editor (Редактор) терезесі Project Workspace терезесінен, оң жақта орналасқан. Бұл терезе бастапқы кодты тексеру және енгізу үшін қолданылады.
3.Output (Шығару) терезесі экранның төменгі бөлігінде орналасқан. Бұл терезеде командалар орындалған кездегі қателіктер мен орындалу реті туралы мәліметтер бейнеленеді.
Жаңа 1 файлды консольды программаны құру және орындау:
1.File (Файл) менюінен New (Жаңа) пунктін таңдау.
2.Files (Файлдар) бөлімін шерту.
3.C++ Source File (С++ бастапқы файл) файлдың типін таңдау.
4.ОК кнопкасын шерту.
5.Редактордың жаңа терезесі шығады. Сол терезеге программаның кодын теруге болады.
Файлды компиляциялау үшін аттас менюінен Build (Компоновка) пункті таңдаймыз. Сұхбат терезесінде проектінің жұмыс облысын құру туралы сұраныс шығады. Иә деп жауап беріңіз. Файл компиляциаланып және барлық кітапханалардағы файлдармен байланысады.
7.Программаны жіберу үшін Build (Компоновка) менюінен Execute (Жіберу) файлдың типін таңдау.Егер барлығы дұрыс болса, программаның нәтижесі терезеге шығады.
8. Егер программада қате болса, онда Output терезесінде пайда болады. Егер кез-келген қате қатарға 2 рет шерткенде, программа жазылған терезеде қате кеткен қатарды көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |