Енгізу және шығару операторлары, математикалық функциялар. Осы операторлардың көмегімен құрылған программаны безендіру. Microsoft Visual C++ интегралды өңдеу ортасы (mvc++)



бет2/3
Дата17.10.2022
өлшемі175,5 Kb.
#153461
түріПрограмма
1   2   3
Байланысты:
1 Зертханалық жұмыс (1)

Теориялық мәліметтер

2.1. Программаның структурасы
С++ тілінде кез-келген программа орындауға қажетті іс - әрекеттен тұратын бір немесе бірнеше функциялардан тұрады. Кез-келген программа main функциясынан басталады. Ары қарай программаны тексті, фигуралы жақшамен аяқталады. Сонымен программаның структурасы мынадай түрде болады:

int main ( )


{
Программа денесі
return 0;
}

Қарапайым жағдайда main функциясының аргументті болмайды, сондықтан жақшаның ішіне ештеңе жазылмайды. cin және cout объектілердің көмегімен ақпаратты енгізу және шығару программасының жұмысы үшін main функцияның алдына келесі жазуды жазу керек:


#include


2.2. Тілдің алфавиты және мәліметтер типі
Тілдің алфавиты латынның кіші және үлкен әріптерінен, сандардан және арнайы белгілерден тұрады. Соңғыларына мыналар жатады: .(нүкте), , (үтір), ‘ (апостроф), : (қос нүкте)
Тілдің маңызды түсінігі объектінің аты ретінде қолданылатын идентификатор болып табылады. мысалы, айнымалы, функциялар және т.б. Идентификатор 32 символдан және ол әріптен, саннан және «подчеркивания» символынан тұрады, міндетті түрде әріптен және «подчеркивания» символынан басталады. Кіші әріптер үлкен әріптерден ерекшеленеді, SIGMA және sigma идентификаторлары әр түрлі болып есептеледі.

С++ тілінде бірнеше мәліметтер типі бар. Әрбір тип келесі кілтті сөздермен анықталады.


1.int (бүтін)- барлық бүтін сандар жататын мәндерді береді. Барлық мүмкін мәндер диапазоны мынадай шекте жатады:2147483648 ден 2147483647 дейін, int типті айнымалы 32 битті орынды алады;
2.short (қысқа бүтінді) – int типінен үлкен болуы мүмкін емес, бұл типтегі айнымалы 16 битті орынды алады.
3.long (ұзын бүтінді) – int типінен кіші болуы мүмкін емес, бұл типтегі айнымалы 32 битті орынды алады және мыныдай шекте жатады:2147483648 ден 2147483647 дейін.
4.char (символдық) – әр түрлі символдан тұратын мәндерді береді;
5.unsigned (таңбасыз)-С++ тілінде unsigned (мысалы, unsigned short) модификатордың көмегімен кейбір типтерді таңбасыз етіп жариялауға болады.Бұл дегеніміз сәйкес айнымалылар теріс мәнге ие болмайды.Нәтижесінде олар символдық типтерге қарағанда үлкен оң мәндерге ие болады. int типінде «unsigned int a;» орнына «unsigned a;» деп жариялауға болады;
6.float (нақты) – нүктемен ажыратылған бөлшек бөлігі бар нақты сандар жататын мәндерді шығарады. Сонымен қатар нақты сандар экспоненциальды формада жазылуы мүмкін. Мысалы, -1.58е+2 ( -1,58·102 -не тең). float типті айнымалы 32 битті орынды алады.+3.4е-38 ден +3.4е+38 дейін диапазондағы мәндерді қабылдайды.
7.double (екі ретті нақты)-float типінен 2 есе көп орынды алатын нақты айнымалыларды анықтайды. double типті айнымалы 64 битті орынды алады.+1.7е-308 ден +1.7е+308 дейін диапазондағы мәндерді қабылдайды.
2.3.Операторлар және өрнектер
Өрнектер С++ тілінің программасында кеңінен қолданылады және айнымалыларды есептеу үшін формулалар бар. Олар операциялық белгілермен (қосу, азайту, көбейту және т.б.) біріктіріген операндылардан (айнымалылар, тұрақтылар және т.б.) тұрады. Өрнектердің мәнін есептеудің орындалу тәртібі олардың приоритетімен анықталады және дөңгелек жакшалардың көмегімен реттеледі. Арифметикалық өрнектер көбінесе меншіктеу операторында пайдалынады. Бұл оператор сол жақтағы тұрған айнымалының мәнін оң жақтағы тұрған айнымалының мәніне айырбастайды және келесі түрде болады:
айнымалы = өрнек;
С++ тілінде кішіреюі, үлкеюі және т.б. сияқты өзгерістерге рұқсат бермейтін const модификаторы қолданылуы мүмкін.
Мысалы:
const float a=3.5;
С++ тілінде қолданылатын арифметикалық операциялар 1 кестеде берілген
1 кесте

Операциялар белгісі

Орындалуы

+

Қосу



Азайту

*

Көбейту

/

Бөлу

%

Модуль бойынша бөлу

Модуль бойынша бөлгендегі нәтиже, бөлгендегі қалдық болып табылады. Мысалы, егер b=5, c=2 болса, а=b%c орындалуының нәтижесінде айнымалы 1 деген мәнді береді.


С++ тілінде программалау кезінде пайдалынылатын кейбір функциялар 2 кестеде берілген
2 кесте

Математатикалық жазу

СИ тіліндегі жазу

| X |

int abs(int X)

| X |

float fabs(float X)

arccos X

double acos(double X)

arcsin X

double asin(double X)

arctg X

double atan(double X)

cos X

double cos(double X)

sin X

double sin(double X)

tg X

double tan(double X)

eX

double exp(double X)

ln X

double log(double X)

log X

double log10(double X)

√X

double sqrt(double X)

XY

double pow(double X, double Y)

С++ тілінде программаны оқуға және түсінуге көп көмек беретін комментарияларға маңызды роль беріледі. Коментариялар программаның кез – келген жерінде болуы мүмкін және олар мынадай символдармен белгіленеді: /* , */.


С




болса
И тілінде мысалды қарастырайық. Есептеу керек:
Математикалық функциялармен жұмыс кезінде main функциясының алдына мына қатарды енгізу қажетті
#include
Программа на С++ имеет вид:
#include
#include
int main()
{
float z,f,k; /*нақты типтердің жариялануы z,f,k*/
double y,a,b,c,d,x; /*y,a,b,c,d,x екі ретті нақты айнымалылардың жариялануы*/
cout<<”введите z=”;
cin>>z;
cout<<”введите f=”;
cin>>f;
cout<<”введите x=”;
cin>>x;
cout<<”введите k=”;
cin>>k;
cout<<”введите d=”;
cin>>d;

a=log(x)+(z+f)/k;


b=sin(x)+tan(x);
c=pow(d+exp(x),1.0/5);
y=(a+b)/c;
cout<<”a=”<return 0;
}

Тапсырма



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет