English Grammar. Lesson 1: Alphabet (Ағылшын алфавиті)



бет31/40
Дата08.07.2022
өлшемі0,62 Mb.
#147358
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
АНГ Грамматика ереже

to do — негізгі етістік
I do (мен істеймін), they do (олар істейді), she does (ол (қыз) істейді) …


to do — көмекші етістік
Сұраулы сөйлемдерде “Do you …”, “Do they …” деп келетін түрлеріндегі to do етістігі көмекші етістік ретінде қолданылады. Көмекші етістіктерді ағылшын тілінде “auxiliary verbs” деп атайды. Көмекші етістіктері бар сөйлемде міндетті түрде негізгі етістік болады және ол алғашқы формасында жазылады. Мысалы:
Do you come tomorrow? | Did he take the ball?
to do екпінмен айтылатын болымды лепті сөйлемдерде
to do етістігі бұл түрде көп қолданылмайды. Ағылшын тілі грамматикасында бұл түр, көп жағдайларда, қарастырылмайды. Сондықтан да, кейбіріңіз үшін жаңалық болуы да мүмкін.
to do етістігі қатысатын екпінді сөйлемдер міндетті түрде болымды түрде және лепті сөйлем болуы тиіс. To do сөйлемге екпін береді (emphasis). Мұндай сөлемдерде қалыпты сөйлемдегідей негізгі етістігі болады, оған to do тек қосымша, үстеме ретінде қосылады. Мысалы:
I do like this film! — Мен мына фильмді ұнатамын!
Saken did like this shirt! — Сәкен мына жейдені ұнатты!

Ағылшын тілі грамматикасы. 25-сабақ: A little/a few and little/few


Тақырыптың жазылуы қандай түсініксіз болса, сабақ та солай түсініксіз тақырып төңірегінде болмақ. Түсініксіз дегенге мүлдем түсініксіз екен деген ой болмасын. Түсінесіз, қазір осы сабақты оқып отырып түсінесіз, бірақ үйренгеніңізді қолданбасаңыз қайтадан түсінбей қаласыз. Назар салып қараңыз, a little мен little сөздерінің жазылуы бірдей емес, тек ұқсас. A few мен few сөздері де сол секілді.
A little and a few
A little және a few сөздерінің мағынасы бірдей, “аз, аздаған” және “бірнеше” дегенді бідіреді. Бірақ қолданылу ерекшеліктері аздап басқаша. Болымды сөйлемдерде қолданылады. A little және a few сөздерінен кейін келетін саналатын зат есімдер көпше түрде болады, ал саналмайтын зат есімдер негізгі формасында болады. Саналмайтын зат есімдердің кейбірінің мағынасы көпше түрдегідей мағынаны береді (мысалы: су. Су саналмағанымен оның мөлшері көп).
A little дегенді саналмайтын зат есімдермен (uncountable nouns) бірге болымды сөйлемдерде (мағыналық жағынан да болымды сөйлем) қолданамыз. Мысалы: a little milk –аздаған, аз сүт, a little honeyаздаған бал, a little money – аздаған ақша. 3 money (қате) – a little money (дұрыс).
A few-дің де мағынасы “аздаған, бірнеше” дегенге саяды. Бірақ a little секілдісаналмайтын емес, керсіне, саналатын заттармен қолданылады. Мысалы: 3 friends – a few friends (бірнеше дос), a few dogs (бірнеше ит, аздаған ит (саны көп емес)), a few apples (бірнеше алма).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет