up — жоғары қарай, жоғарыға. Бұл сөздің мағынасы жоғарыдағы down сөзінің мағынасына қарама-қарсы. Қозғалыстағы дене төменнен жоғарыға қарай бағытталғанда up
up — жоғары қарай, жоғарыға. Бұл сөздің мағынасы жоғарыдағы down сөзінің мағынасына қарама-қарсы. Қозғалыстағы дене төменнен жоғарыға қарай бағытталғанда up көмекші сөзін қолданамыз. Мысалы:
He went up the hill — Ол қырға (жоғарыға) қарай кетті.
Қазақ тілінде бұл мысалдағы “қырға” және “жоғарыға” деген сөздерді қатар қолдануға болмайтындықтан (екеуі бір мағынаны береді) “жоғарыға” деген сөзді алып тастауымызға болады. Немесе, “Қырға қарай шығып кетті” деп айтуымызға да болады.
from — қозғалыстың қандай орынан (мекеннен) бастау алғандығын білдіреді. From-ның қазақша тікелей немесе жанама аудармасы жоқ, қолданыс аясы өте кең көмекші сөз. Дегенмен, бағытқа қатысты қолданылатын жағайда “жақтан” деген көмекші сөзді балама етіп алуымызға болады. Тағы шығыс септігінің (кімнен? неден? қайдан?) -нан (-нен), -тан (-тен), -дан (-ден) жалғауларын зат есімге жалғау арқылы сөйлемдегі from көмекші сөзінің орнын толтыруға болады. Мысалы:
Where is Anar from? — Анар қай жақтан (қайдан) болады?
She is from Aktau — Ол — Ақтаудан (Ақтау жақтан).
to — қозғалыстың қандай орынға (мекенге) бағытталғанын білдіреді. To-дың қазақша тікелей немесе жанама аудармасы жоқ, қолданыс аясы өте кең көмекші сөз. Дегенмен, бағытқа қатысты қолданылатын жағайда “жаққа” деген көмекші сөзді балама етіп алуымызға болады. Тағы барыс септігінің (кімге? неге? қайда?) -ға (-ге), -қа (-ке) жалғауларын зат есімге жалғау арқылы сөйлемдегі to көмекші сөзінің орнын толтыруға болады. Мысалы:
I’m going to Aktobe — Мен Ақтобеге (Ақтөбе жаққа) барғалы жатырмын.
Can you come to me? — Сіз маған (менің үйіме) келе аласыз ба?
From мен to көмекші сөздеріне қатысты екі түрлі тұжырымдама: A) Бір жерден екінші жерге қарай бағытталған қозғалыс: From мен to көмекші сөздерінің мағыналары мен бағыттарын down және up көмекші сөздері секілді антонимдер (мағыналары қарама-қарсы) ретінде қарастыруға болмайды. From мен to көмекші сөздері қозғалыстағы дененің шыққан жері мен баратын жерін бағыт арқылы ғана білдіреді. Яғни, бір жерден екінші жерге баруды түсіндіреді. Мысалы: From Almaty to Shymkent — Алматыдан Шымкентке;
B) Бір жерге (орынға) ғана қатысты қозғалыс: From мен to көмекші сөздерінің мағыналары мен бағыттары бір-біріне қарама-қарсы болып келеді. Себебі, қозғалыстағы дене бір жерден шығып, сол жерге қайта оралады (қайтады). Мысалы: I’m coming from Almaty — Мен Алматыдан келе жатырмын; I’m going to Almaty — Мен Алматыға келе жатырмын.
Соңғы екі мысалдан қозғалыстың бағытына байланысты, жерге (орынға) байланысты from және to көмекші сөздерінің мағыналарының әр түрлі екендігін көреміз. A нұсқасында бағыттас, B нұсқасында қарама-қарсы бағытта.