Т. Молдағалиев – қазіргі таңдағы қазақ поэзиясының дамуына зор үлес қосқан көрнекті ақын. Ақын 1935 жылы Алматы облысының Жарсу ауылында дүниге келген. Т.Молдағалиев - жас ұрпақтың тамаша тәрбиешісі, ұлағатты ұстазы. Оған “Жалында”, “Балдырғанда” атқарған қызметтері дәлел. Студент кезінің өзінде-ақ “Студент дәптері ” деп аталатын жыр жинағымен халқын қуантып, дарынды ақын атанған. Т.Молдағалиев әр алуан тақырыпта қалам тартқан. Табиғат лирикасына, туған жеріне т.б тақырыпта жазылған өлеңдері сезімге толы.
Ақындықтың абзалы, халқымыздың сүйікті ұлының 70 жасқа толған мерейтойы өткен жылдың қараша айында Республика көлемінде кеңінен аталып өтілді.
Жерлес жазушы, белгілі қаламгер Сәбит Мұқановтың пікірін тыңдау.
Т. Молдағалиевтің жас кезінен аса дарынды, шоқтығы биік ақын болғандығын көреміз.
Әбіш Кекілбаевтың Тұманбай ақын туралы пікірін тыңдау.
Тұманбай ақынның ақ пейіл, сезімтал ақын, бауырмалдық дәріпшісі екендігін “Бауырлар” өлеңінен байқаймыз.
Өлеңді мен бала кезімнен бастап жаздым. Бірақ ол кездегі өлең емес, тек өлеңге еліктеу болатын. Алғаш газет бетін көрген өлеңім 1951 жылы күзде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының «Үлгілі колхоз» дейтін газетіне шықты. Газет редакторы Үсенбай Тастанбеков ағай (қазір Қаскелеңде тұрады) поэзияны жақсы көретін адам екен. Менің аяғын апыл-тапыл басқан балапан жырларымды, махаббат лирикаларымды газетінің бетіне анда-санда болса да басып тұрды. «Келешекте сен ақын боласың» деген сенімге менің жас көңілімді, жас талабымды байлаған да сол ағай еді. Бір күні сол кісіден хат алдым. Ол кісі өз хатында «Тұманбай, сенің ақындық қанатың қатая бастады. Енді өлеңдеріңді облыстық, республикалық әдеби басылымдарға да беруге болатын шығар. Талабыңа нұр жаусын» депті. Содан мен бір өлеңімді сол кезде шыға бастаған,