Әннің бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



бет7/7
Дата19.02.2017
өлшемі1,04 Mb.
#10451
1   2   3   4   5   6   7

Көпбұрыш салу


Көпбұрыш мәзірін ашып, көпбұрыш сайманын таңдаңыз.

SHIFT батырмасын басып тұрып, көпбұрышты центрінен бастап салуға болады. Ал CTRL пернесін басып тұрып, симметриялы көпбұрыш салу мүмкіндігі бар.


Көпбұрышты өзгерту


Көпбұрыштың жақтарының санын өзгерту – ол үшін қасиеттер панелінде көпбұрыштың, жұлдыздың, күрделі жұлдыздың жақтарының немесе төбелерінің санын енгізіп, Enter пернесін басу керек. Көпбұрышты жұлдызға ауыстыру үшін, көпбұрышты және форма сайманын таңдап, көпбұрыштың түйінінде тышқан батырмасын жылжыту арқылы қажетінше жұлдызша жасау керек.


Спираль салу

Спираль салудың екі түрі бар: симметриялы және логарифмдік. Симметриялы спираль біркелкі оралымдардан тұрады, ал логарифмдік орам айналған сайын оның қадамдары үлкейе түседі.





Тор салу

Торды бағаны мен қатарының санын көрсетіп салуға болады. Тор – тіктөртбұрыштардың тобы, оларды ажыратуға болады.



Саймандар қатарынан таңдап, қасиеттер панелінде жоғарғы сан – бағандар санын, төменгі сан – қатарлар санын көрсетіңіз. Егер торды центрінен бастап салу керек болса, SHIFT батырмасын басып тұрып, ал торлардағы ұялар өлшемі бірдей болу керек болса, онда CTRL пернесін басып тұрып салыңыз. Ал егерде, торды алып тастау керек болғанда, сайманын таңдап, Упорядочитьотменить группировку командасын орындау керек.
Стандартты фигуралар салу

Дұрыс фигуралар коллекциясын пайдаланып, стандартты фигуралар салуға болады. Белгілі бір фигуралар, мысалы, негізгі фигуралар, бағыттауыш фигуралар, баннер фигураларын және ескертпе фигураларында глифтер бар. Глифті жылжыту арқылы фигураны өзгертуге болады. . Глиф – ромб түріндегі маркер, оны жылжыту арқылы фигураны өзгертуге болады.


Стандартты фигураға мәтін қосу


  1. мәтін сайманын таңдаңыз.

  2. Курсорды мәтін жағдайына өзгеретіндей етіп фигура абрисінің ішіне орналастырыңыз.

  3. Мәтінді енгізіп, қарібін таңдап, форматтаңыз.


Фигураларды тану функциясын қолданып, фигура немесе сызық салу


  1. Интеллектуалды сурет салу сайманын таңдаңыз

  2. Қасиеттер панелінен Уровень распознавания және Урофень сглаживания көрсетіңіз

  3. Терезеде сызық немесе фигура салыңыз.


Тіктөртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, стандартты фигуралар, тор, жұлдызша, дөңгелек, доға салу

Практикалық сабаққа тапсырма:

  1. Тіктөртбұрыштың көмегімен үйдің негізін салыңыз.

  2. Көпбұрыштың көмегімен шатырын салыңыз.

  3. Тіктөртбұрыштың көмегімен терезелерін салып, оның бұрыштарын дөңестетіңіз.

  4. Енді есікті салыңыз.

  5. Интеллектуалды сурет салу сайманының көмегімен бұлттарды салыңыз.

  6. Тордың көмегімен шахмат тақтасын салыңыз

  7. Спиральдың көмегімен бірнеше түсті орамдар салыңыз

  8. Көркемдік безендіру құралының көмегімен үйдің айналасына шөптер салып, гүл отырғызыңыз.

  9. Күрделі жұлдыздың көмегімен шуағын шашып тұрған күнді бейнелеңіз.

  10. Баннер фигурасын салып, оған құттықтау мәтінін жазыңыз.

  11. Эллипстің көмегімен аулада балалар ойнайтын айналдырғыш (карусель) салыңыз.

Тапсырма: Медальон сызу


  1. Эллипс (Ғ7 батырмасы) құралын пайдаланып шеңбер сызыңыз.



  1. Еркін форма (F5-"свободная рука") құралын пайдаланып, «Лавр» жапырағы формасын салыңыз.



  1. Оны белгілеп алып, градиент(F11-диалог градиентная заливка) батырмасын басып, жапырақты «gold» түсімен бояңыз.


4. Лавр жапырағы алтын түске боялған соң, оны белгілеп алып , Правка –Копировать және Правка-- Вставить командасын орындап, жапырақ көшірмесін алыңыз. Оны белгілі бағытқа бұру үшін суретке барып тышқанды екі рет шертіңіз. Қалауыңызша жапырақты бұрыңыз. Осы әрекетті бірнеше рет орындаңыз.

  1. Пайда болған гүл шоғын толық белгілеп алып, Изменение—Групп командасын орындаймыз.

  2. Екінші дәл осындай гүл шоғын алу үшін, белгілеп көшірмесін алыңыз

  3. Оны қарама-қарсы бағытта бұру үшін Қасиеттер панеліндегі бұру батырмасын басыңыз

  4. Шеңбердің ішкі бөлігіне заливка жасаймыз. Заливка түсі алтын түспен болуы қажет.

  5. Құралдар қатарындағы текс енгізу батырмасын таңдап, шрифт өлшемін 120пт қойып, Қалың қою түрін таңдап «KZ kazakstan» сөзін жазыңыз.

  6. Оны Шеңбер ішіне орналастырыңыз.




Сабақты қорытындылау, бағалау. Жасалынған жұмыс нәтижесі бойынша және теорияны ұштастыру мақсатында ауызша сұрақтар қою

  1. CorelDRAW векторлық редакторында объектілермен жұмыс: ерекшелеу, көшірмесін алу, дубликатын жасау, клонировать ету, бекіту, бұру, теріс қарату, топтау, бұрмалау үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?

  2. . PowerClip объектілерін құру, бір объектіден екінші объектіге эффектілер көшіру үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?.

Әдебиет [§2, 30-39 б.]

Мультимедиялық сүйемелдеу: AutoCAD бағдарламасы бар компьютерлік кабинеттер.
Тақырып 5: WEB-сайт құру

Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:

  • Жоспарлау;

  • Элементтерді жасақтау;

  • Бағдарламалау;

  • Тестілеу;

  • Жариялау;

  • Жарнамалау;

  • Бақылау.

Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:

  1. Сайттың орны.

  2. Сайттың аудиториясы кімдер.

  3. Қандай ақпарат жарияланады.

  4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.

Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:

  1. Навигациялық құрылымын жасау.

  2. Беттің дизайнын жасау.

  3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.

Бағдарламау

Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда.

Тестілеу

Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:


  1. Сілтеменің жұмысы;

  2. Мәтіндегі қателер;

  3. Навигацияның тиімділігі.

  4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.

  5. Графикалық файлдардың ашылуы.

  6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.

Жариялау

Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.



Жарнамалау

Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:



  1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;

  2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;

  3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;

  4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.

Бақылау

Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек.



Тапсырма: WEB-сайт құру

1 Командаларды қолданып берілген сурет бойынша сызуды орындау.



Әдебиет [§3, 45-59 б.]

Мультимедиялық сүйемелдеу: AutoCAD бағдарламасы бар компьютерлік кабинеттер.
Тақырып 6: WEB-дизайн

HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі.

HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera.

HTML тiлiнде колданылатын командаларды “тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз.

Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы,

тегтiң жұмысын ашады да келесi тегi оны жабады. ашылуы, жабылуы.

Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, т.с.с.

Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз.

 

Құжаттың структурасы


HTML құжаттың негізгі структурасы төмендегідей:

 





<p>… <br /> <br />











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет