Сұрақтардың жауабы.
1. Енші деген не? ( балалары ержетіп үй болғанда ата — анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды)
Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар….. (шеше көрген тон пішер)
2. Байғазы деген не? ( балалардың, жастардың жаңа киім үшін ( мысалы: жаңа көлік, диплом) берілетін ақшалай, заттай сыйлық.)
Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге…..( қыздың ұяты шешеге)
3. Ерулік деген не? ( Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады)
Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе….. ( Ұшқанда соны іледі)
4. Көрімдік деген не? ( Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге беріледі. Мұның
маңызы жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады)
Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер….. (Ауылдың сәнін қыз келтірер.)
5. Бастаңғы деген не? ( үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып,
жолаушылардың басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын деген ниетпен бас қосып ойын — сауық құрады)
Мақалды жалғастыр. Әдепті бала — арлы бала….. ( Әдепсіз бала – сорлы бала)
6. Сыбаға деген не? ( құрметті қонаққа н\е өздерінің жақын жуығына арнап сақталған кәдені ет мүшелерін сыбаға деп атайды. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдеті сақталады.)
Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.
7. Дина Нүрпейсова
Мақалды жалғастыр. Су ішкен құдығыңа түкірме түкірме
8. Қазақ қыздарының бас киімдері тақия, бөрік, сәукеле
Мақалды жалғастыр. Анасыз үй-панасыз,Атасыз үй-батасыз.
9. Сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу.
Мақалды жалғастыр. Білім арзан білу қымбат
10. Құрбан айт, ораза айт
Мақалды жалғастыр.Мал ашу-жан ашуы.
Достарыңызбен бөлісу: |