Сабақтың мақсаты: Білімділігі



бет1/5
Дата24.05.2017
өлшемі492,43 Kb.
#16974
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық бас киімдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық бас киімдері туралы, олардың түрлері және пайдалану ерекшеліктері туралы түсінік беру. Жалаң бас жүрмеудің эстетикалық, экологиялық негіздерін үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың эстетикалық, әсемдік талғамын арттырып, ұлттық бас киімдердің тарихын зерттеуге қызығушылығын, ойын, қиялын дамыту. Алған білімдерін ізденіспен қолдана білуге, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Қазақ халқының тарихына, рухани мәдени ескерткіштеріне, ұлттық киімдеріне, салт - дәстүрі мен өнеріне қызығушылықтарын арттыру және оларды құрметтеуге тәрбиелеу; 
Сабақтың әдісі: Баяндау - түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс

Көрнекіліктер: Компьютер, интерактивті тақта, ұлттық киім үлгілері, слайд - суреттер, тапсырмалар; 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Психологиялық тренинг. Топқа бөлу. Сабақтың мақсатын жеткізіп, жоспарымен таныстыру. Бағалау парақшалары үлестіріледі.

ІІ.Үй жұмысын тексеру Презентацияны қорғау. 
Топ басшылары «Ұлттық ер бас киімі», «Ұлттық әйел бас киімі» тақырыптарындағы дайындаған мәліметтерін слайд арқылы айтып шығады. 
І топ. Ерлер бас киімі. Тымақ, тақия, қалпақ, мұрақ, малақай, құлақшын, бөрік 
ІІ топ. Әйелдер бас киімі: Кимешек, жаулық,  бөрік,қасаба, сәукеле, шәлі, тақия
ІІІ. Негізгі бөлімі: Топтық жұмыс, 2 топ өздеріне жүктелген тапсырмаларды орындайды. 
І – топ : Ерлердің бас киімдері:


Тымақ – қасиетті бас киім. Қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағаласы – түлкі тымақ. Оны айырбастауға болмайды, аяқ тигізбейді.  Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға  мұра есебінде  қалып отырған.Ел арасында: «Шала  туып, тымаққа салып  өсірген екен», -деген  сөздер жиі естіледі.  «Тымақ ұру» немесе  «Тымақ тастап кешірім сұрау» бітімге шақырудың ең үлкен  көрінісі  немесе  айыпкер  жағының  беделді адамдарымен жасы үлкен, жөн білетін  ақсақалдарының  құныкердің  ауылындағылардың алдына барып «Құдай  кешсекеш! Білместік, оқыс кездейсоқтық іс болды, кешір!»деп  өтінген кезде ортаға  ең  үлкен ақсақалы  бас киімін  тастап сөзге,  мәмілеге шақырады.



Тақия - ерлердің жеңіл бас киімі . Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда  «мүйіз», «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай»,«ирек»,қабырға тігістерімен әдеміленіл сырылады. Тақияны пүліштен, қыжыман ал астарын жібек, сәтеннен тігеді

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет