Сабақтың мақсаты: Білімділігі



бет4/5
Дата24.05.2017
өлшемі492,43 Kb.
#16974
түріСабақ
1   2   3   4   5

Мұрақ - жай уақытта киюге қолайсыз. Мұрақ жайында мақал-мәтелдер көп. «Хандар киер мұрақты, қараша киер құрақты», «Қалмақ абзалы - мұрақ, көрпе абзалы құрақ»,-дейді. Мұраққа қарап халқы мансапты адамды айырады. Мұрақ қалпағын елбасы, төре, билер киген. Мұрақты оюлап, өрнектеп, әртүрлі алтын-кемістелген жіптермен тігеді. Ою-өрнек жібіне қарай мұрақтар жылтырып көрінеді. Мұрақты көбіне иесі әртүрлі жиын, жиналыс, той-томалақ, сән-салтанатқа киеді.


ІІ – топ: Әйелдердің бас киімдері:


Кимешек
 қазақ әйелдерінің дәстүрлі ұлттық бас киімі. Кимешек ақ матадан тігіліп, жиегі астарланады. Кимешектің иекті айнала, маңдайды жауып тұратын екі жағын шықшыт дейді. Кимешектің шылауыш деп аталатын түрін жас келіншектер, орта жастағы әйелдер, әжелер де киеді.Кимешекті басқа сәйкестіре пішіп, тігеді Кимешектің белден төмен түсіп, шашты жауып тұратын ұзын ұшы құйрықша деп аталады Кимешек кеуде, иық, жонды жабатындай тұйық етіп жасалады. Тек адамның бет-әлпеті ашық тұратын жері ойық болады. Кимешектің кеудедегі бөлігінің ұшына күміс теңгелер тағылады. Бұл Кимешекке сән береді, әрі төмен қарай басып, жазылып тұруға әсер етеді. Кимешек әйелдердің шашын шаң-тозаңнан сақтап, қобырап тұрмауына септігін тигізеді.



Жаулық — әйелдердің бас киімі. Оны ақ түсті матадан немесе ақ жібектен тігеді. Жаулықты кимешектің сыртынан тартады. Ол тарту тәсіліне қарай қарқара, күндік деп аталады. Жаулық тұтас енімен алынған, кейде ен жарма (бір жарым ен) матадан ұзындығын бір жарым-екі метрдей етіп қиып алып, шеттері жіңішке ғана бүгіліп жасалады. Қарқара тартқанда әйелдер жаулықтың бір ұшын желке тұсына келтіре сәл шығарып қояды да, қалған бөлігін кимешектің сыртынан айналдыра, шашын көрсетпей жауып тұрарлықтай етіп орайды. Жаулықтың ұзындығына байланысты қарқараның биіктігі де әртүрлі болып келеді. Күндік жаулық кимешектің сыртынан жартылай оралып, тартылады.



Бөрік
- қазақтың ұлттық бас киімі. Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Оны ерлер де, қыздар да киеді. 
Бұрын қыздар киетін бөріктің төбесіне үкі , жібек шашақ тағын, зер жіппен, жібек жіппен кестелеген, меруерт, маржан тізбелер, алтын,күміс түйме қадаған. Кейде бөріктің етегін жауып тұратындай етіп айналдыра зер не жібек шаш ақтар ұстаған. Бөріктіқазақ халқы сияқты қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар, ұйғыр т. б. халық тарда киеді





Сәукеле
 – әйелдердің бас киімдерінің ішіндегі ең сән-салтанатымен ерекшеленетін, қыздардың тұрмысқа шығардағы киетін бас киімі. Төбесі үшкірленіп, биік етіліп тігілетін ол алтын және күміс тиындармен, інжу-маржандармен, алқалармен безендірілді. Сәукелені ұзатылатын қыздар және сол қызға еріп жүріп сыңсу айтатын нөкерлер киген. Қалыңдық күйеудің еліне барғанда да сәукелесімен барған. Келіншек оны той өткенше киіп, той өткен соң желекті жаулық киетін болған.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет