Балалардың тыныс алу техникасымен жұмыс істеуінің кейбір әдістері.
№ 1 Жаттығу.
Дирижер қолы арқылы қысқа тыныс алып, санау арқылы (1,2,3,4,5…) тынысты шығару. Жаттығуды қайталаған сайын тыныс шығарғанда цифр санын көбейтіп отыру керек.
№ 2 Жаттығу.
Төменгі қабырғалар қозғалысын сезіне отырып қысқа тыныс алу, әркім өз қозғалысына есеп бере отырып, төменгі қабырғаларын қолымен ұстай отырып, санаумен ұзыннан тыныс шығару, цифр қатары осылай көбейе береді.
№ 3 Жаттығу.
Төменгі қабырғалар қозғалысы арқылы қысқа тынс алу, тынысты ұстаумен ақырын санай отырып тынысты шығару.
№ 4 Жаттығу.
Төменгі қаьырғалар қозғалысымен тыныс алу, тынысты ұстап, дирижер қолымен жұмсық атакамен бір дыбысты примарды тонға дейін бір қалыпты дыбыс күшімен айту. Басында дыбыс 2 – 3 с созылады, кейіннен ұзарады.
Үздіксіз тыныс (цепное).
Үздіксіз тыныс бұл – ұжымдық дағды.
Үздіксіз тыныстың негізгі ережесі:
— Көрші отырған адаммен бір уақытта тыныс алмау.
— Музыкалық фраза ішінде таныс алмау керек, мүмкіндігінше ұзын ноталардың ішінде тыныс алу.
— Тыныс білдірмей және тез алу.
— Хорда жұмсақ дыбыстық атакамен, интонациялық тұрығыда нақты, яғни «подъездсіз» партитура нюансын сақтай отырып айту.
— Көршінің айтқан әнін тыңдап, жалпы хор дыбысталуына қосылу.
Әдебиеттер:
Краснощеков В.И. «Вопросы хороведения». Стр. 161 – 168.
Самарин В.А. «Хороведение». Стр. 99 – 103.
Стулова Г.П. Хоровой класс: «Теория и практика вокальной работы в детском хоре». Стр. 35 – 41.
Дмитриев Л.Б. «Основы вокальной методики». Стр. 141 – 171. 290 – 300.
Осеннева М.С, Самарин В.А. «Хоровой класс и практическая работа с хором». Стр. 59 – 60.
Соколов В.Г. «Работа с хором». Стр. 27 – 30, 37 – 39.
Егоров А.А. «Теория и практика работы с хором». Стр. 91 – 97.
Быков Н.О. «Основы работы с детским хором». Стр. 10 – 13.
Достарыңызбен бөлісу: |