Әож 159. 93 А 75 б 22 а 82 ТҰЛҒаның психологиялық таным процестерін қалыптастыру жолдары



бет1/2
Дата23.08.2020
өлшемі20,86 Kb.
#76630
  1   2
Байланысты:
Документ макала (1)


ӘОЖ 159.93

А 75

Б 22

А 82
ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАНЫМ ПРОЦЕСТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Көшербек Т., Қалила Н., Әбдісәмет Д.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, Тараз қ.

Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Тұлғаны оқыту барысында таным процестерін дамытуға, олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқаларға жеткізу тәсілдерін қолдаудың ойлау процесін қалыптастыруға қосатын үлесі өте үлкен.

Мида болып отыратын үздіксіз ойлау мен оның жемісі ұғымдар мен сөйлемдер де бір емес. Мәселенің шешілуі адам басында реттеліп отырады. Сондықтан ойлау туралы зерттеулер, олардың процесс күйін емес, ойлау қалайша жүзеге асып, реттеліп отыруы үшін қандай шарттар қажет екенін тексеруге арналған.

Тұлға үшін мәселені шешудің бірінші құралы – оның практикалық іс-әрекеті. Тұлға мәселені шешу үстінде өзіне берілген затпен тікелей іс-әрекет жасайды. Мұның мәнісі шешілуге тиісті нәрсенің көрнекті түрде берілуінде және практикалық іс-әрекетінің қатысуымен шешілуінде ойлаудың осы сатысындағы маңызды ерекшеліктерінің бірі – сөздік өрнектер арқылы  ойлау болып табылады, тіпті жас баланың ойы ең «ақылды» деген маймылдың  ойлауынан түбегейлі айырмашылығы да осы арада. Ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай дәлелдерінде. Ойлауға түскен құбылыс көз жетерліктей етіп нақты түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арсындағы байланыстар мен қатынастар  ойлау жолымен ашылады [1].

Ойлау – танымның жоғары сатысы. Оның айрықша ерекшелігі – сөзбен тығыз байланыстылығы. Ойлаумен сөйлеу органикалық бірлікте болады. Ой шындығы тіл арқылы беріледі. Шындықтағы себеп-салдарлық байланыстар тәжірибеде танылып, белгілі тілдік формалармен аталады. Адам дүние құбылыстарын тани отырып, бұларды бірінші және екінші сигналдық жүйелер арқылы бейнелеп, түрлі сөздермен өрнектейді. Әрбір қабылданатын зат, құбылыстың белгісі, қозғалысы, күйі не қатынасын сөзбен атай отырып, адам оларды жалпылайды. Ойлау арқылы заң, ереже түйінделеді, фактілер қорытылады, электронды күрделі механизмдерді пайдалана отырып, тікелей қабылдауға болмайтын құбылыстардың мән-жайын танып біледі. Ойлау шындық жанама жолмен танылады.

Бастауыш сынып оқушыларының  ойлауы нақтылы болғандықтан, олар көп нәрселерді өз қалпында түсінуге бой ұрады.

Бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесінде психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, таным,  ойлау, өзін-өзі тәрбиелеу т.б [2].

Мұғалімнің міндеті – оқыту процесінде бастауыш сынып оқушысының ой-әрекетін қалыптастыру. Осыған орай оқушы оқыту процесінде, әрбір сабақта өзінің оқу іс-әрекетінің мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдері мен амалдарын қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға үйренуге тиіс. Оқыту процесіндегі ой-әрекетінің қалыптасу жолдарында танымдық белсенділіктің мынадай көріністері болатынын білу керек:



  • Білуге деген ықыластың, ұмтылыстың, шабыттың жоғары болуы;

  • Бастауыш сынып оқушысының өзіндік дербестігі, сұрақ беруге құмарлығы, пікірталас туғызуға деген ықыласы;

  • Бастауыш сынып оқушысының материалды еркіне, өз сөзімен айтып беру мүмкіндігі және шығармашылық әрекетінің жоғары болуы.

Егер де сабақтарда бастауыш сынып оқушысының бойында танымдық белсенділік пайда болған жағдайда оқушыларда ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, зейінділік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі т.б.

Бастауыш сынып оқушысының оқыту процесіндегі өздігінен жасайтын түрлі оқу жұмыстары ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін қалыптастырады. Амалдарды қолдану арқылы оқушы материалдың мазмұнын еркін меңгеріп, материалды баяндау тәртібін өзінше өзгертіп айтып беруге шамасы келеді.

Міне, осындай жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу, танымдық белсенділік қалыптасады.

Оқыту процесі өзіне екі міндет қояды: біріншіден, балаларға білім беру, екіншіден, оларды жан-жақты дамыту. Ақыл-ой дамуы танымдық қабілеттердің дамуы мен адамның гармониялық дамуының құрамдас бөлігін құрайды. Оқыту процесіндегі іс-әрекет өзіне екі міндет қоя отырып, ойлау әрекетінің дамуын көрсететін белгілерді анықтау педагогикалық психологияның тағы бір маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Оқыту мен дамудың өзара қатынас мәселелері ақыл-ой дамуының белгілерін нақты анықтау негізінде тұжырымдалады. Ол белгілер бойынша, оқыту әдістері мен мазмұны дамуға қалай әсер етеді, оның негізінде дамудағы қозғалысты қалай көруге болады деген сұрақтарға жауап аламыз [3].

Осы белгілерді көрсететін ойлау ерекшеліктері мәселелі тапсырмаларды шешуде жүзеге асатын ойлау операцияларынан көрінеді.

Тапсырманы шешуде ойлау іс-әрекетінің тәуелсіздігі ақыл-ой дамуының мәнді көрсеткішін береді. Бастауыш сынып оқушысының ойлау іс-әрекетінің дамуын зерттеу, оларда интеллектуалды іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін қалыптастыру – ең өзекті мәселелердің бірі.

Бастауыш сынып оқушысының ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады. Таным әрекетінің бірі – қабылдау. Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс.

Түйсік – материялдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің бізідің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі. Түйсіну дегеніміз – дүниені танып білудегі бейнелеу процессінің алғашқы баспалдағы. Түйсік себепсіз болмайды. Ол біздің айналамызда, ішкі жан дүниемзде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процес. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Сол шындық пен болмыстың адам сезім мүшелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік – сыртқы әсердің сана фактіссіне айналуы, обьективтік дүниенің субьективтік бейнесі. Адамның дүние тануының алғашқы баспалдағы- осы түйсік. Нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәліметтердің бәрі де дамға осы баспалдақ арқылы жетеді.

Адамның дүние шындығы мен болмысын танып білуі – диалектикалық жолмен дамитын аса күрделі процесс. Түйсік, қабылдау, елес бейнелері адамның «нақты пайымдау не, тікелей таным процессі» деп аталатын дүниетанымдық сатысына жатады. Мұндай таным процесстері сыртқы заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер етуінен пайда болып, шындықты, ақиқатты бейнелеудің сезімдік сатысы делінеді. Түйсік – тікелей танымдық процесс. Адамның дүниені танып білуінің жоғары сатысына жататын процесстер – ойлау, қиял, ес, түйсікке сүйене отырып дамиды.

Түйсік қарапайым психикалық процесс деп аталғанымен, ол адамның шындық пен болмысты дұрыс бейнеленуіне мүмкіндік тудыратын мидың бейнелеу қызметі. Физиологиялық жағынан сезімдік таным процессі бірінші сигнал жүйесінің қызметі. Физиологиялық жағынан сезімдік бейнелеу түрлері – түйсік, қабылдау, елес сапа жағынан жануарлар мен адамдарда бірдей емес. Егер сезімдік процесстер жануарлар дүниесінде олардың қоршаған ортаға бағдарлануын ғана қамтамасыз ететін болса, ал адамдардың сезімдік таным процесстері еңбектену әрекетімен ұштаса отырып, бейне мен сөздің өзара әрекеті нәтижесінде пайда болып отырады. Дүниетанудың, жалпы таным процессінің жоғары сатысы – абстрактылы-теориялық ойлау. Ол тек адамға ғана тән қасиет. Абстрактылы-теориялық ойлау сезімдік танымға негізделіп, өзі танып білген бейнелердің мән мазмұнын еңбектену процессіндегі іс-әрекеттері мен ұштастырады. Бұл жайт адамның танымдық процессінің сезімдік танып білуден абстрактылы ойға, адан тәжірибеге қарай көшіп, үнемі қайталанып дамып отыратындығы көрсетеді [4].

Адамда табиғи қажеттіліктермен қатар таза адами, рухани немесе әлеуметтік қажеттіліктер болады. Басқа адамдар мен сөздік қарым-қатынас қажеттілігі, еңбекке деген қажеттілік, мәдени қажеттіліктер ( кітап және ұнқағаз оқу, радио, теледидар тыңдау, музыка тыңдау, киноға және театрға бару) болады.

Адам қажеттілігі – адамзат қоғамының қоғамдық-тарихи дамуының жемісі. Осы даму үрдісінде адамдардың табиғи және рухани қажеттіліктері пайда болды, өзгерістерге ұшырады және күрделене түсті.

Адамның танымдық қажеттіліктерінің көрінісі қызығу



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет