ӘОЖ 372.857
С31
БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Сейдыбаева Ә.Қ., Кемелбекова Р.Е.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы – күрделі ойлау әдісі, ол ақпаратты алудан басталып шешім қабылдаумен аяқталады. Бұл өз тұғырнамадаңды жасау жолында ой-пікірлерді кіріктіру және оларды шығармашылықпен түйсіну.
Сын тұрғысынан ойлау – психология, лингвистика, дидактика т.б. сияқты әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің қазіргі жетістіктеріне негізделген білім беру философиясы.
Сын тұрғысынан ойлау – оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, ауызша және жазбаша тілдің барлықтүрлерін меңгеруге және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағдарланған педагогикалық технология[1].
Сабақ 3 кезеңнен тұрады: қызығушылықты ояту – түйсіну немесе мағынаны ажырату – ой-толғаныс. Осы кезеңдер оқушыларға оқудың мақсатын өздері анықтауға және ақпаратты белсенді іздеу мен өздері нені білгені (үйренгені) жөнінде ойтолғаныс жасауларын береді[1].
Биология сабақтарында осы үш кезеңдерде интербелсенді әдістерді қолдану, сабақ құрылымын тиімді құруға және сабақ сапасын арттыруға көмектеседі. Оның келесідей түрлері бар. Оларды кез келген сабақта қолдануға болмайды. Себебі әр сабақтың өз мазсұны мен күрделілік деңгейлер болады. сондықтан, мен бұл әдістерді белгілі бір категорияларға бөліп қарастыру қажет деп ойлаймын. Олар мыналар:
Мәтін мазмұнымен танысуда:
-«Кластер»
-«Категориялы топтастыру»
- «Болжамды оқу»
-«Инсерт»
-«Тірек жазба»
Мәтінді талдау кезінде:
-«Топтық жоба қорғау»
-«Жуан-жіңішке сұрақтар»
-«Ішке-сыртқа»
-«ТИ»
-«Аквариум»
Мәтінді қорытуда:
-«Фишбоун»
-«Егер, онда, өйткені»
-«Эссе»
-«Қар үйіндісі», т.б.
Енді осы интербелсенді әдістерді сипаттап, оның артықшылықтарына назар аударайық.
Уақыт шеңбері әдісінің мақсаты: идеялар, тәжірибелер және ойлармен бөлісу. Өз-өзіңді және басқаларды түсіну алға бастыру. Топ сұрақтарын құрастыру.
Ұйымдастыру:
Барлығы орындықта немесе еденде шеңбер құрып отырады. Сөйлеуші ғана ұстайтын зат бар (мысалы, доп).
Жаттығудың сипаттамасы
Мұғалім оқушылар сияқты орындықта немесе еденде отырады. Бұл мына ерекше сынып тапсырмасында мұғалімнің директор емес, делдал екенін білдіреді. Мұғалім уақыт шеңберіндегі құрылымдық ережелерінің сақталуына, әр оқушының эмоциясын қорғауға және лайықты тапсырмаларды дайындауға жауапты. Егер оқушылар ережелерді үнемі бұза берсе, мұғалім тапсырманы аяқтауға дайын болуы керек[2].
Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже – талқылауға барлығы түгелдей қатысулары керек. Бұл бірініші болып өткізілуге тиісті тапсырмалардың бірі. Негізгі үш ережені талқылау керек:
Тек біреу ғана сөйлеу керек – әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек;
Егер сіз бір тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді» басқаға бере аласыз;
Ешқандай қатты ескерту болмауы керек.
Бұл әдісті проблемалық тақырыптарды шешудегі оқушылардың нақты ойлары мен ұсыныстарын қарастыруда қолдануға болады. Мысалы, экологиялық проблемалар тарауын қорытындылау барысында.
ТВ шоу әдісінің мақсаты көптеген сөйлеу мен тыңдау,көптеген оқушылар (және мұғалімдер!) үшін жеңіл, көру және тыңдау, салыстыру нүктелерінің болуы.
Ұйымдастыру:
Сіз қандай шоу көрсеткіңіз келетініне байланысты.
Жаттығудың сипаттамасы:
Мұғалім жүргізуші оқушылармен , түрлі кейіпкерлермен сөйлескендей тақырыпты талқылайды. Аудитория сұрақтар қояды, талқылауға қатысады, құрдастар бағалайды және т.б. Бұл Ньюзнайт, Опра, Паркинсон, Монтель және т.б. стилінде болуы мүмкін. Панель отбасылық және т.б. күйіндегі шоу. Мысалға, оқушыларды топқа бөліп, олар өзара жүргізуші және сұхбат берушілер кейіпкерлеріне бөлінеді. Берілген тақырып мазмұнынмен танысқан соң, жүргізуші сұхбат беруші кейіпкерлерге сұрақ дайындаса, сұхбат берушілер оған жауап беруге дайындалады. Осылайша, тақырып мазмұнымен барлық оқушылар танысады [3].
«Айналмалы бекеттер» әдісінің мақсаты басқа біреулердің идеяларын құру, тақырыпты ашу немесе сұраққа жауап іздеу, белсенді және енжар оқушыларды анықтау.
Ұйымдастыру:
Қағаз және қалам бар бөлмеде бекеттер сериясы (немесе топқа түрлі түсті карандаштарды таратып – кім белгі салғанын қадағалау керек).
Жаттығудың сипаттамасы:
Әр шағын топты бекетте орналастырып , арандататын сұрақты талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 минут беріңіз.Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып, алдағы топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр10 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса береді. Мысалға, моногибридті будандастыру тақырыбында түрлі тапсырмалар жиынтығын беріп, 3 топқа тапсырмалар бекетін ұйымдастыруға болады.
“Ыстық орындық” әдісі берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық. Мысалы, өткен тақырыпқа шолу немесе қайталау мақсатында оқушыларға сыныптастары немесе мұғалім сұрақтар қояды. Ыстық орындықтағы оқушы оларға жауап беру арқылы өзіне тиісті ұпай жинайды, ал мұғалім оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтай алады.
«Автор орындығы” әдісі оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.
«Миға шабуыл» стратегиясы тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы, экологиялық проблемаларды болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керек немесе ұзақ өмір сүру үшін қандай қағидаларды ұстану қажет деген мазмұнда оқушылар идеяларын білуге болады.
“3 таяқша” әдісі берілген тақырыпқа байланысты :1 сұрақ;1 жауап;1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.
«Бинго» ойыны әдісінің мақсаты:
Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ.
Семинарға не үшін келдіңіз?
Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.
«Өзіңізді тексеріңіз» әдісінде бұл мәлімет шындық па немесе жалған ба? Деген сұраққа жауап береді. Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.
«Он сұрақ!» әдісінде мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады. Қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ия, не жоқ деп беріледі.
«Серпілген сауал» әдісі тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін қажет.
Ұйымдастыру:
сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
Мысалы, “Самат Рахаттың жауабы туралы сен не ойлайсың?”, “Самал, Айгүлдің жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”, “Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”
«Құпия зат» әдісінде мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз. Шарты: Бұл не? деп сұрамаңыз.
«Лездеме!» әдісі. Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар. Шарты:
Конверттен бір сөзді бір рет алу,
Сөздің өзін атамай түсіндіру;
Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!
«9 - ромб» әдісі. Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады. Яғни екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады. Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.
«Бірге ойлаймыз» әдісі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда.
Жаттығудың сипаттамасы:
көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз;
мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды;
осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;
алқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.
«Биологиялық домино» әдісі. Топта жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. Тақырыпқа байланысты сөйлемдердің сөздерін қиылып беріледі. Оқуышлардың мақсаты сол қиындылардан сөйлем құрастыру. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты команда сыйлық алады!
Қар кесегі (Қар үйіндісі). Қар кесегі берілген оқушылар қолындағы қар кесегін келесі оқушыға ұсына отырып қара сөз мазмұнын айтуды бір сөйлеммен бастады, екінші оқушы алғашқыны қайталап, өзі бір сөйлеммен жалғады. Осылайша қайталанып, мазмұны қар кесектерінің үйіндісі арқылы құралды[3].
«Егер –онда – өйткені». Мұндағы мақсат –оқушыларды мәтіндегі негізгі ойды өз пікірімен сабақтастыра алуына, ой қорытуына жағдай жасау. Мысалға, «Егер ақбөкендер популяциясы тіршілік ететін ортаны барынша қорғауға алып, заңсыз броканьерлерге қатаң жаза қолданатын болсақ, онда ақбөкендердің табиғи ортада таралау аумағын көбейтіп, популяция санын арттыра аламыз. Өйткені, олардың экологиялық маңызды топтарды құрауға қатысатын сиреп кеткен жануарлардың бірі.
«Оқытудың нұсқауы» стратиегиясы мағынаны ажырату кезеңінде қолданады. Бұл стратегия сыныпта мұғалім жоқ болса да білім алуына көмектеседі. Ол үшін мұғалім алдын ала дайындаған тезистері бар парақтағы тақырыпты басынан аяғына дейін меңгеруін нұсқайды. Тақырыпты жұпта бір – біріне оқиды, топта талқылайды. Стратегияның құндылығының артуы мұғалімнің терең ойлы нұсқауларына байланысты болады.
«Фишбоун» әдісі. «Фишбоун» әдісімен жұмыстануда оқушылар берілген балық қаңқасына бас сүйегіне проблеманы , оның туындау себептерін жоғарғы дене сүйектеріне, оны шешу жолдарын төменгі бөлігіне, ал қорытындыны құйрық жүзбе қанаттарына жазады. Негізгі проблема мен қорытындыны оқушылар топта бірлесіп анықтады.
“Венн диаграммасы” – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жеріне екеуіне ортақ сипаттар тізіліп жазылады. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын еңгереді[3].
«Синквейн» әдісі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады. Синквейн жазу ережесі:
1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде)
2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде)
3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс - әрекет жазылады (етістік, көсемше)
4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі
5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады.
“Еркін жазу” әдісі да қызығушылықты ояту кезеңінде қолданылады. Бұл стратегия бойынша 5 минуттың ішінде оқушылар тоқтамай үйге берілген тапсырма бойынша ойларына келген пікірлерін жазады. Жұптар бір-біріне оқиды. Тыңдаушылар сұрақ қояды.
«Ирек» әдісі. Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат - әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында.
«Болжам» әдісі. Оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу. Осы орайда әр топқа тапсырмалар бере отырып қиялдауына еркіндік бердім. Оқушылар арасынан қиялы жүйрік бала дараланып шығатыны сөзсіз[4].
«Пікір алысу» стратегиясы. Оқушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік өмірмен байланыстыру, өз көзқарасын дамыту, өзгені құрметтеуге үйретеді.
ДЖИКСО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Бұл стартегияның бірінші мақсаты оқушылардың қызығушылығын ояту болып табылады. Үйрену процесі – бұрынғы білетін білім мен жаңа білімді ұштастырудын тұрады. Екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет.
Жоғарыда берілген интербелсенді әдістердің сабақ мазмұнын жақсы игеруге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Алайда әрбір сабақтың сәтті шығуы сол сабақта алынатын кері байланыстардың мазмұнына да байланысты. Кері байланысты алудағы негізгі мақсат оқушылардың сабақ барысында қандай қиындықтармен кездескенін білу, сабақта түсініксіз болған жерлерін анықтау. Кері байланыс арқылы мұғалім өзінің сабағының оқушыллардың көзқарасы бойынша қаншалықты сәтті шыққанын және келесі сабақта қандай тұстарды ескеру қажеттігін анықтай алады. Енді биология сабақтарында сәтті қолданылаған кері байланыстарға тоқтала кетейік[5].
«Алма ағашы» әдісі. Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
«Бір сөзбен» әдісі. Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады. Мысалға мынындай кілтті сөздерді ұсынуға болады: төзімсіздік, ашу, қуаныш, немқұрайлылық, қанағаттану, шабыт, зерігу, алаңдау, тыныштық, сенімділік, сенімсіздік, рахаттану. «Табыс сатысы» әдісіінде кәдімгі сатының суреті беріледі. Мысалы сатының:
1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН,
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН
«Таңдау» әдісі бойынша сабаққа қатысты бес сипаттама беріледі:
1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.
«Тазалық» ойыны бойынша оқушылардың алдына немесе арнайы постерге осы критерий бойынша кері байланыс алуға болады:
1. кейс немесе чемодан (суреті) – сабақта алынған құнды әрі қызықты мәліметтер тізімі;
2. еттартқыш (суреті) – сабақта түсініксіз және қайта өңдеуді қажет ететін мәліметтер тізімі
3. қоқыс жәшігі (суреті) – сабақта сәтсіз шыққан жерлер.
Жоғарыда келтірілген интербелсенді әдістер мен сабақта алынатын кері байланыстардың биология сабақтарының сапасын арттыруда сөзсіз көмекші болатынын мен, Тараз қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік Мектебінде өтілген мемлекеттік педагогикалық іс-тәжірибе кезінде өтілген сабақтардың барысында аңғардым. Әрбір сабақ мазмұнына қарай белгілі бір интербелсенді әдісті қолданып, оқушы тақырыпты қаншалықты түсінгенін кері байланыстарды алу арқылы біліп отырдым. Сонымен, оқушылардың сабақ мазмұнын игергені, мұғалімнің қаншалықты сабақ құрылымыны тиімді ұйымдастыра алу шеберлігіне байланысты деген қорытындыға келдім.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту әдістемесі – Қарағанды, 2006. 227 – 279 бет.
2. Бұзаубақова К.Ж. Білім берідегі инновациялық технологиялар – Тараз, 2014. 243 – 261 бет
3. Клустер Д. Что такое критическое мышление? – Перемена. – 2001 жыл. - № 4,5 – 21-27,38 бет
4. Тәжіғұлова Қ.М., Мусина Д.Е. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану тиімділігі. – Алматы, 2006. – 397 бет.
5.Отарова Н. Сын тұрғысынан ойлау // Биология және салауаттылық негізі. -2006. - № 1. - 21-23 бет.
Аннотация: Учебный процесс, опирающийся на использование интерактивных методов обучения, организуется с учетом включенности в процесс познания всех групп обучающихся без исключения. Совместная деятельность означает, что каждый вносит свой особый индивидуальный вклад, в ходе работы идет обмен знаниями, идеями, способами деятельности. Организуются индивидуальная, парная и групповая работа, используется проектная работа, ролевые игры, осуществляется работа с документами и различными источниками информации. Интерактивные методы основаны на принципах взаимодействия, активности обучаемых, опоре на групповой опыт, обязательной обратной связи.
Annotation: The educational process, based on the use of interactive teaching methods, organized in view of involvement in the learning process of students of all groups without exception. Joint activities means that each individual makes his own special contribution to the progress is the exchange of knowledge, ideas and methods of activity. Organized individual, pair and group work, using project work, role play, carried out the work with documents and various sources of information. Interactive methods are based on the principles of cooperation, active learners, relying on group experience, obligatory feedback.
Достарыңызбен бөлісу: |