ӘӨЖ 39(-512: 154):(574) Раймбекова М. Т



Дата25.12.2016
өлшемі337,12 Kb.
#4351
ӘӨЖ 39(-512:154):(574) Раймбекова М.Т.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих, Археология және этнология факультеті, Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы гуманитарлық ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

E-mail: raimbiekova.maira@mail.ru
Қазақстандағы қырғыздардың этномәдени бірлестігі жайлы
Аннотация

Қазақстанда ұлттық-мәдени құндылығын жандандыруға бағытталған шағын этностардың орталықтарының құрылуы жайлы сонымен қатар Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылуының тарихи маңыздылығы да баяндалады. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларында қарастырылған мәселелер жөнінде бірқатар мәліметтер берілген. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай қырғыз этно-мәдени орталығының мәдени іс-шараларымен бірге әр облыстағы қырғыз этно-мәдени орталықтарының атқарылған жұмыстарының маңыздылығы баяндалды.

Елімізде өмір сүріп отырған көптеген этностардың 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағының қорытындылары бойынша, ана тілі деп өз ұлтының тілін белгілеуі жоғары пайыздық көрсеткіштерге иеленгендігі байқалды. Өз ұлтының ана тілін меңгеру дәрежесінің жоғары деңгейге жетуіне этномәдени және арнайы мамандандырылған этнолингвистикалық орталықтардың үлесі зор екендігі айқындалды.

Зерттеп отырған этностың этномәдени үрдістері этнографиялық мәліметтерге негізделген.

Қырғыздардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері жөніндегі тарихи-этнографиялық бағыттағы ғылыми еңбектер қарастырылды.


Кілт сөз: Қазақстан, Қазақстан халқы Ассамблеясы, қырғыз, жексенбілік мектеп, этномәдени орталық.
Раймбекова М.Т.

Факультет Истории, археологии и этнологии им. Аль-Фараби,

Старший преподаватель кафедры всемирной истории, историографии и источниковедения.

Республика Казакстан, г.Алматы.

E-mail:raimbiekova.maira@mail.ru
Кыргызская этническое и культурное объединение в Казахстане
Аннотация
Речь идет об образовании центров малых этносов, направленных на воодушевление национально-культурных ценностей в Казахстане, а также об исторической важности создания Ассамблеи народов Казахстана. Дан ряд сведений о вопросах, рассмотренных на сессиях Ассамблеи народов Казахстана. Наряду с этим сообщается о важности произведенных работ киргизскими этно-культурными центрами в каждой области совместно с культурными мероприятиями киргизского этно-культурного центра в связи с 20-летием Ассамблеи народов Казахстана.

По заключению Национальной переписи населения Республики Казахстан 2009 года, из многих этносов, проживающих в нашей стране, большой процент опрошенных показал, что родным языком они считают свой национальный язык. Установлено, этнокультурные и специализированные этнолингвистические центры внесли большой вклад для достижения высокого уровня усвоения родного языка своей национальности.

Этнокультурные процессы исследуемого этноса основаны на этнографических сведениях.

Были рассмотрены научные труды историко-этнографического направления об обрядах, обычаях и традициях киргизов.



Ключевое слово: Казахстан, Ассамблея народов Казахстана, киргиз, воскресьная школа, этнокультурный центр.

Raymbekova M. T.

Faculty of History, archeology and ethnology of National University named

After Al-Farabi,

Senior Lecturer of chair of a world history, historiography and source study,

Republic of Kazakstan, Almaty.

E-mail:raimbiekova .maira@mail.ru


Kyrgyz ethnic and cultural association in Kazakhstan
Summary
It describes formation of the centers of small ethnic groups, aimed at inspiring national and cultural values ​​in Kazakhstan, as well as the historical importance of the creation of the Assembly of Kazakhstani People. A number of data on the matters considered at sessions of Assembly of Kazakhstani people is given. Also the article reports about importance of the performed works of Kyrgyz ethno - cultural centers in each area together with cultural actions Kyrgyz ethno - cultural center devoted to 20th anniversary of Assembly of Kazakhstani people.

According to the conclusion of the National Census of the Republic of Kazakhstan in 2009, among many ethnic groups living in our country, a large percentage of the respondents showed that their national language they consider as their native language. It is established that ethno-cultural and ethno-linguistic specialized centers have made a great contribution to achieving a high level of assimilation of the native language of their nationality.

Ethno-cultural processes of the studied ethnos are based on ethnographic data.

Scientific works of the historical and ethnographic direction about ceremonies, customs of Kyrgyz people were considered



Keyword: Kazakstan, Assembly of People of Kazakstan, kyrgyz, Sunday School, ethno-cultural center.

1995 жылдың 24 наурызында Қазақстан Республикасында ұлттық мәдени орталықтардың қызметін өркендету және ұлттық мәдениетті сақтау үшін, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылып, онда әртүрлі ұлт өкілдері бастарын құрап, татулықтың жаңа бір үлгісі тамаша қырынан ашылды.

Ассамблея Қазақстан халықтарының жаңа жағдайдағы ұлт саясатын іске асыратын ерекше қоғамдық институт. Бұл институт тоталитарлық қоғамда қажетсіз болды, себебі ұлт саясаты ол уақытта басқаша түрде, өзіндік құралдармен іске асырылды. Қазақстан халықтарының ассамблеясы ұлттар бірлігін және олардың өзара түсіністігін нығайтуға үлес қосуда. Ассамблея ұлт саясатын іске асыру жөніндегі заң жобасын дайындауға, республикалық және аймақтық ұлттық мәдени орталықтарын құруға, ұлттық тілді, мәдениетті, дәстүрді және әдет-ғұрыпты дамытуға қатынасты. Мемлекетіміз саяси және азаматтық бірлікке шақырып, яғни, қазақ халқымен әр түрлі ұлт өкілдерінің татулығын қалайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы үнемі даму үстінде болатын тірі ағза іспетті. Оған дәлел бола алатын құжаттар 2002 жылы 26 сәуірдегі Президент Жарлығымен қабылданған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2011 жылға дейінгі даму стратегиясы және "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже". Ассамблеяның өткізген барлық сессияларында Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанда ұлтаралық татулық пен келісімді нығайта беру бағытында ізденістерді жалғастырудың қажеттілігіне баса назар аударып отырды [1].

Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды. Ассамблеяны құру идеясына Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары алғышарт болды.

Қазіргі таңда Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының Қазақстандагы орны мен ықпалы өзгерді. Ұлттық мәдени орталықтар Ассамблеяның құрамына кірген, олар өздеріне қатысты барлық мәселелерді онсыз шешпейді.

2010 жылы 20 қазанда Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Қазақстан халқы Ассамблеясы: Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Төзімділік" атты күн тәртібімен Ассамблеяның ХVІ сессиясы өтті [2].

2011 жылдың 27-28 наурызында Қырғызстанның астанасы Бішкекте халықаралық семинар болып, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген ұлтаралық түсіністік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық жарқын үлгісі – Қазақстан халқы Ассамблеясының келешегі мен әріптестік байланыс жасау тәжірибесін талқылаған үлкен жиын өтті. Сол жиында қазақ жеріндегі татулық пен ұлтаралық және діни ауызбірліктің мызғымас модуліне қызығушылық танытқан көршілес республикалардың өкілдері бұл тақырыпты қызу қолдап, Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі күнге дейін атқарған шараларын өз мемлекеттерінде бейбіт өмірдің кепілі ретінде жүзеге асыруға ниет білдірген пікірлер болды.

2011 жылы мамыр айында Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылық етуімен қазақ жеріндегі қырғыз этномәдени бірлестіктері елімізде "Тамыры бір бәйтерек" атты тарихи-мәдени жобаны еліміздің 9 өңірінде жүзеге асырды [3].

2011 жылдың 20 маусымында Алматыдағы М. Әуезов атындағы мұражай-үйінің мәслихат залында "Мұхтар Әуезов, Шыңғыс Айтматов. Қазақ-қырғыз тарихи-мәдени байланыстарының ажырамас бірлігі" атты дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Онда бауырлас екі елдің ұлттық ғылым академияларының мүшелері, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бас қосып, тағдырлары тамырлас қазақ пен қырғыздың өзара тарихи-мәдени, рухани һәм ғылыми ортақ қазынасына қатысты келелі әңгіме қозғады.

Бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қырғызстан халқы Ассамблеясының арасында жасасқан әріптестік келісім-шартқа орай және де "Түркі халықтарының өзара мәдени үндестігі: тарих пен замана" атты игі шара аясында түбі бір түркі жұртының мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдары мен мәдени қызметкерлері, сондай-ақ жазушылары мен журналистері арасында тығыз қарым-қатынас орнату және рухани ортақ құндылықтарымызды күллі әлемге паш ету мақсатында Алматы қаласында өткізіліп отырған алғашқы басқосу болды.

Дөңгелек үстелге Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Бас консулы С.Убукеев, Қырғыз Республикасы Ұлттық академиясы жанындағы Философия институтының директоры О.Тогузаков, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің ректоры Т.Абдрахманов, Қазақ елі тарапынан Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары А.Карапетян, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры У.Қалижан, "М.Әуезов қорының" президенті М.Әуезов, Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасының бастығы М.Ахетов және өзге де ғалымдар қатысты. Аталмыш жобаның мақсаты ұлттар арасындағы түсіністік пен бейбіт қатынасты нығайту, жас ұрпақты екі елдің заңғар жазушылары Әуезов пен Айтматов шығармашылығын насихаттай отырып бауырмашылдыққа, өзара туыстық қатынаста тәрбиелеу және қазақ пен қырғыздың мәдениетін, салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын қастерлеп, әлемдік мәдениеттің көгіне шығаруды көздейді. Дөңгелек үстел отырысынан кейін бауырлас қазақ-қырғыз мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты, рухани-мәдени қатынасты одан әрі дамыту мақсатында екіжақты меморандумға қол қойылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі бірлік пен келісімді, берік ынтымақтастықты, сондай-ақ әр азаматтың өзінің туған жеріне, еліне, отбасына деген адалдығын айғақтай түсті.

2014 жылы 18 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Бейбітшілік және келісім сарайында "Қазақстан – 2050 стратегиясы": татулық, руханилық және келісім мәдениеті" атты күн тәртібімен өтті. Сессияға Ассамблея мүшелері, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, саяси партиялар, діни конфессиялар, дипломатиялық миссиялар басшылары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, шетелдік қонақтар қатысты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамымыздағы тұрақтылық пен бірлік "Қазақстан – 2050" Стратегиясын іске асырудың аса маңызды факторы екені, сонымен қатар толеранттылық пен келісімнің қазақстандық үлгісін одан әрі дамыту жөнінде және Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ел Конституциясының алдағы 20 жылдығына байланысты 2015 жылды "Ассамблея жылы" деп жариялады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 836 қаулысы). Ол Үкіметке Ассамблеямен бірлесіп, тиісті Ұлттық Іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, сондай-ақ Астана қаласында Қазақстан халқы форумын ұйымдастыруды тапсырды. Бұған қоса, Қазақстан Президенті 2015 жылды елордада "Астана – татулық пен келісім қаласы" атты ұранмен өткізіп, оған барлық республикалық этномәдени бірлестіктерді қатыстыру керектігін атап өтті. Ассамблея мүшелеріне "Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық "Бірлік" алтын медалі марапаттарын тапсырды [4].

Ассамблеяның XXI сессиясының үндеуі қабылданды, ол жалпыұлттық бiрлiкті, тұрақтылықты нығайтуға, экстремизмге, надандыққа және зорлық-зомбылыққа бірлесе қарсы тұруға шақырады. Сондай-ақ, үндеуде Қазақстан Президентінің салиқалы, сындарлы және сарабдал саясаты, оны бүкілхалықтық қолдау, халқымыздың ұлы мақсаттардың – елдің өсіп-өркендеуі мен гүлденуінің жолында топтасуы ғана Отанымыздың кемел болашағын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне деген нық сенім көрініс тапқан.

Қазақстан халқы Ассамблеясының деректеріне сәйкес, дәл қазір елімізде 818 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. 46 этностың өз этномәдени орталығы бар. Республикада өзге ұлыстардың тілін дамыту үшін бар мүмкіндік жасалған. Арнайы мамандандырылған этнолингвистикалық орталық ашылған. Ана тілдерін оқытуға арналған жексенбілік мектептер жұмыс істейді.

Қазіргі таңда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мен республикамыздағы басқада шағын этностардың ұлттық-мәдени орталықтары үшін қырғыз диаспорасының шынайы этномәдени жағдайы көрнекі зерттеу болып табылады.

Қазақстандағы қырғыздар келешек жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, өз ұлтының туған тілімен, рухани мұрасымен, әдет-ғұрып, салт-жоралғыларымен сусындатып отырған жайы бар. Олардың осы бағыттағы мақсаттарын жүзеге асыруға арналған "Қырғыз ұлттық мәдени орталықтары" ашылған. Олар: Астана қаласында 2005 жылы "Астана Кыргызстан" этномәдени орталығы құрылады, бірлестік жетекшісі Ш.А.Исмаилов. "Астана Кыргызстан" этномәдени орталығының ұйымдастыруымен өз ұлтының туған тілін дәріптеуде қырғыз балаларына арналған жекшембилик "Кут билим" мектебі ашылған, сабақ ұлттық тіл қырғыз тілінде жүргізіледі. 2008 жылы наурыз айында қырғыз жекшембилик "Кут билим" мектебінде "Манастан Шыңғыс Айтматовқа дейін" атты ашық сабақтар жүргізіліп, оған Чынгыз Тороклович Айтматовтың өзі қатысып "Манас" жырынан үзінді оқыған балаларға ризашылығын білдіріп, қырғыз халқының салты бойынша "ақ батамен" аяқтады. Бұл күнді Қазақстан қырғыздары зор ұлтық мақтанышпен өткізді. Қазіргі таңда қырғыз жекшембилик "Кут билим" мектебінің шәкірттері "Залкар урпактар" атты қырғыз ұлттық ансамбльдерімен халық музыкасы мен би өнерлерін көрсетуде. Қырғыз ұлттық дәстүрлерін насихаттауда "Астана Кыргызстан" ұлттық мәдени орталығының ұйымдастыруымен қырғыздардың документальді фильмдері кинотеатрларда жүргізілуде. Сонымен қатар Қарағанды қаласының орталық алаңына Сталиндік репрессия саясатының құрбандары мен КАРЛАГ лагерьлерінде ату жазасына кесілген қырғыз азаматтарына арналған ескерткіш мемориал-тақта тұрғызылды. 2007 жылы Астана қаласында Қазақстандағы қырғыздардың Ассоциациясының ұйымдастыруымен республикамыздағы қырғыздардың І конгресі өткізілді [5, 121-125 бб.].

Ақтау қаласына ең алғаш 1960 жылы келген Баткен облысы, Кадамжай ауданының қырғыз азаматы Эргеш Абдуллаев болды. Эргеш Абдуллаев Ақтау қаласында өзінің "Мичурин" бағымен жергілікті тұрғындарға әйгілі, әрі Маңғыстау облысындағы 20 этномәдени орталықтардың бірі қырғыз этномәдени орталығын ұйымдастырушы болды. 2000 жылы 90 жасқа келген Эргеш Абдуллаев қайтыс болады. Осыдан кейін Ақтауда "Ала-Тоо" қырғыз этномәдени орталығы құрылады, жетекшісі Курбанали Газыбеков [5, 126-128 бб.].

Шымкент қаласында "Ордобасы Ала-Тоо" этномәдени бірлестігі, жетекшісі Б.Сапарбаев, Павлодарда "Кыргызстан" атты қырғыз мәдени орталық, жетекшісі Б.А.Орузбаев, Қостанай қаласы орталығында "Асаба", жетекшісі К.У. Беделбеков, Таразда "Манас-Ата" ұлттық-мәдени орталығы, жетекшісі Н.Мамытов [5; 134б].

Шымкентте 2500-ге жуық қырғыз ұлтының өкілі тұрады. Көп емес, әрине. Бірақ, олардың үлесін аз деп айтуға болмайды. Қазақпен туыс халық тілі мен салт-дәстүрін сақтауға мүмкіндіктің мол екенін айта кету керек. Ұлт пен ұлыстың ұйытқысы болған Оңтүстікте өсіп-өнген қырғыздар достыққа берік, антқа адал. Олар жергілікті халықпен бірге ұлтаралық татулық пен достыққа лайықты үлес қосып келеді. Қырғыз этномәдени бірлестігі 2005 жылы құрылған. Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Аблай Рысбеков.

Тілі басқа болса да, тілегі бір ұлттың дәстүрінде мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін үрдістер көп. Оны бірлестіктің қариялары жастарға айтып, бағыт-бағдар беріп отырады. Аблай Рысбековтің айтуынша, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халық ағарту ісінің үздігі Мырзақұл Тұрғынбаев, облыстық саз колледжінің дирижері Есіркеп Жолдасов, жеке кәсіпкер Райысбек Рәсілбеков бірлестіктің іс-шараларына қатысып қана қоймай, өңірдегі түрлі ұлт пен ұлыстың татулығының артуына сүбелі үлес қосып келеді.



"Біз тамыры тереңде жатқан, тағдыры ортақ, екі жұрттың перзентіміз. Қырғыз халқы Жамбыл облысымен шекаралас Талас ауданынан келген екен. Содан бері екі ғасырға жуық уақыт өтті. Қазақтармен туысымыздай араласып кеткенбіз. Қазақпен төс түйістіріп, құда болдым. Қызым қазақ жігітіне тұрмысқа шықты. Үлкен ұлым Шыңғыс қазақ қызымен бас қосты. Балаларымызға отбасымыздың тарапынан қарсылық болған жоқ. Әрине, ежелден ауылы аралас елдің жерінде отырып, қазақпен қалай құда болмайсың! Біз Қырғызстанға барып, сонда өсіп-өнеміз деп айта алмаймын. Өйткені, біз Қазақ жерінде туылдық. Қазақ елінде білім алдық. Сондықтан біздің Отанымыз тек – Қазақстан!", – дейді қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Аблай Рысбеков [6].

Достықта шекара жоқ екенін алға тартқан Аблай Серікбайұлы елдегі бірлікті нығайтып, ынтымағы жарасқан Қазақ елінің берекесін тасытуға осылай үлес қосуды мақсат тұтады.

Республикада басты қаланың бірі Алматыда "Достық үйі" этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығында бірнеше ұлттық мәдени-бірлестіктер жұмыс істеуде. Соның бірі қырғыз этномәдени орталығына тоқталып өтейік.

Алматы қаласында 1997 жылы "Мекен" атты этномәдени орталық құрылады, негізін салушы Акбар Рыскулов. Алматыдағы қырғыз диаспорасы орталығының жетекшісі Марат Кулманбетов. 2003 жылы "Кыргыз-Ата" атты көшпелі еңбек мигранттарының Заирбек Стамалиевтың басқаруымен қоғамдық қоры құрылады [5, 129-133 бб.].

2004 жылы орталық мүшелері ақылдаса келе, бір орталықтан "Мурас" атты Кырғыз ұлттық мәдени орталығы болып өзгертіледі. "Мурас" деген сөзді қазақшаға аударғанда "мирас" болады, ал мағынасына жүгінсек атадан әкеге, әкеден-балаға қалатын мұра дегенді білдіреді. Атадан қалған мұраның қатарында қырғыз халқына тән әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, "Манас" дастаны, фольклорлық туындылар, әр түрлі жанрдағы вокальдық аспаптық музыкалық шығармалар кіреді. Осы ұстаныммен ата-баба дәстүрін мирас етіп алған "Мурас" орталығының мүшелері қазақ жерінде қызмет етіп, өз өнерлері мен дәстүрлерін насихаттап келеді. "Мурас" этномәдени бірлестігінің жетекшісі Руслан Мамыров. "Мурас" Қырғыз этномәдени бірлестігі Қырғыз елі думаншыл, бүкіл әлем халқы көз тіккен халық ауыз әдебиетінің кесек туындысы тарихи эпос - "Манас" дастанын, халық музыкасы мен би өнерін, ұлттық музыка аспаптарын, яғни комыз, қыл-кияқ, чоор, керней, сырнай, добулбас және тағы басқа көзінің қарашығындай мирас етіп сақтап келеді. Осының бәрі ата-баба ұрпағының қанға берілген қасиеттерінің бірі. Әр айда қырғыздар "Черине" (қазақша мағынасы "қырғыздардың бас қосуы") өткізеді. "Черинеде" қырғыздың кең танымал ырлары, көне ұмыт қалған әндері, жаңадан насихатталып жүрген туындылары да шырқалады, мақал-мәтелдер, "Манас" жырлары да айтылады. "Мурас" мәдени орталығының ендігі жоспарлап отырғаны жекшембилик мектеп ашып, көркемдік ұжым ұйымдастыру. Себебі, өскелең ұрпақтың болашағын ойлап, ұлттық тілдерін, өнерін, мәдениетін, дәстүрін ұмытпас үшін мұндай әрекеттердің жасалу керектігін мойнына алып отыр.

Сонымен қатар Қырғыз этно-мәдени орталығының директоры Руслан Мамыров 2015 жылы 20 түрлі мәдени іс-шара бағдарламасын Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына және Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығына орайластырып жоспарлап, жоғары деңгейде өткізді.

Осы кезеңге дейін бірнеше баспалдақтан көтеріліп, бірталай белестерді бағындырған мәдени орталық басқа ұлт өкілдеріне ұлттық құндылықтарын таныту, ұлтаралық қатынасты нығайтуда, ынтымақ пен бірлікке шақыру, өскелең ұрпаққа, жастарға өз ұлтының тілін, ділін, ежелден келе жатқан салт-дәстүрін, ұлттық өнерін насихаттап үйрету, бойына сіңіруге, дамытуға септігін тигізетін бірден-бір қоғамдық бірлестік.

2013 жылғы 24 сәуір күні Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-сессиясы "Қазақстан-2050: бір халық, бір ел, бір тағдыр" деген айшықты тақырыппен өтті. Бұған Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Назарбаев: "Бір халық – бұл барлығымыз үшін ортақ мүдделер. Бір ел – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. Бір тағдыр – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!" – деп түсініктеме беріп, қоғамға терең ой салды. "Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар сол шаңыраққа шаншылған уықтар",– деп, этносаралық келісім мен достық қатынастың қаншалықты маңызды екенін атап өтті [7].

Міне, осылай татулықты тірлігіміздің тірегіне айналдырып, көпұлтты мемлекетіміздің тұтастығы мен ел бірлігі барлық табыстарымыздың негізі болып отыр.

2009 жылғы Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағының қорытындылары бойынша, ана тілі деп өз ұлтының тілін 98,9 пайыз қазақтар, 98,8 пайыз орыстар, 96,3 пайыз дүнгендер, 95,4 пайыз өзбектер, 92,8 пайыз түріктер, 92,4 пайыз тәжіктер, 85,0 пайыз ұйғырлар, 77,8 пайыз шешендер, 73,7 пайыз қырғыздар, 73,4 пайыз әзірбайжандар [8; 20-25бб].

Жоғарыдағы көрсеткіштер бойынша қырғыздар 73,7 пайызбен тоғызыншы орынды иеленсе, ал әзірбайжан халқынан 0,3 пайыздық жоғары көрсеткішке ие.

Ана тілім деп 51,0% татарлар, 36,0% корейлер, 17,0% немістер, 15,8 % украиндар, 13,0% белорустар және 9,3% поляктар атады [9].

Бұл көрсеткіш бойынша татарлардан 22,7 пайызға, корей халқынан 37,7 пайызға, немістерден 56,7 пайызға, украин этностарынан 57,9 пайызға белорустардан 60,7 пайызға, поляк халқынан 64,4 пайызға қырғыз диаспорасының көрсеткіші әлдеқайда жоғары екенін байқауға болады.

Өз ұлтының ана тілін меңгеру дәрежесінің жоғары деңгейге жетуіне этномәдени және арнайы мамандандырылған этнолингвистикалық орталықтар мен ана тілін оқытуға арналған жекшембилик мектептердің үлесі зор екені байқалады.

Жоғарыдағы аталған Қырғыз этномәдени орталықтарының мақсаты атадан балаға мирас болып қалған алтын қазынасын насихаттауда елеулі еңбек етіп, елден тысқары болса да халқына адал қызметтерін атқарып жүргенін көруге болады.

Қазақстан Республикасы барлық этностардың ұлттық талап-тілегін орындауға бағытталған ұлт мәселесі жан-жақты дәлелді жүйедегі өлшемге ие болған ел.

Әдебиеттер:

1.Ассамблея народа Казахстана: исторический очерк / Тугжанов Е.Л., Кан Г.В., Коробков В.С., Шаяхметов Н.У. – Алматы: Раритет, 2010. – 304 б.

2.Егемен Қазақстан. - 2010 жыл, 20 қазан. //ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылаған Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы кеңесінен.

3. Егемен Қазақстан. - 2013 жыл 29 маусым.

4.Егемен Қазақстан.-2014 жыл 18 қаңтар (№ 11). ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылаған Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы кеңесінен

5. Нурдинов, А., Соотечественники за рубежом. 2012 года. І том -Бишкек: "Турар". - 136 стр.



6.Құттыбике Нұрғабыл «Бойымызда қазаққа тән қасиет басым» атты мақаласынан үзінді //«Шымкент келбеті» атты қоғамдық-саяси газет, 27 ақпан 2015 жыл.

7.Қазақстан халқы Ассамблеясының ел азаматтарына үндеуі // Егемен Қазақстан. - 2014 жыл 18 қаңтар (№ 11).

8.Қазақстан Республикасының 2009 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындылары.Талдамалы есеп. Ред. басқарған Смайылов Ә.А. /Астана, 2011-65 бет.

9.Примин В.В. Государственная программа функционирования, развития и изучения родных языков на 2001-2010 годы // Материалы Республиканской конференции по вопросам развития и изучения родных языков в национальных и воскресных школах. – Астана, – 2001. – 102-106 с.


References:
1.Assamblia narodob Kazakstana:istoriheskii oherk/ Tygjanov E.L., Kan G.B., Korobkov B.C.,Chahmetov N.Y. - Almati . Raritet 2010. -310 b.

2.Egemen Kazakstan . -2010 jil. 20 kazan.//KR Presidenti N.A Nazarbaevtin Kazakstan kalkina Joldayin talkilagan Kazakstan kalki assambliacinin arnai kenecinen

3.Egemen Kazakstan . -2013 jil. 29 maycim.

4.Egemen Kazakstan. -2014 jil. 18 kantar.(№11) //KR Presidenti N.A Nazarbaevtin Kazakstan kalkina Joldayin talkilagan Kazakstan kalki assambliacinin arnai kenecinen

5.Nurdinov A. Compatriots abroad. Volume I. Bishkek: Turar, 2012. 136 p.

6.Kyttibike Nyrgabl "Boimizda kazakka tan kaciet bacim" atti makalacinan yzindi//"CHimkent kelbeti" atti kogamdik-caici gazet. 27 akpan 2015 jil.

7. Kazakstan kalki assambliacinin el azamattarina yndeyi// Egemen Kazakstan. -2014 jil. 18 kantar.(№11)



8. Kazakstan Respyblikasinin 2009 jilri Ylttik kalik sanarinin koritindilari., Taldamali esep. Red. baskargan Smailov A.A. / Astana, 2011. -65 p.

9. Primin B.B. Gosydarstbennai programma fynksionirobani, razbitia i izyshenia rodnix iazikov na 2001-2010 godi // Materiali Respyblikanskoi konferensii po boprosam razbitia i izyshenia rodnix iazikov b nasionalnix i boskresnix shkolax. - Astana, -2001. -102-106 p.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет