Әож 541. 128; 541. 13 А. И. Ниязбаева



Дата18.06.2017
өлшемі213,56 Kb.
#19320
ӘОЖ 541.128; 541.13
А.И. Ниязбаевадоцент, х.ғ.к., Almagul.Niyazbaeva@kaznu.kz

Г.К. Бексемуратова6М011200 – «Химия» мамандығының 2-курс магистранты

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕР ҮШІН ХИМИЯ КУРСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫН КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

БОЙЫНША ДАЙЫНДАУ


Аннотация

Мақалада медициналық колледждерде оқытылатын химия пәнінің бағдарламасын кредиттік оқыту технологиясының талаптарына сай құрастыру қажет екендігі ұсынылып отыр, себебі мемлекетіміздің барлық жоғары оқу орындары оқыту жүйесін дүние жүзіндегі дамыған елдердің білім беру стандарттарымен сәйкестендіре отырып, әлемдік білім беру жүйесінің талаптарына сай кредиттік оқыту технологиясы бойынша жұмыс жасауда.Заман талабына сәйкес болашақта кәсіптік және техникалық оқу орындары да осы аталған оқыту жүйесі бойынша білім беруге көшуі мүмкін. Медициналық колледждерде міндетті оқу пәні болып табылатын «Жалпы және бейорганикалық химия»пәнінің мазмұны және құрылымы кредиттік оқыту технологиясының талаптарына сай модульдерге бөлініп құрастырылды. Әрбір дәріс мазмұнына сай семинар сабақтарының тақырыптары және зертханалық жұмыстар ұсынылып отыр. Сонымен қатар, тақырыптарға сәйкес студенттердің өз бетімен орындауы қажет жұмыстар да көрсетілді.



Түйін сөздер: білім беру, кредиттік технология, колледж, жалпы және бейорганикалық химия, бағдарлама.

Білім беру жүйесі – әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым. Қазіргі таңда жоғары және арнайы оқу орындарындағы білім берудің бір ерекшелігі – студенттің тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын негізге ала отырып, олардың бойына құзіреттілікті қалыптастыру. Еліміздің келешек ұрпақтарын құзіреттіліктілікке бағыттай отырып оқытуда көптеген іс-шаралар жасалып, заманауи әдіс-тәсілдер қолданылуда. Соның бірі Республикамыздың барлық жоғары оқу орындарыоқыту жүйесін дүние жүзіндегі дамыған елдердің білім беру стандарттарымен сәйкестендіре отырып, әлемдік білім беру жүйесінің талаптарына сай кредиттік оқыту технологиясына көшірілді.



Кредиттік оқыту технологиясы – білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту.

Еліміздің жалпы білім беру жүйесін әлемдік білім беру жүйесінің талаптарына сай дамыту мақсатында тек жоғары оқу орындарында ғана емес колледждерде де кредиттік оқыту технологиясын енгізу қажеттілігі туындап отыр.

Дәстүрлі оқыту жүйесінен кредиттік оқыту жүйесінің негізгі айырмашылықтарының бірі – студент мемлекеттік стандарт талаптарына сай жоғары деңгейдегі кәсіптік білімін өз күшімен, өз белсенділігімен меңгереді. Яғни, кредиттік оқыту жүйесінің мақсаты – студенттерге аз уақытта сапалы, мол білім беру, сол үшін оларды өз бетінше жеке жұмыс істеп, жаңа ақпараттарды игеруді үйрету болып табылады [1].

Біздің жұмысымыздың мақсаты медициналық колледждерде оқытылатын химия пәнінің бағдарламасын кредиттік оқыту технологиясының талаптарына сай құрастыру. Химия жаратылыстану пәндер цикліндегі базалық пәндерге жатады, сонымен қатар биологиялық химияның, молекулалық биологияның, фармакологияның және тағы басқа пәндердің теориялық негізі болып табылады. Болашақ медицина мамандарына химиядан, биохимиядан терең білім беру олардың келешек кәсіби қызметінде өте қажет болады.

Медициналық колледждерле химия пәнінен білім беру бағдарламасы төмендегі мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған:


  • қоршаған ортадағы заттардың табиғатын танып білу, химияның негізгі түсініктері, заңдары және теориялары туралы білімді меңгеру;

  • әр түрлі химиялық құбылыстарды және заттардың қасиеттерін түсіндіруде, заманауи технология мен адамзаттың қажетін толық қанағаттандыратын заттарды алуда химияның ролін бағалай отырып алған білімдерін қолдана білу;

  • әр түрлі ақпарат көздерін, салалық оқулықтар мен ғылыми-танымдық әдебиеттерді, соның ішінде электрондық оқулықтар мен интернет көздерін пайдалана отырып химиялық білімді өз беттерінше меңгеру, танымдық қызығушылықтарын және интеллектілік меншіктерін дамыту;

  • қазіргі дамыған қоғам өмірінде химияның маңызына көз жетушілікке, өзінің жек өміріне және қоршаған ортаға химиялық сауатты қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу;

  • алған білімдерін және біліктерін күнделікті тұрмыста, өндірісте, ауыл шаруашылығында өз қажеттіліктерін өтеу үшін құзыретті пайдалана білу.

Бағдарлама мазмұны келесі басты идеялар негізінде құрылды:

  • табиғаттағы заттардың материалды бірлігі және олардың генетикалық байланысы;

  • заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері және қолданылуы арасындағы себеп-салдарлы байланыстар;

  • химиялық процестер әлемін және заңдылықтарын танып-білу;

  • нақты химиялық қосылыс заттардың айналу процесінің үздіксіз тізбегіндегі буыны болып табылады, ол химиялық заттардың айналымына және химиялық эволюцияға қатысады;

  • табиғат заңдары объективті және танымды; химия заңдарын білу заттардың айналуларын бақылауға және бағындыруға, заттарды және материалдарды өндірудің экологиялық қауіпсіз әдістерін табуға, қоршаған ортаны химиялық ластанудан қорғауға мүмкіндік береді;

  • ғылым мен практика өзара тығыз байланысқан: практика талабы – ғылымды дамытудың қозғаушы күші, практика жетістіктері ғылым жетістіктерінің нәтижесі;

  • химия ғылымының дамуыадамға және жалпы қоғамға қызмет етеді, адамзаттың ғаламдық келелі мәселелерін шешуге бағытталған.

Химия ғылымының кез-келген саласын оқып меңгеруде химиялық эксперимент оқу процесінің құрамды бөлігі ретінде маңызды роль атқаратындықтан студенттің теориялық білімі демонстрациялық, зертханалық тәжірибелермен және практикалық жұмыстармен толықтырылады. Химиялық экспериментті орындау кезінде олар жұмыстың практикалық мәнін түсініп қана қоймай, өздерінің жинақтаған білімдерін творчестволық қолдануға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, күнделікті тұрмыста, өздерінің кәсіби жұмысында және өндірісте заттармен, материалдармен және процестермен қауіпсіз және экологиялық сауатты жұмыс жасауды үйренеді.

Бағдарламада студенттер өз беттерінше орындайтын жұмыстардың тақырыптары да қарастырылған. Кредиттік оқыту жүйесінің талаптарына сай пәннің жалпы еңбек сиымдылығының үштен төрт бөлігі студенттердің өз бетінше білім алуына жұмсалуы қажет.

Студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде ақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс. СӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнсайын өзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады [2].

Білім алушының өзіндік жұмысы оқу жоспарына сәйкес белгілі бір пәнді меңгеру барысында алған білімнің сапасын, тереңдігі мен беріктігін арттыруға, сонымен болашақ кәсіби қызметінде де қолдана алатын студенттің өзіндік іздену, өзіндік даму мен өзіндік жетілу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқу үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады.

Жалпы білім беру орындарындағы химия пәнінің бағдарламасымен сабақтастықты сақтау мақсатында пән «Жалпы және бейорганикалық химия» бөлімін меңгеруден басталып, «Органикалық химия» бөлімін меңгерумен аяқталады.

Білім берудің дәстүрлі жүйесі бойынша «Химия» оқу пәнін меңгеруге 156 сағат көлемінде уақыт бөлінеді, оның 42 сағаты лекцияға (1-ші семестрде 18 сағат, 2-ші семестрде 24 сағат), семинар сабақтарына 20 сағат (1-ші семестрде 8 сағат, 2-ші семестрде 12 сағат), практикалық сабақтарға 94 сағат (1-ші семестрде 38 сағат, 2-ші семестрде 56 сағат) беріледі.

Білім берудің кредиттік жүйесі бойынша бұл пәннің толық мазмұнын қамту үшін оны екі пәнге бөліп оқу керек деп ойлаймыз: Жалпы және бейорганикалық химия, Органикалық химия. Әр пәннің еңбек сыйымдылығын 3 кредитпен бағалап, оны 1 + 1 + 1 деп бөлуге болады деп ойлаймыз. Яғни, 1 кредит лекция, 1 кредит семинар, 1 кредит зертханалық сабаққа беріледі, ол дегеніміз аптасына 50 минут лекция, 50 минут семинар сабағы және 100 минут зертханалық сабақ жүргізіледі. Сонымен қатар, әр тарау бойынша студенттер өз бетімен орындайтын жұмыстардың тақырыптары да беріледі.

Біз кредиттік оқыту технологиясының талаптарына сай осы аталған пәндердің ішінде «Жалпы және бейорганикалық химия» курсына тоқталып, оның оқу-әдістемелік кешенін құрастырып, пәннің бағдарламасын дайындадық (1-кесте) [3].

Пәннің бағдарламасы (Syllabus) - оқу жоспары,оқытылатын пәннің сипатталуы,пәннің мақсаты мен міндеті, тақырыптың ұзақтығы мен қысқаша мазмұны,өзіндік жұмыс тапсырмасы, кеңес беру уақыты, білім алушының білімін тексеру уақыты, оқытушы талаптары,білім алушының білімін бағалау критерийлері және оның қысқаша мазмұныжөніндегі оқу бағдарламасы
«Жалпы және бейорганикалық химия»

пәнінің мазмұны және құрылымы




Тақырып

Сағат

Химия – заттар туралы ғылым

1

Лекция-1. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары. Атом құрылысы.

Химияның қалыптасуы мен даму кезеңдері. Химияның негізгі түсініктері, стехиометриялык заңдары. Атом құрылысы.Атом кұрылысының күрделілігін дәлелдейтін тәжірибелер. Квант сандары.



1

Семинар-1.

Заттардың агрегаттық күйлері: қатты, сұйық, газ. Атом – күрделі бөлшек. Атом ядросының құрылысы – нуклондар: протондар және нейтрондар. Атомдардың электрондық қабаты. Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар. Салыстырмалы атомдық және молекулалық массалар. Зат мөлшері – моль. Авогадро саны, Молярлық масса.



1

Зертханалық сабақ-1.

Зертханамен танысу. Қауіпсіздік техникасы. Химиялық ыдыстар. Жалпылама кұрал-жабдықтар. Химиялық реактивтер. Химиялық лабораторияда жұмыс істеу ережелері. Алғашқы медициналық көмек керсету ережелері.



1

2

Лекция-2. Химиялық элементтердің Д.И.Менделеевжасаған периодтық заңы және периодтық жүйесі.

Периодтық заң мен периодтық жүйе. Периодтық заң. Атомдардың, электрондық кұрылымы және Д.И.Менделеев жасаған элементтердің периодтық жүйесі. Атомдар мен иондардың периодты түрде өзгеретін және периодты түрде өзгермейтін касиеттері.



1

Семинар-2.

Элементтердің периодтық жүйесінің түрлері. Д.И.Менделеевтің периодтық заңының ашылуы. Периодтық заң және атом құрылысы. Изотоптар. Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық заңы және периодтық жүйесінің химия ғылымының дамуына қосқан үлесі және маңызы.



1

Зертханалық сабақ-2.

Заттарды тазалау және олардың тазалық дәрежесін анықтау. Сүзу және оның түрлері. Қайталай кристалдау.



1


СӨЖ. Химияның даму кезеңдерін жүйелеу мен жіктеудің бағыттарын білу.




Зат құрылысы және химиялық байланыс

3

Лекция-3. Химиялық байланыс және құрылымы.

Химиялық байланыс және молекулалардың кұрылысы мен құрылымы. Химиялық байланыстың алғашқы теориялары. Коваленттік байланыс. Иондық байланыс. Металдық байланыс. Сутектік байланыс. Донорлы-акцепторлық байланыс. Кешен түзілу.



1

Семинар-3.

Химиялық байланыстың алғашқы теориялары. Химиялық байланыстардың типтері.Коваленттік байланыстың негізгі қасиеттері. Иондық байланыстың түзілу механизмі. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі туралы түсінік.Металдық байланыстық қасиеттері, металдық кристалдық торлар. Сутектік байланыстың түзілу механизмі. Кешенді қосылыстар туралы түсінік.



1

Зертханалық сабақ-3.

ІІІ период элементтерінің жай заттарының, оксидтерінің және гидроксидтерінің қасиеттерін салыстыру.



1

4

Лекция-4. Полимерлер.

Полимерлер туралы түсінік. Бейорганикалық полимерлер. Органикалық полимерлер. Оларды алу жолдары: полимерлену реакциялары және поликонденсациялану реакциялары.Заттардың аллотропиялық түр өзгерістері.



1

Семинар-4.

Полимерлер –атомдық кристалды торлы жай заттар: көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері (алмаз, графит, карбин, фуллерон), тізбек құрылымды селен және теллур. Полимерлер –атомдық кристалды торлы күрделі заттар:кварц, кремнезем, корунд, алюмосиликаттар. Минералдар және тау жыныстары.



1

Зертханалық сабақ-4.

Пластмассаның, талшықтардың, каучуктың, минералдардың және тау жыныстарының түрлерімен танысу. Пластмассаның электр тогын өткізгіштігін, жанғыштығын, қышқылдар, сілтілер мен тотықтырғыштарға әсерін қарастыру. Термореактивті және термоплатикалық пластмассалардың қасиеттерін салыстыру.



1




СӨЖ.Жердің геологиялық қыртысының бірі – литосфераның қалыптасуында бейорганикалық табиғи полимерлердің алатырн орны және маңызы.




Химиялық кинетика. Термодинамика.

5

Лекция-5. Химиялық реакциялар.

Химиялық реакциялар туралы түсінік. Химиялық реакциялардың классификациясы. Химиялық реакциялардың жылдамдығы және оған әсер ететін факторлар. Активтендіру энергиясы туралы тусінік. Катализ. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Химиялық тепе-теңдік және оған әсер ететін факторлар.



1

Семинар-5.

Заттардың сапалық құрамы өзгермей жүретін химиялық реакциялар: аллотропиялану және изомерлену. Заттардың сапалық құрамы өзгере жүретін химиялық реакциялар: әрекеттесетін және түзілетін заттардың саны және сипаты бойынша (қосылу, айырылу, алмасу, орынбасу); элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруі бойынша (тотығу-тотықсыздану); жылу эффектісі бойынша (экзотермиялық және эндотермиялық); фазасы бойынша (гомогенді және гетерогенді); бағыты бойынша (қайтымды және қайтымсыз); катализатордың қатысуы бойынша (катализ).



1

Зертханалық сабақ-5.

Тұнба, газ немесе су түзіле жүретін химиялық реакциялар. Сутек пероксидін немесе калий перманганатын ыдырата отырып оттек алу.



1

6

Лекция-6. Термодинамика.

Химиялық реакциялардың жүру мүмкіндіктері. Ішкі энергия, энтальпия. Химиялық реакциялардың жылу эффектілері. Реакцияның және заттардың түзілуінің стандартты энтальпиясы. Энтропия.



1

Семинар-6.

Термохимиялық теңдеулер. Гесс заңы және оның салдарлары.



1

Зертханалық сабақ-6.

Химиялық реакцияның жылдамдығы және химиялық тепе-теңдік. Химиялық реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелілігін зерттеу. Химиялық реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі. Химиялық реакция жылдамдығына катализатордың әсері.



1

СӨЖ. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары.




. Ерітінділер.

7

Лекция-7. Су химиясы.

Су молекуласының құрылысы. Судың физикалық және химиялық касиеттері. Табиғаттағы су. Ауыр су.



1

Семинар-7.

Су – табиғи қордың бірі. Судың ластану көздері.



1

Зертханалық сабақ-7.

Ауаның судағы ерігіштігі. Қатты заттардың судағы ерігіштігі. Сұйықтардың судағы ерігіштігі.



1

8

Лекция-8. Ерітінділер.

Ерітінділердің типтері. Ерітінділердің химиялық теориясы. Заттардың судағы ерігіштігі. Ерітінділердің кұрамын сипаттау. Ерітінділердің концентрациясы және оны өрнектеу жолдары.



1

Семинар-8.

Дисперсті жүйе туралы түсінік. Қаныққан және қанықпаған ерітінділер. Гидраттар мен кристаллогидраттар.



1

Зертханалық сабақ-8.

Массалық үлесі берілген ерітінді дайындау.

Молярлық концентрациясы және эквивалентінің молярлық концентрациясы берілген ерітінді дайындау.


1

СӨЖ. Табиғи сулар химиясы.




9

Лекция-9. Ерітінділердегі электролиттік диссоциация және иондық реакциялар.

Сулы ерітінділердегі бейэлектролиттер мен электролиттер. Электролиттік диссоциация теориясы.Электролиттік диссоциацияның дәрежесі мен тұрақтысы.



1

Семинар-9.

Электролит ерітінділері. Күшті және әлсіз электролиттер.



1

Зертханалық сабақ-9.

Электролит ерітінділері.

Электролит ерітінділерінің жалпы касиеттері.


1

10

Лекция-10. Судың диссоциациялануы.

Судың диссоциациялануы.Сутектік көрсеткіш. Ерігіштік көбейтіндісі.

Қышқылдар мен негіздер теориялары.


1

Семинар-10.

Су – әлсіз амфотерлі электролит.Еру процесі кезінде байқалатын кұбылыстар.



1

Зертханалық сабақ-10.

Сутектік көрсеткішті рН негіздік индикаторлар



1

11

Лекция-11. Электролит ерітінділері.

Қышқылдар, негіздер және тұздар ерітінділерінің ерекшеліктері және атаулар жүйесі. Иондық реакциялар.



1

Семинар-11.

Сулы ерітінділердегі қышқылдардың, негіздердің, амфотерлі гидроксидтер мен тұздардың диссоциациялануы.



1

Зертханалық сабақ -11.

Амфотерлік электролиттер



1

СӨЖ. Жалпылама теорияның химияда қолданылуы.




12

Лекция- 12. Қышқылдық-негіздік әрекеттесу.

Ерітінділердегі иондық тепе-теңдіктер. Тұздардың гидролизі. Гидролизденудәрежесіжәнеконстантасы.



1

Семинар-12.

Қышқылдар, негіздер, тұздар туралы ілімнің дамуы. Қышқылдар мен негіздердің қасиеттеріне еріткіштердің әсері.



1

Зертханалық сабақ -12.

Тұздардың гидролизі.



1




Тотығу-тотықсыздану процестері




13

Лекция-13. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.

Тотығу-тотықсыздану процестері теориясының негізгі ұғымдары. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының негізгі типтері. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құрастыру.



1

Семинар-13.

Негізгі түсініктер: тотығу дәрежесі, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының механизмі.



1

Зертханалық сабақ-13.

Тотығу-тотықсыздану реакциялары.



1

СӨЖ.Тотығу-тотықсыздану реакцияларының қолданылуы.




14

Лекция-14.Электрохимия заңдары

Токтың химиялық көзі. Кернеу қатары. Электродтық потенциалдар. Гальвани элементтері. Стандарттық тотығу-тотықсыздану потенциалдарының қатары және одан шығатын негізгі практикалық қорытындылар. Электролиз заңдары, қолданылуы



1

Семинар-14.

Металдардың жемірілуі және одан оларды қорғау.



1

Зертханалық сабақ-14.

Ерітінділердегі электролиз процесі. Қатты заттардың балқымасының электролизі



1

СӨЖ:Гальваниэлементтерінің қолданылуы.




Координациялық қосылыстар химиясы

15

Лекция-15.Координациялық қосылыстар

Координациялық-комплекстіқосылыстар. Координациялық теория. Оның еңмаңызды тұжырымдары. Координациялыққосылыстардың негізгітиптері мен атаулар жүйесі.



1

Семинар-15.

Координациялық қосылыстардағы химиялық байланыстың табиғаты.Координациялық қосылыстардың кеңістіктегі құрылысы мен изомериясы.



1

Зертханалық сабақ-15.

Комплексті қосылыстардың алынуы және қасиеттері.



1

Студент «Жалпы және бейорганикалық химия» курсын ұсынылып отырған бағдарлама бойынша меңгеру нәтижесінде алған білімдер жүйесін келесі курстарда басқа да пәндерді меңгеруде, сонымен қатар тұрмыста және өмірде кездесетін мәселелерді шешуге қолдана алады.


Пайдаланған дерек көздері


  1. Скаткин М.М. Совершенствование процесса обучения. – М.: Просвещение, 2011. – 65-78 с.

  2. Н.Н.Нұрахметов, К.Н.Әлдибекова. Кредиттік оқыту жүйесі: студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру, орындау, бағалаудың ғылыми-әдістемелік негізі. // Әдістемелік құрал, Алматы 2007. 17-25 бет.

  3. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. Алматы, ҚР ЖОО қауымдастығы, 2011. 5-360 бет

Резюме

Разработка программы курса химии для медицинских колледжей по кредитной технологии обучения

А.И. Ниязбаева – доцент, к.х.н., Almagul.Niyazbaeva@kaznu.kz

Г.К. Бексемуратова – магистрант 2-го курса обучения по специальности 6М011200 – «Химия» Казахского Национального университета им.аль-Фараби, Алматы, Казахстан, guleke.06.73@mail.ru

Данная статья посвящена разработке программы курса химии для медицинских колледжей в соответствии с требованиями кредитной технологии обучения. Поэтому все высшие учебные заведения нашего государства разрабатывает систему обучения в соответствии со стандартами развитых стран мира и согласно требованиями мировой системы образования по кредитной технологий обучения.

В будущем могут перейти на данную систему обучения согласно современным требованиям учебных заведений технического и профессионального образования. Структура и содержание дисциплины «Общая и неорганическая химия», являющихся обязательным учебным дисциплиной в медицинских колледжах составлены в соответствии с требованиями кредитной технологии обучения по модулей дисциплины. Предложены темы семинарских занятий и лабораторных работ, соответствующие содержанию каждой лекции. Кроме того, были представлены работы студентов, необходимые для самостоятельного выполнения тематики.

Ключевые слова: образования, кредитная технология, колледж, общая и неорганическая химия, программа.

Summary

Development of chemistry course program for medical colleges with credit education technology

A.I. Niyazbaeva - Associate Professor, Ph.D., Almagul.Niyazbaeva@kaznu.kz

G.K. Bexemuratova - 2nd year Master student in the specialty 6M011200 - "Chemistry" of the al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan, guleke.06.73@mail.ru

This article focuses on the development of chemistry course program for medical colleges in accordance with the requirements of the credit education technology. Therefore, all higher education institutions of our country are developing a training system in accordance with the standards of the developed countries of the world and according to the requirements of world education on credit education technology.



In the future, this training can be implemented in accordance with modern requirements of educational institutions of technical and vocational education.The structure and content of the discipline "General and Inorganic Chemistry", which are compulsory discipline in medical colleges prepared in accordance with the requirements of the credit education technology by discipline modules.Proposed topics of seminars and laboratory work, corresponding to the content of each lecture. In addition, the students’ works were presented which necessary for the independent exercise of themes.

Keywords: education, credit technology, college, general and inorganic chemistry, program.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет