ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ.
КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ
СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ
92
Несмотря на известные трудности, вызванные последствиями катастрофического неурожая
минувшего года, совхоз не только не допустил сброса скота и увеличения его падежа, но и добился
существенных сдвигов к лучшему. По итогам первого квартала было поставлено государству 910
центнеров мяса, что вдвое больше задания. Сохранность крупного рогатого скота 99,9 %,
овцепоголовья 99,8 %. Превысили планы по снегозадержанию, вывозке органических удобрений,
ремонту техники.
За четыре года пятилетки совхоз при плане 22590 ц. сдал 16706 ц. мяса, поставили 2630 ц.
шерсти.
Вот так, не боясь никаких трудностей, Жагипар Акбасов поднимал не одно хозяйство.
Включил в русло жизни вымирающие совхозы. Жагипар Амиргалиевич, рассказывая о своих делах,
сокрушался над тем, что его совхозы, которым он отдал все силы и здоровье, легко рухнули. Ведь
строить всегда намного сложнее, чем разрушать.
Акбасов Жагипар Амиргалиевич – кавалер ордена Ленина, двух орденов Трудового Красного
Знамени, и ордена «Знак Почета». Был делегатом ХХҮ и ХҮ съезда Компартии Казахстана,
неоднократно избирался депутатом Советов различных уровней.
3аключение:
Жагипар Амиргалиевич Акбасов – один из старейших и опытных организаторов сельско-
хозяйственного производства Костанайской области. Всю свою сознательную жизнь посвятил
развитию и расцвету своего родного края. Особой его заслугой является то, что в 1963 году в
бескрайней Торгайской области организовал новый совхоз «Степняк». Сейчас этого человека уже с
нами нет, но на примерах можно воспитывать не одно поколение. Работая над этой темой, мы
поняли, что значит быть человеком с большой буквы. Нам, нынешнему поколению есть, у кого брать
пример. Гордиться прошлым и достойно строить наше будущее.
Список использованной литературы:
1.
Ж.А. Акбасов «Судьба степняка», Костанай, 2002 г.
2.
Использовались документы, цифры и факты из личного архива Акбасова Ж.А.
(
Информация уточнялась в ходе личных бесед с Ж.А.Акбасовым)
ШАЙСҦЛТАН ШАЯХМЕТОВ - ҦЛТТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ТҦЛҒА
Абишева Г.К. - Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Сұлукӛл орта мектебінің тарих пәні
мұғалімі
Бұл мақалада Ш.Шаяхметовтың ӛмірі мен қоғамдық және ғылыми қызметі туралы
айтылған. Негізгі зерттеуге алынған нысаналар - білім саласына арналған еңбектері, химия
саласы бойынша ғылыми-зерттеу еңбектері. “Мемлекеттік тіл” мәселесі, қоғамдық істердің
ұйымдастырылуы және оны басқару, мемлекеттік қызмет т.б. айтылады.
Негізгі сӛздер: қайраткер, ғалым, қоғам, мемлекеттік тіл.
Шайсұлтан Шаяхметов артына ұмытылмас үлкен мұра қалдырды. Ол мұраның ең биігі – елге
жасаған қалтқысыз еңбегі. Оның жас ұрпаққа білім беру жолындағы қалдырған ізі бүгін қазақ
даласында сайрап жатыр. Оның бергі жағында ана тілімізді сақтап, дамытуға байланысты соңғы
жылдары жасаған еңбегі ӛз алдына бір тӛбе.
Белгілі қоғам қайраткер, ғалым - Шайсұлтан Шаяхметұлы Шаяхметов 1939 жылы 7 қантарда
Қостанай облысының, Науырзум ауданында, Науырзум ауылында дүниеге келді.
Шайсұлтан Шаяхметұлы 1964 жылы 7 жылдық Науырзум мектебінің 1-қазақ сыныбына оқуға
түсті. 1966 жылы Семиозер ауылының қазақ орта мектебіне ауысып, жоғарыда атаған мектепті 1956
жылы ойдағыдай алтын медальмен аяқтады. [1.Б.8]
1957 жылы орта мектепті бітірген соң, Шайсұлтан Шаяхметұлы М.В.Ломоносов атындағы
Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультетіне оқуға түсті. КСРО- ның ғылым Академия-
сының аспирантурасында оқып, одан соң оны жақсы аяқтап, ол С.М. Киров атыңдағы Қазақ
мемлекеттік университетінде оқытушылық қызметін атқара бастады. Сонымен қатар, ол үлкен
жауапкершілікпен кіші ғылыми кӛмекші, инженер, ассистент, аға оқытушы қызметтерін атқарған. Ӛз
кандидаттық диссертациясын Шайсұлтан Шаяхметұлы Мәскеу қаласындағы КСРО ғылым Академия-
ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ.
КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ
СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ
93
сының элементоорганикалық қосалтқыштар институтында күрделі зерттеу жұмыстарын жүргізіп,
жазған болатын.
1970 жылы Шайсұлтан Шаяхметұлы химия ғылымдарының кандидаты атанды. Ал 1974 жылы
үлкен дәрежеге жетіп химия ғылымдарының кандидаты, ғылыми шенінде доцент атағына ие болды.
1991 жылы Шайсұлтан Шаяхметұлы химия ғылымының дамуына кӛптеген үлес қосқаны үшін
профессор аттанды. [2.Б.11].
Ш.Шаяхметов республика және АҚШ, т.б. шет елдерінің ғылыми журналдарында жарық кӛрген
30-
дан астам ғылыми еңбектің, жоғарға оқу орындарына арналған химия ғылымы бойынша 3
оқулықтың , 1983-1993 ж.ж. жарық кӛрген 2 орыс-қазақ терминологиялық сӛздіктің т.б. еңбектердің
авторы болып табылады.
Шайсұлтан Шаяхметұлы 1972 жылы Қазақ КСР-нің жоғарғы білім министірлігінде қызмет атқара
бастады. Білім инспекторы, жоғарғы білім басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 1977-1987
ж.ж Қазақ ҚСР-нің Министірлік Кенесінің ағарту ісі және денсаулық сақтау бӛлімінің меңгерушісі
болды.
1987-
1993 ж.ж. Шаяхметов Шайсұлтан Шаяхметұлы - Қазақстан Республикасының білім минис-
тірі қызметін атқарды. Ол Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш білім министрі қызметін аса
қызығушылықпен атқарды. Оған дәлел Шайсұлтан Шаяхметұлы Түркістан қаласында Ахмет Яссауи
атындағы мемлекеттік университеттің ашылуына және Қостанай қаласында мемлекеттік университет-
тің құрылуына кӛп үлес қосқан. Республика бойынша 20 жана жоғары оқу орындары ашылды,
сонымен қатар, 5 жоғары оқу орыны университет болып қайта құрылды. Басқарма, архитекторлық
және құрылыс, қӛркем ғылыми 3 академия ашылды. 20-дан астам жекеменшік жоғары оқу орындары
құрылды. Алғашқы рет білім жүйесінде 8 ғылыми-зерттеу институтары ӛз жұмыстарын атқара
бастады. Республикалық тестілеу орталығы ашылды. ―Білім банкі‖ атанған білім беру инновациялық
банкі құрылды. 1993-1994 ж.ж Қазақстан Республикасының премьер министірінің қенесшісі қызметін
атқарды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кенесінің XI-XIII съездерінің депутаты болып сайлан-
ды.1995 жылдан бастап мемлекеттік комитетінің тӛрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1998 ж.
наурыз айынан бастап баспасӛз және қоғамдық келісім министірлігінің республикалық мемлекеттік
тілді жедел меңгеру орталығының директоры қызметтің атқарды [3.Б.25].
Жоғарыда айтылған қызметтерді атқару барысында Шайсұлтан Шаяхметұлының ғылым мен
білім даму, қоғамның әлеуметтік-мәдени салаларына үлесі айқын. Шайсұлтан Шаяхметұлының
бастауымен білім саласындағы нормативтік құқықтық реформалардың негіздері қабылданған. Бірне-
ше заң жинақтары қабылданған. Қазақстан Республикасының ―Білім‖ және ―Жоғары оқу білім туралы‖
заңдары жарыққа шыққан. Білім берудегі барлық сатыларының концепциялары құрастырылған, оның
ішінде қазақ ұлттық мектеп концепциясы да қабылданған. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың 1992 ж. 15 маусымында тіркелген № 853 жарлығына байланысты ―1993-2003 ж.ж.
аралығындағы мемлекеттің білім саласына қамқорлық кӛрсету туралы ұлттық бағдарлама‖ қаулысы
қабылданды [4.Б.17].
1999 ж. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің оныншы сессиясы «Жоғарғы білім
туралы» заңды қабылдады. Осы құжаттың жарыққа шығуын бүкіл жұртшылық, әсіресе, жоғарғы оқу
орындарының қызметкерлері асыға күткен еді. [5.Б.28].Сонымен қатар күн тәртібіне қазақ және орыс
тілдерінде оқулықтар мен оқу құралдарының жаңа толқынын жасау мәселесі тұр. Кӛрініп тұрғандай,
жоғарғы оқу орындарының кӛп деңгейлі құрылымға кӛшуі үлкен оқу - әдістемелік жұмыс жүргізу
керектігін айқын аңғартады. Мұны жүзеге асырмаса бұл маңызды іс құр сӛз болып қалады.
Егемен еліміздің ертеңіне қажеті мамандарды барлық салада әзірлеуді шұғыл қолға алдық.
Жаңадан бірқатар институттар ашылып жатқан болатын. Мемлекетіміздің Президенті жанынан
Менеджмент, экономика және болжам институты отау тікті [6.Б.15].
Жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарларынан «Менеджменттің әлеуметтік – психологиялық
негіздері», «Адам және ӛндіріс», «Макроэкономика негіздері», «Бизнестік заң негіздері», «Жеке
адамды басқару», «Іскерлік байланыс дағдыларын дамыту», «Нарық жағдайындағы ӛзара қарым –
қатынас психологиясы», «Әлеуметтік саладағы бизнес және менеджер» секілді жүйелі курстар берік
орын алды. Министрлік қызметкерінен жылдар ӛте келе мемлекет қайраткерлерінен ӛз дарынымен
білім парасатымен, азаматтық қарым-тұлғасымен танылған, қызметтес болған жандар есінде
ӛшпестей із қалдырған азамат [7.6-7 б.].
Ол бір қиын кезең еді. Қазақстан егемендік алып, дербес саяси, экономикалық және әлеуметтік
реформалар жүргізе бастады. Дербес мемлекеттің мектепке арналған ұлттық оқу бағдарламалары,
жоғарғы білім берудің әдістемелері мен мамандықтар тізбегі, жоғарғы оқу орындарын қайта құру
мәселелері, Қазақстанда оқу-білім жүйесінің дамуының стратегиялық бағыттары, тағы да басқа
күрделі мәселелелер, оларды тиімді шешу. Оқу министрлігінің, министр Шаяхметовтың алдында
тұрды. Ал дұрыс шешу үлкен дайындықты, терең білімді, жоғарғы интеллекті талап етті. Міне,
осындай зор талапқа Ш.Шаяхметұлы толығымен жауап бере алды. Ұлттық мектептің ӛресі мен ӛрісі-
ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ.
КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ
СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ
94
кеше де, бүгін де, ертең де халық үшін кӛкейкесті мәселе.Ұлттық мәдениет болмаса ұлт сақталмайды,
ал ұлттық мектепсіз ұлттық мәдениетте, ұлттың ӛзі де сақталмайды. Мектеп ұлттың да, ұлттық
мәдениеттің де ӛмір сүруі мен дамуының негізі болып табылады. Ұлттық мектеп қашан да стратегия-
лық жалпы саяси мақсаттарға жетудің құралы болған. Сондықтан да ӛз алдында отау тіккен
Қазақстан Республикасының ең негізгі міндеттерінің бірі - ұлт мектептерін қайтадан түлетіп, ұлттық
мәдениетке сүйеніп қайта құру,балабақшадан бастап университетке дейін қамтитын біртұтас үздіксіз
бәлім берудің бүтіндей жаңа толыққанды білім жүйесін құру.
Республикада жүздеген шетелдік қазақ жастары оқып жүр.Тек, бір Монғолияның ӛзінен 500-ден
аса бауырларымыз мамандық игеруде. Жалпы ұлттық ұлы мұрат - жас ұрпақтың ана тілінде білім
қайнарынан еркін сусындап ӛсуі үшін жалпыұлттық береке-бірлік, қайрат-намыс, ұлы еңбек үрдісі
қажет. Ш. Шаяхметұлы басқарған саланың Президентіміз және үкімет тапсырған тағы да бір аса
жауапты міндеті болды. Ол – республиканың Тілдер туралы заңдарын орындаудың, әсіресе қазақ
білімін дамытудың жан –жақты қамдарын жасап, бағдарламаларын іске асыру жолындағы қӛп уақыт
қызмет етті. Әрине, бүгінгі тұрғыдан алғанда ана тіліміздің даму ӛрісі әлі де мардымсыз. Ал осы үл-
кен істі міндетіне алған Шайсұлтан Шаяхметұлы басқарған министрлікке алғашқы қадам жасау
оңайға түскен жоқ. Дегенмен керекті шаралар жасалды және олар нәтижесіз болған жоқ. [8.Б.25].
Ш.Шаяхметұлы министрліктен кеткеннен кейін басқа шаруаға бұрылмай, әртүрлі жанға жайлы
ұсыныстарды қабылдамай қазақ тілін әрі қарай дамытуға қалған ӛмірін арнады. Осы тілді жеделдете
оқытатын орталық құрды. Шайсұлтан Шаяхметұлы құрған «Қазақ тілін жеделдете оқу» орталығын
бүгін де жұмысын жалғастыруда [9.Б.33].
Президент Н.Назарбаевтың тікелей қолдауымен, Ш.Шаяхметовтың жетекшілігімен Түркістанда
Қазақ-түрік университеті ашылды. Бүгін бұл ірі де жетекші жоғарғы оқу орны. Ӛзінің туған ӛлкесіндегі
А.Байтурсынов атындағы Қостанай университеті мен Арқалық педагогика институтын дамытуға да Ш.
Шаяхметовтың қосқан үлесі зор. Ол істеген осындай ізгі істердің тізбегі мол. Біздер министіріміздің
жан –жақты, мемлекеттік тұрғыдан қалыптасқан кӛзқарасына, мәселені шешуіне, халқына деген
сүйіспеншілігіне, отанының жас түлектерін оқытып, тәрбиелеу жұмысындағы ерен еңбектеріне риза
да болатынымыз және де тынымсыз ізденістеріне таң қалатынбыз. Халыққа білім беру жүйесіне
қосқан зор үлесімен Ш. Шаяхметов ұлттық деңгейдегі тұлаға айналды, осындай азамат ретінде
біздің тәуелсіз еліміздің тарихына мәңгілік орын алады [10.Б.48].
Шайсұлтан Шаяхметұлының атын ел есінде қалдыру туралы жан-жақты шаралар жасалып
жатыр. Оның есімі ӛзі есігін алғашқы ашқан Сұлукӛл орта мектебіне берілді. Әулиекӛлде оған
арналған кӛше бар, ол сол ауданның құрметті азаматы. Осындай ұлы ӛмір кӛшінде абзал азамат,
рухы биік қоғамдық қайраткер, Қазақстан оқу-білім жүйесінің дамуына үлесін қосқан Шайсұлтан
Шаяхметов есімі замандастар, ұрпақтар есінде мәңгі қалатынына біздің ешбір күмәніміз жоқ.
Біздің еліміз шет елдерде білім алған білікті де тәжірибелі деген ұстаздар, тәрбиешілер,
ғалымдар, тіпті кәсіби мамандармен қамтылған. Олардың ішінде әлемді экономикасы мен мәдениеті
жағынан ӛзіне қаратып отырған ілгері елдер – АҚШ, Түркия, Қытай, Жапония, тағы басқалар елдер
бар. Ертеректе шетелде бірен-саран оқитын жастарымызды айтып, дәтке қуат ететін еді. Ал қазір
ше? Бес мыңнан аса жастарымыз әртүрлі мамандықтарды игеру мақсаттарында шетелдерде оқып
жатса, жүздеген ғалымдарымыз тіпті кәсіби оқу орындарының түлектері де мамандықтарын терендету
мақсатына шетелдерге барып оқып жүр. Бұл жӛнінде біз қазір Ресеймен тайталасып қаламыз. Ал,
керісінше, шетелдерден екі мыңдай студент келіп республикамыздың әр облысындағы жоғарғы оқу
орындарында оқып жүр. Шетел профессорларының біздің университеттерге келіп, дәріс беруі,
тәжірибе алмасуы дәстүрге айналды. Мұның бәрі ӛзінің айтқандай білім беру жүйесінің әлемдік
деңгейге жету мақсатындағы алғашқы қадамдар [11.Б.10].
Ш. Шаяхметовтың ойынша халыққа білім беру жүйесінің қазіргі негізгі міндетінің ӛзі де –
студенттерді ескі сарынмен оқытуды тоқтату, ескі сүрлеуден шығару. Бұл құбылыс балабақшадан
басталады. Балабақшаны мектептен, ал мектепті, техникумды жоғары оқу орнынан бӛліп қарауға
болмайды. Әртүрлі оқу орындарының ашылуының ӛзі де –ескі сүрлеуден шығудың жолы.
Жоғары мектепті дамыту реформасының нәтижелері мынандай республикамыздағы бұрынғы
түрлі оқу орындары негізінде Қазақ педагогика университеті, Шығыс Қазақстан университеті, Алматы
экономика университеті, Түркістан университеті, Алматы автомобиль жолдары институты мен
Шымкент денешынықтыру институты, сондай-ақ дербес 3 филиал ашылды. Сонымен қатар, терең
білімді қажет ететін 20-дан астам жаңа мамандық алуға мүмкіндік туды.
Аса білікті мамандар даярлау мақсатында министрлік АҚШ, Германия т.с.с. ірі мемлекеттер
мүдделі болып отырған он сегіз халықаралық білім бағдарламасын жүзеге асыруға кірісіп кетті
[12.Б.67].
Тәрбие, білім беру ісіне ата-аналардан бастап, жаппай жұртшылықтың тікелей қатысы бар.
Оқыту – ортақ іс. Халыққа білім беру – қай-қай заманан болсын мемлекет қайраткерлерінің қалың
бұқара қауымға қаратып істейтін ең маңызды, бірінші кезектегі шаруасы. Білімсіз, сауатсыз халық жәй
әншейін тобыр ғана. Ата-бабамыз жұрттың сауатын ашудың ең күрделі мәселе деп қарағаны мәлім.
ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ.
КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ
СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ
95
Халыққа білім беру министірлігі халыққа білім беру жүйесін қайта құру талаптарына сай ұлт
мектептеріндегі оқытудың мазмұны жаңарту, пәндердің тұжырымдамасын жасау, ұлт мектептерін,
әсіресе, ауыл мектептерін жергілікті экономикалық, экологиялық этнопедагогикалық және ұлттық
ерекшелерді ескере отырып, тектес пәндерді интерграциялау тәсілімен жасалған тӛл оқулықтармен,
оқу - әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету сияқты келелі мәселерді қолға алуда.
Қазіргі таңда мектеп бағдарлы білім беруге ұмтылады. Мектептің білім жүйесі сапалық жаңару-
ларға түсіп, ұстаздар қауымы түрлі ізденіс – тәрбиеге алғашқы қадамдар жасады.Тереңдете оқыта-
тын пәндерге де оқу құралдары жазылуда. Бұл мектептің басты мақсаты – мұғалімдердің шығармашы-
лық мүмкіндіктеріне кең ӛріс аша отырып, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай туғызу. Осы
бағытта құраған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мектеп интернатының да
маңызы зор. Қазір мұнда 500 астам талантты оқушылар білім алуда [13.Б.23].
Білім мазмұнымен әдіс тәсілдерін түбегейлі жақсарту мақсатында «Дарынды балалар» кешенді
бағдарламасы, «Қазақ ұйғыр тілінде білім беретін мектептерде эстетикалық білім беру»,
«Эксерименттік мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде балаларға адамгершілік –эстетикалық
тәрбие беру» республикалық бағдарламасы және «Ауыл мектебі» бағдарламалар жасалды.
Жалпы орта білім беретін қазақ мектептеріндегі білім, тәрбие жүйесін оқу әдістемелік тұрғыдан
жақсарту, мектеп мазмұнын ұлттық, халықтық дәстүр, тәлім негіздеріне қарай бағдарлау жұмыстары
негізге аспақшы.
Мұнда елеулі оң ӛзгерістер бар. Қазақ мектебінің тұжырымдамасын дарынды балалар іздеп
табу оларға жағдайлар жасап, оқыту жӛнінде бір қатар шаралар. Қазіргі заманның сынына тӛтеп беру
-
уақыт талабына сай әрекет етуді кӛздейді. Осы бағытта жастардың халық, ұлт мүддесін қорғау,
тұрғысында азаматтық тұлғасының қалыптасуы оның берік білім – білігін қажет етеді. Жастардың
ӛміртанымдық қағидалары жетік менгеруі қажет. Осы тұрғыда ұлттық таным – тәрбие негіздерін
бойына сіңірген ұрпақ елдің болашағы болмақшы. Түп – тиянақты ұлттық ұғым, таным, тәрбие
негіздерінен сусындағы жас ұрпақ әлем дүниетанымыен ӛз қабілетін шебер үйлестіре іс істеуі қажет.
Ана тілі - әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, кӛзінің қарашығындай кӛретін қастерлі дүниесі, асыл
қазынасы. Ол атадан балағы, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып отырған. Қоғамдағы ішкі, сыр-
ұрпақтан қатынастар қарай тілдің жойылып, тіршілік тӛрінен түсіп қалғандарды да, сӛйтіп «ӛлі»
тілдердің қатарынан орын алғандары да аз емес. Не болмаса заманның ағымын сай ӛркендеп, қайта
дамыған тілдер санатына қосылғандары да баршылық. Бұған тарихи ӛмір шындығы айғақ [14.Б.41].
Тіл үйрену, тіл ұстарту, тіл мәдениеті, сӛз сырына үңілу, сӛз қадіріне жету, сол арқылы күллі
әдеби-мәдени мұрамызды меңгеру – рухани сұлулықтың, барлық эстетикалық байлықтың бастапқы
негізі.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – жан-жақты және жарасымды дамыған адамды тәрбиелеуге
септігін тигізетін эстетикалық мұраттарды, талап-талғамдарды қалыптастыру, социалистік ӛмір салтын
жетілдіруде эстетикалық мүмкіндіктерді мейлінше молынан пайдаланады [15.Б.13].
Республикамыздың тіл жӛніндегі Заңын іс жүзіне асыру, қазақ тілінің мемлекет тілі ретінде
қолданылу аясына кеңейту, оның қоғамдық-әлеуметтік, саяси мәнін кӛтеру әлі кӛп жұмысты, қажыр-
қайратты қажет етеді. «Жұмыла кӛтерген жүк жеңіл» дегендей, мұнда халыққа білім беру қызмет-
керлерінің, ғылыми жұртшылықтың, барша зиялы қауымының қосар үлесі қомақты болуға тиісті.
Шайсұлтан Шаяхметов бойындағы адамгершілік қассиеттер, болашақ жастарға үлкен үлгі. Артында
қалдырған ғылыми жұмыстары мен ӛлең шығармалары рухани қазына.
Әлі де Шайсұлтан Шаяхметұлының туралы кӛптеген жылы лебіздер айтуға болар еді. Бұдан
кейін де айтылады, ол туралы жылы сӛздер үзілмейді. Жылдар ӛтеді, оның ӛміріндегі жақсылық пен
жамандық, куаныш пен ӛкініш, барың мен іздегенің тарих қойнауына кетеді. Келесі ұрпақтар ӛткеннің
жемісін ӛз елегінен ӛткізіп, керегін жаратып жатады. Осындай ұлы ӛмір кӛшінде абзал азамат, рухы
биік қоғам қайраткері, Қазақстан оқу – білім жүйесінің дамуына үлкен үлесін қосқан Шайсұлтан Шаях-
метұлының есімі замандастар, ұрпақтар есінде мәңгі қалатынына біздің ешбір күмәніміз жоқ.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Қозыбаев М.Қ. Ғұмырнама жанрын зерттеу мәселелері //Отан тарихы 2000 ж.
2.
Сағадиев К. Ұлттық деңгейдегі тұлға Алматы, 1999 ж.
3.
Шайсүлтан Шаяхметов – қоғам қайраткері, тұлға, азамат Алматы,2002
4.
Сатыбалдин С.Елін сүйген ақиық азамат //Егеменді Қазақстан 1999 ж.12 наурыз
5.
Жәнібеков Ш. Шайсултан Шаяхметович Шаяхметов Жас Алаш 2000 ж.20 маусым
6.
Сүлтанғазин Ӛ.Кӛкейде қалған ұмытылмас жарқын бейне Алматы,2002
7.
Балахметов К. Слово о Шайсултане Шаяхметовиче Шаяхметове //Казахстанская правда,
2001 ж. 9 қырқүйек
8.
Катаев Т. Сын казаха //Қостанай таңы 1999 ж. 15 сәуір
9.
Сағдиев М. Ақырын жүріп, анық басқан жігіт Алматы,2002 ж.
|