ӘОЖ 94(574):329=512.122 Жуматова Г.М. (Қарағанды, ҚарМТУ)
Туралыкова Б.С.( Қарағанды, ҚарМТУ)
АЛАШ АРЫСТАРЫ ИДЕЯСЫ - ЕСЕП ПАРТИЯСЫН ҚҰРУ
Кез келген өркениетті ел өз тарихының тамырын тереңнен іздестіреді. Тарихының бастауын ежелгі дəуірлерден тартқан мемлекет мызғымас саяси-идеологиялық сана қалыптастыра алатындықтан, онда ұлттық құндылықтар негізінде қоғамдық келісім жəне демократиялық өрлеу, нарық пен ғылым байланыстары дамиды. Сондықтанда ұлттың келешегі мен болашағы үшін өткенге бет бұру, одан сабақ алудың маңыздылығы ешқашан төмендеген емес. Қазақстан Республикасы тəуелсіздігін жариялағаннан кейін қазақ халқының бұрын «ақтаңдақ» болып келген тарихы қайта жазылып, сан алуан мəселелер заман талабына сай өзінің ғылыми бағасын беру үрдісі жүргізіліп жатыр. Əсіресе Қазақстанның ортағасырлық, жаңа жəне қазіргі заман тарихында орын алған көптеген мəселелер қайтадан қарастырылып, іргелі еңбектердің зерттеу нысанына алынды. Тарих тағылымын санада жаңғырта отырып, ұрпақтар сабақтастығын қалпына келтіру үрдісі өзекті сипатқа ие. [1, б.3]
Біздерге үлгі-өнеге алатын алдыңғы толқын ағалардың кешегі тоталитарлық жүйе қысымындағы азаматтық ерліктері, елдік жолындағы қызметтері өшпес өнеге. Заманына сай мұздай қаруланған Ресей империясының əскері көтерілісті басып, халықты қырғынға ұшыратты. Осы кезеңде қарудың күшін ғылым мен білім орнын алмастырған қазақ зиялылар шоғыры тарих сахнасына шықты. Əлемдік империалистік мемлекеттердің қулық ойларын алыстан түсінген, зиялы қауым өкілдері қазақ халқын оқу оқып, білім іздеуге, өнер үйренуге бір сөзбен — көкірегі ояу, көзі ашық болуға шақырды. Ұлт зиялылары мұсылманшыл түркі жəдитшілдігімен толық сабақтастық таба білді.
Ойларын іске асыру үшін, жеке партия жəне оның өз органы - газет, журналы болды. Əр партияның мүшелері, ұлт зиялылары пікірлері əр түрлі болғанымен, бəрінің алдына қойған көксеген ой - арманы мен мақсаты біреу-ақ — егеменді ел болып, тəуелсіздікке жету. Солардың ішінен айрықша көзге түскені Алаш партиясы болды. «Алаш» партиясы 1917 жылы 21–26 шілдеде Орынбор қаласында Жалпықазақтың съезінде құрылды. «Алаш мұрасы» сериясын жарыққа шығарушы авторлар ұжымы «Алаш» терминіне: «Алаш (ежелгі түрік сөзі - бауырластар, қандастар, туыстар) - көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым. Орта ғасырлық жəне одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпалардың ортақ атауы. «Алаш» сөзі қазақ атауының баламасы ретінде берілген. «Атамыз - Алаш, керегемі - ағаш» деген қазақ халқы ұлттық тəуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі «Алаш» ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды. Алаш партиясының заңды мұрагері, Қазақтың тұңғыш ұлттық мемлекеті 1917 жылы желтоқсанның 5–13 күндері аралығында Орынбор қаласында Жалпықазақтың ІІ Съезі Алашорда ұлттық үкіметі құрылып, жабық дауыс беру нəтижесінде Əлихан Бөкейхан — Ұлт Кеңесінің Төрағасы болып сайланды. Алаш зиялыларының алдыңғы жəне кейінгі буынының ойлаған ойы, іске асырамын деген армандары үзілмей жеткен тарихи сабақтастық арқылы Қарағандыда «Елін сүйген ерлер партиясы», Батыс Қазақстанда «Қазақ халқын қорғаушылар одағы», Мəскеудегі «Жас тұлпар», Керекудегі «Жас ұлан», Хасен Қожа-Ахмет құрмақ болған «Жас қазақ» секілді ұйымдармен жаңғырып жəне соңғы Желтоқсан көтерілісінің қылмысымен асқақтады. Алаш идеясы үшін күресті кеңестік билік жағдайында жалғастырған қоғамдық ұйымдар мен жеке азаматтардың қызметі арқасында Тəуелсіздікке жетудің жолдары жатыр. [3,б. 88]
Қазақстан Республикасының мұрағат құжаттарын сараласақ, жастардың бір ғана Қарағанды өңірінде ХХ ғ. 40-жылдардың басында Қарағандыдағы екі жылдық мұғалімдер инсититутына түскен студенттердің «ЕСЕП - Елін сүйген ерлер партиясын» мысал етіп алсақ та жетеді. Дана халқымыз: «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы», - деп бекер айтпаған. Өзінің ізденімпаздығы жəне ұстазының жеке кітап қорынан Алаш көсемдерінің бұрын көрмеген, оқымаған кітаптарымен танысты. Ол кітаптар Ахмет Байтұрсыновтың «Маса», «Қырық мысал», Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» жəне Сəбит Мұқановтың «ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті», 1-бөлім, «Ұлтшылдық дəуірі» («Қазақстан» баспасы, 1932, Қызылорда) латын əрпімен шыққан кітабы. Аталған кітаптарды, оқуға тыйым салынған оқулықтарды студентерге тараттың деген жала Айтбай Нəрешовтың алдынан шығып, азап шеккен азаматтар қатарына қосылды. 1937–1938 жылдары жаппай ұлт зиялыларын репресияға ұшыратқаннан кейін, бір партиялық жүйемен қабаттаса, ұлттық тəуелсіздікті армандаған, ЕСЕП партиясының болғандығын ҚР ҰҚК құжаттарында: «Искаков и Темиров в период учебы в Нуринской средней школе, а затем в 1940– 1942 годах в Карагандинском учительском институте создали антисоветскую националистическую организацию «ЕСЕП» (партия героев, любящих Родину), которая своей задачей ставила отторжение Казахстана и республики Средней Азии от Советского Союза и создания на их территории буржуазного государства; проводили среди казахской молодежи антисоветскую агитацию, читали контрреволюционную литературу», - деп көрсетіледі. Осы құжаттарды саралап, ЕСЕП партиясы тарихын төрт кезеңде бөліп қарастыруымызға болады:
- қалыптасу кезеңі - 1940–1942 жылдары;
- даму кезеңі - 1944–1951 жылдары;
- шарықтау кезеңі - 1960–1964 жылдары;
- тарихи сабақтастық кезеңі - тəуелсіздікке қол жеткізу. [2,б. 2]
Екінші даму кезеңі, 1944-1951 жылдары ұлттық тәуелсіздік үшін жүргізілген үгіт – насихат нәтижесіз болмады. Оның дәлелі, әділетсіз қоғамға қарсылық кейінгі буыннан Қарағандыда қолдау тапқанын: «1944 жылдың тамыз–қазан айларында өмірге әлі келмеген «Елін сүйген ерлер партиясы» (ЕСЕП) партиясының белсенділері ретінде «Советтік Қарағанды» газетінің қызметкері Бейсембай Жақсылықов, облыстық драма театрында істейтін Зейнолла Әбілдин, Жамбыл Рүстемов, «Социалистік Қазақстан» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі Жаппар Өмірбеков Қарағанды облыстық ішкі істер (НКВД), мемлекеттік қауіпсіздік (КГБ) басқармалары тарапынан тұтқындалады», – деп көрсетіледі. [1, б.304]
Үшінші шарықтау кезеңі, 1960-1964 жылдары Қарағандыда «ЕСЕП» партиясының идеясы жанданып, жоғарғы оқу орындарында кеңестік өкіметке қарсы үндеулер мен ұран-парақшалар шыға бастады. Осы жылдардағы қарсылық туралы, мұрағат құжаты №12-іс айыптау қорытындысының деректерінде, ұйымдастырушылары Зейнулла Игиликов пен Камель Жунусов.
Төртінші тарихи сабақтастық кезеңі - Тәуелсіздікке қол жеткізу. ЕСЕП (Елін сүйген ерлер партиясы) партиясында болған азаматтардың фото суретері мен құжаттары Тәуелсіз Қазақстан болашағы жастарды тәрбиелеу мақсатында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музей экспозициясында ашылған «ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы Қазақ зиялыларының тағдыры» залына қойылған.
Қорыта айтқанда, саяси қуғын сүргін құрбандарын жыл бойы естен шығармауымыз, тарихта болған ақтаңдақтарымызды қайта қайталамас үшін кейінгі жас ұрпаққа сабақ болу керек. Өйткені тарихи тұлғалардан сабақ алмай, тарихи тұлғалардың ерен істерін мұрат тұтпай мемлекет басқаруда жəне саясатта үлкен дəрежеге жету мүмкін емес. [3,б. 87]
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Төлепберген Б. Мəңгі жас Алаш идеясы: Публицистикалық зерттеулер мен мақалалар. — Алматы: Алматы баспа үйі, 2008. — 304 б.
Ержұман С. Алаш идеясы жəне «ЕСЕП» партиясы // Егемен Қазақстан. — 2011. — 23 ақп.
Жағыпар Ə.Б. Бүркіт Ысқақов — «ЕСЕП» партиясының негізін қалаушы // «Тұғырлы тəуелсіздік — ғұмырлы ұрпақ кепілі» атты респ. ғыл.-тəж. конф. материалдары. — Жезқазған, 2011. — 86, 87-б
Заявка на участие в Межвузовской научно- практической конференции
«Алаш қозғалысы : ұлттық интелегенция және сталиндік қуғын-сүргін»
1.Ф.И.О. докладчика( полностью) : Жуматова Г.М., Туралыкова Б.С.
2.Ученая степень, звание :
3.Должность, место роботы: преподователь (КарГТУ)
4.Служебный адрес: Бульва Мира, 56
5.Контакный телефон, факс, e-mail: 87083556286 jumatova.86@mail.ru
1;2;3 ( для содокладчиков)
6.Названия доклада: Алаш арыстары идеясы – есеп партиясын құру
7.Форма участия (очная, заочная) : очная
Подпись Дата
Достарыңызбен бөлісу: |