Орталық банктің банктерінің қызметі- олорталық банктің кәсіпорындарға және халыққа тура қызмет көрсетпеуі,яғни орталық банктің негізгі клиенті коммерциялық банктер болуы.Бұл оның коммерциялық банктерден айырмашылығы.Орталық банк коммерциялық банктердің кассалық қорларын жинақтау және сақтау қызметін атқарады.Бұл корлар банктік міндетті резерв қорлары деп аталады. Орталық банк банктердің депозиттері бойынша міндеттемелерінің ең аз міндетті резервтеріне арақатынасын ,яғни міндетті резервтердің нормасын бекітеді.
Орталық банктың ақша-несие саясты деп оның айналымдағы ақша массасын,несие көлемін, проценттік мөлшер деңгейі мен ақша айналымындағы және қарыз капиталы нарығындағы басқа көрсеткіштерді өзгертуге бағытталған іс-шаралардың жиынтығын айтады.Ол саясаттың мақсаты-ақша айналымы мен несие жағдайына әсер ету арқылы шаруашылық конъюктурасын реттеу.Ақша-несие саясаты иә несиеге және ақша эмиссиясына жағдай жасауға,иә оларды іркуге және оларды шектеуге(несиелік рестрикция)бағытталады.Өндірістің дағдарысы және жұмыссыздықтың күшеюі жағдайында орталық банк несие беруді кеңейту және проценттерін азайту арқылы өндірістің жандануына себепші болады.Керісінше,экономикалық өрлеу кезінде кездесетін алыпсатушылық,бағаның өсуі,үйлемсіздікті болдырмау мақсатында орталық банк несиеге шек қою,проценттік төлемді жоғарылату,төлем құралдарын шығаруды тежеу т.с.с шаралар жүргізеді.
Әдебиеттер Банковское дело / Под ред. Сейткасымова Г.C.-Алматы: Қаржы – Қаражат, 1998.
Банковское дело / Под ред. Лаврушика О.И – М: Финансы и статистика, 1998.
Банковское дело / Под ред. Колесникова В.И – М: 1999
Мақыш С.Б Коммерциялық банктер операциялары – Алматы: Издат. Маркет. 2004 жыл.