Жауаптар: 1. Бұл жағдай E. Coli туындаған ауруханаішілік инфекцияның пайда болуын көрсетеді.
2. Инфекция көзі медициналық персонал болып табылады (мүмкін-медбике)
3. Бұл инфекцияның берілу механизмі: байланыс
Берілу факторлары: медицина қызметкерлерінің қолдары, жеткіліксіз зарарсыздырылған медициналық құралдар, таңу материалдары.
4. Ошақтағы эпидемияға қарсы іс-шаралар алгоритмі: операциядан кейінгі кезеңде іріңді-септикалық аурулармен асқынған науқастарды арнайы бөлімшелерге (секцияларға), палаталарға уақтылы анықтау және оқшаулау;
патогенді стафилококк тасымалдаушыларын уақтылы анықтау және оларды санациялау;
емдеу-диагностикалық емшараларды жүргізу кезінде асептика мен антисептиканы сақтау (зарарсыздырылған медициналық құрал-саймандарды, таңу материалдарын пайдалану);
медициналық персоналдың қолын және операциялық алаңды зарарсыздандырудың тиімді шараларын қолдану; қоздырғыштардың берілу механизмінде маңызды мәні бар сыртқы орта объектілерін дезинфекциялау (төсек-орын жабдықтары, ауа, ыдыс, жинау мүкәммалы); стерилдеу және дезинфекциялау сапасын бағалау, персоналдың қолын өңдеу рәсімдері; ағымдағы және қорытынды дезинфекцияны бақылау; қоршаған орта заттарын бактериологиялық зерттеу, оның ішінде ауаны зерттеу.
5. E. Coli бактериясы бөлінген пациенттерге қатысты іс-шаралар. - науқастарды жеке палатаға оқшаулау.