14.Науқасты жалпы қарап тексеру. Ауру ағымындағы басты симптомдар жиынтығын анықтау. Анамнезді дұрыс және мұқият жинау.
15.«А», «Е», «В», «С», «Д» вирусты гепатиттер. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Негізгі клиникалық симптомдары мен синдромдары. Асқынулары. Диспансерлік бақылау. Алдын алу. Алғашқы көмек көрсету. Тексерудің негізгі принциптері. Саралау диагностикасы. Зертханалық диагностикасы. Емдәммен емдеу, күтім жасау.
Вирусты А гепатит- барлық гепатиттердің ішінде 60-90% құрайды.
А вирусты гепатит қоздырғышын 1973 жылы С.Файнстаун ашқан.
Қоздырғышы-гепатит А вирусы гепадновирустар тобына жататын РНК-лы ликорнавирустар. Қайнатқанда 5 минутта өледі, кептіргенде 1 айға дейін төзімді.
Инфекция көзі – ауру адам және вирустасымалдаушы.
Беріліс механизмі – нәжіс-ауыз механизмі.
Иммунитет. Ауырғаннан кейін тұрақты иммунитет сақталады.
Эпидемиологиялық ерекшеліктері:
•А вирусты гепатит аурумен сырқаттанушылық әр 4-7 жылда өсіп тұрады.
Вирусты А гепатит ошағында індетке қарсы шаралар:
1)Ауруларды клиникалық қажеттілікке сәйкес ауруханаға жатқызу.
2)Аурумен қатынаста болғандарды 35 медициналық бақылау апта сайын дәрігерлік тексеру – сұрау, сыртқы тері мен шырышты қабаттарын, бауырды тексеру, күнделікті термоиметрия, нәжісті зәрді бақылау, қажет болса қанды биохимиялық әдіспен тексеру.
3)Медициналық бақылау кезінде балаларды топтан-топқа, палатаға, мекемеге ауыстыруға, жаңадан балаларды қабылдауға тыйым салу.
4)Бала-бақшада, жабық балалар мекемелерінде бірге тамақтанатын ұйықтайтын жағдайда, ауруды ауруханаға жатқызғаннан кейін қорытынды дезигфекция жасау.
5)Ыдыстар, төсек заттарын 1% кальций гиплохлориді ертіндісінде 60 мин., ойыншықтарды -1 % кальций гиплохлориді ертіндісінде залалсыздандыру.
Зертханалық диагностикасы:
1)Иммуноферменттік анализ (ИФА) серологиялық маркерлерді анықтау;
2)Процестің белсенділігінің зертханалық көрсеткіштері: аспарагинді және аланин аминотрансферазасын (АСТ және АЛТ) анықтау.
Вирусты Е гепатит
Вирусты Е Ауру А гепатитіне ұқсас жүреді. Жүкті әйелдерде ауыр болады, 10-20%-да ауру өліммен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |