Байланыс ақпараты: кафедраның мекен-жайы Маресьев к-сі 68, бас ғимарат, 6 этаж (оң жақ қанат), электронды мекен-жайы epidemiologiya_623@mail.ru.
Пән саясаты. Оқу процесінде білім алушыларға қойылатын кафедраның жалпы талаптары:
- студенттердің сыртқы көрінісі: ұқыпты киіп, халат, колпак, бетперде және екінші аяқ киім болуы керек.
- сабақ барысында парасаттылық қағидаттарын сақтау: біздің университеттің академиялық адамгершілік және адалдық ұстанымдарын ұстана білу, оқуға, өзіне және қоршаған әлемге адал және әділ көзқарас; білімді жетілдіруге ұмтылу, өз азаматтық ұстанымын ашық көрсету және құқық бұзушылықты болдырмау, айырмашылықтарына қарамастан, айналасындағыларды құрметтеу. Кафедраның рухани және материалдық құндылықтарына ұқыптылықпен қарау. Сабақтар мен емтихандар кезінде шпаргалкаларды, ұялы телефондарды қолданбау. Сабаққа кешігуге болмайды.
-барлық жіберілген сабақтар келесі оқу аптасынан кешіктірілмей және кезекті межелік бақылауды тапсырғанға дейін міндетті түрде өтелуі тиіс. Дәлелсіз себептермен жіберілген кезде 0,8 коэффициентке бағасы төмендетіледі. Өтеу күні – әр аптаның сәрсенбі күні сағат 15.00 ден 17.00ге дейін.
- емтиханға жіберілмеу критерийлері: бұл - оқу ақысын төлеу бойынша берешегі бар және үлгерімді ағымдық және аралық бақылау нәтижелері бойынша анықталатын рұқсат рейтингінің төмен деңгейі (50 баллдан төмен) бар білім алушылар.
Айыппұл шаралары: - білім алушы оқу тәртібін бұзған жағдайда кафедра іс-шаралар қабылдау үшін факультет деканатына қызметтік хаттар жіберуге құқылы.
. - Ар-намыс Кодексінің тармақтарын бұзғаны үшін-сөгіс жариялаумен тәртіп бойынша бағаны жою.
1. Кіріспе.Жұқпалы инфекция эпидемиологиясы – бұл жалпы ғылымның негізгі бөлігінің бірі. Сондықтан паразиттер мен оның иесінің популяцияларының өзара әрекеттесуінің биологиялық мәнін зерттеу ғана емес, сондай-ақ сипаттамалық, аналитикалық сипаттағы популяциялық әдістерді қолдану қажет. Эпидемиологияны жаңа сатыда зерттеу эпидемиологиялық зерттеулерден алынған нәтижелерді статистикалық өңдеуді жүзеге асыру үшін профилактикалық препараттардың тиімділігі мен қауіпсіздігін және скринингтік тесттерді бағалауға көмектеседі, бұл олардың елдегі денсаулық сақтау мекемелеріндегі болашақ қызметінде қажет.